36
қалыптастыру (оптимизация) жəне тұрақтандыру (стабилизация) əдістерін
қалыптастырумен байланысты болады.
Жасушалар дақылдарының бағалы фенотиптік
белгілерін ұзақ уақыт
аралығында сақтап қалуы да шешімді талап ететін мəселелердің бірі болып
табылады. Осындай шешімнің бір жолы – қалыпты диффенцияланған жəне
трансформацияланған жасушаларды біріктіру нəтижесінде түзілген, гибридті
жасушаларды алу болып табылады. Мысалы, қалыпты лимфоциттер мен миеломды
жасушаларды біріктіруден алынған гибрид, дақылдану үдерісінде шексіз өсуге жəне
белгілі антиденелер синтездеуге қабілетті болып келеді. Гибридомды əдісі – бір ғана
антигенді детерминантқа қарсы бағытталған жəне жоғары спецификациялық, бір
жасушаның ұрпағы түзетін моноклональді антидене алуға мүмкіндік береді. Қазіргі
кезде моноклональді антидене өндірісі биотехнологияда маңызды орын алады.
Моноклональді антиденелері – ферменттер мен ақуыздардың полиморфизмін,
өсуді реттеу механизмін, денелік (сомалық) жасушалардың пролиферациясын,
сəйкессіздіктің антигендерін, дифференцияланған жасушалардың əртүрлі типін
сипаттайтын антигендерді зерттеу мақсаттарында пайдаланылады.
Моноклональді антиденелердің тағы бір практикалық маңыздылығы –
диагностикалық, емдік жəне профилактикалық заттар ретінде, биологиялық активті
заттардың таза дəрмектерін (лейкоциттік интерферон) алуда қолданылуы.
Гибридомдық əдістің
қолданылуына байланысты, оның өндірістік маңыздылығы
жөнінде американдық қаржылық мекемелерінің деректері бойынша мынадай
фактілерді келтіруге болады: 1987 жылы моноклональді антидене негізіндегі
даиагностикалық дəрмектерді өндіруге 500 млн. доллар, ал 1990 жылы
тек қатерлі
ісік (рак) ауруларының диагностикумдарын алуға 2 млрд. доллар қаржы
жұмсалынған. Ғалымдар көптеген қан ауруларына да қарсы күрес жүргізуде, осы
мəселені шешудің бір жолы – “қолдан қан жасау” болып есептеледі.
Биотехнология жетістіктері мал шаруашылығында да қолданылады. Бұл
бағытта аурулардың алдын алу, диагностикалау жəне моноклональды антиденелерді
пайдалана отырып емдеу, мал тұқымдарын генетикалық тұрғыдан жақсарту сияқты
жұмыстарды айтуға болады. Қазіргі кезде малдарды қолдан ұрықтандыру
мəселесінде де биотехнология əдістері кеңінен қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: