Трансплант
(лат. transplantation – көшіріп отырғызу) – жаңадан дайындалған
қоректік ортаға отырғызылған, өсіп тұрған каллустың бір бөлігі.
Трансплантант
– эмбрион тасымалдау əдісі арқылы алынған жануар.
Транспозондар (жылжымалы генетикалық элементтер)
(лат. transposition –
орын аустыру, ағ. transposon) – құрылымы жəне генетикасы жағынан жеке ДНҚ
бөлшектері; жасуша геномындағы орнын ауыстыруға қабілетті.
Трансформация (трансгеноз)
(лат. transformation – айналу, trans – арқылы, гр.
Genos) – шығу тегі бөтен генетикалық информацияны жасушаға енгізу.
Триплоид, тетраплоид
(лат. tres – үш, гр. tetra – төрт) – үш, төрт еселенген
хромосомалар жиынтығы бар ядро, жасуша, организм.
Тұқым бүршігі (тұқым бастамасы)
( ағ. ovule) – дəнді өсімдіктердің
түйініндегі жасушалық құрылымы, одан дəн өсіп жетіледі.
Түйін
(ағ. ovary) – өсімдік гүлі аналығының төменгі, жуандаған қуыс бөлігі;
өсімдіктің аналық мүшесіндегі тұқым бүршіктері орналасқан бөлігі.
Тітіркенгіштік
– жасушаның сыртқы əсерлерге жауап беру мүмкіндігі,
немесе сезімталдығы.
У
Универсальды блок
– эмбриокультуральды зерттеулер жүргізуге қажетті
барлық құрал-жабдықтар мен қондырғылары бар, оқу аудиторияларымен жанаса
орналасқан, жеке бөлме.
Ұ
Ұрғашы реципиент
– эмбриондардың (трансплантант) əрі қарай жетіліп-
дамуын қамтамасыз ету үшін, оны басқа (бөгде) ұрғашының жыныстық жолына
(жатырына) қондыруға арналған аналық (синонимдер: суррогатты шеше, өсіруші
аналық).
Ұрық қапшығы
( ағ. embrio sac) – аналық гаметофит, ұрық қалтасы гүлді
өсімдіктердің тұқым бүршігінің орталық бөлігі, мұнда жұмыртқа жасушалары өсіп
жетіледі де, ұрықтануы жүреді.
Ұрықтанған ооциттер
– экстракорпориалдық ұрықтандыру жолымен немесе
жай ұрықтандырылған аналықтың жатырынан шайып алу арқылы алынып,
бағаланған ооциттар.
Достарыңызбен бөлісу: |