35
жергілікті-әлеуметтік және қызметтік
қатынасына байланы-
сты өмір сүруі. Әлеуметтік лингвистикада тілдік жағдаят негізгі
ұғымдардың бірі болып саналады, біз оны кейінгі тарауда арнайы
қарастыратын боламыз.
Тілдік жағдаяттың мынадай негізгі әр түрлі белгілері болады:
сандық, сапалық, баға беру.
Тілдік жағдаяттың сандық белгілері:
1)
тілдер саны;
2) тілдерде сөйлеушілер саны (сөйлеушілердің демографиялық
қуаты);
3) қоғамдық өмір салалары ішіндегі тілдердің қолданылу
салаларының саны;
4) қолданылуы басым тілдер саны.
Тілдер санына қарай – монокомпоненттік және поликомпонент-
тік тілдік жағдаят түрлері ажыратылады. Жалғыз тілден тұратын
тілдік жағдаят өте сирек кездеседі (мысалы,
мұндай жағдай Ис-
ландияда бар).
Демографиялық және қолданыс қуаттылығына қарай қуаты
тең және қуаты әралуан тілдік жағдаят болады. Мысалы, Белги-
яда тепе-теңділік тілдік жағдаят қалыптасқан (француз және ни-
дерланд тілдері). Батыс Африка елдерінде теңестірілмеген тілдік
жағдаят орын алып отыр (жергілікті
тілдерде сөйлеушілер саны
көп болса да, еуропалық тілдердің байланыс қуаты жоғары).
Достарыңызбен бөлісу: