134
Орыстар аймақ халқының 9,7 пайызын құрайды. Олардың 55,6%
қалада, 44,4% ауылда тұрады. 45,1% ер, 54,9% әйелдер.
Соңғы санақ мәліметінде орыстардың 96,6% өз ұлтының тілін
ана тілім санаса, 3,4% басқа этностың тілін ана тілім деп есептейді.
Халақ санағының мәліметінде 15
жас және одан жоғары
жастағылардың ішінде орыс тілін ауызша түсінемін дейтіндер
90,9
% құраса, олардың 77,1% еркін оқи аламын, 76,1% еркін жаза
аламын деп көрсеткен. Ал орыстардың
өз этносының тілін сол
жастағылардың 97,4% ауызша түсінемін, 96,4% еркін оқи аламын,
95,0% еркін жаза аламын деп мәлімдеген.
Орыс тілін орыстардың өздерінен де жақсы меңгерген бірша-
ма көп санды болып келетін этностар ішінде алдымен кәрістерді
(98,2%), украиндарды (98,1 %) татарларды (97,8%) айтуға болады.
Өзбектер
– тұрғындар ішіндегі сандық үлесі жағынан
үшінші орынды алатын этностардың бірі. Олар аймақ халқының
7,2 пайызын құрайды. Олардың
басым бөлігі ауылдық жер-
лерге қоныстанған (Өзбекстанмен шекаралас аудандарда жиі
қоныстанған) яғни 64,5% ауылда тұрады.
Қалада тұратыны -
35,5%. Өзбектер көбінесе Оңтүстік Қазақстан облысында шоғыр
орналасқан, облыс халқының 16,3 пайыз құрайды. Олар әсіресе
Сайрам ауданында
өте шоғыр қоныстанған, бұл ауданында
олардың саны қазақтардың екі есеге көп.
Барлық тұрғындардың
60,5% құрайды. Сондай-ақ өзбектер Түркістан қаласында (33,4%),
Кентау (26,0%), Төле би ауданында (14,4%), Шымкентте (6,3%)
көптеп кездеседі. Жамбыл облысында Тараз қаласында (6,3%),
Мерке ауданында (2,1%) біршама шоғыр қоныстанса, қалған об-
лыстарда мұндай емес, шашыраңқы қоныстанған.
Өзбектердің ішінде өз ұлтының тілін ана тілім деп санайтыны
– 97,0%, қалған – 3,0% өзге этнос тілін ана тілім деп қабылдаған.
Аймақтағы өзбектердің 15 жас және адам жоғары жастағылардың
ішінде 96,7% қазақ тілін ауызша түсінетіндігін,76,2%
еркін оқи
алатыны және 63,3% еркін жаза алатынын санақ қорытындысында
мәлімдеген. Ал орыс тілін сол жастағы өзбектердің 93,0% ауызша
түсінемін, оның ішінде 78,9% еркін оқи аламын, 68,3% еркін жаза
аламын деп көрсеткен.