136
қаласында (1,0%), Қызылорда қаласында (2,3%), Байқоңырда
(1,3%), Шиелі ауданында (1,1%) біршама шоғыр қоныстанған.
Аймақтағы кәріс диаспораның 42,2 пайызы өз этносының тілін
ана тілім деп санаса, 57,8 пайызы өзге этнос тілін ана тілім деп
есептейді.
Халық санағының мәліметінде 15
жас және одан жоғары
жастағы кәрістердің қазақ тілін ауызша түсінетіні – 49,8% (17682
адам), оның ішінде 14,9% (5292 адам) еркін оқиды, 11,3% (4000
адам) еркін жазады. Ал орыс тілін осы жастағы кәрістердің 98,2%
ауызша түсінемін, 92,3% еркін оқимын, 96,3% еркін жазамын деп
көрсеткен. Осыдан көрініп тұрғандай кәрістердің тілдік бағыт-
бағдары бірыңғай орыс тіліне ауған, барынша орыстанған.
Татар
диаспорасы да кәрістер сияқты аймақ халқының 0,7
пайызын құрайды. Жалпы саны – 43684 адам. Татарларлардың
61,5% қалада, 38,5% ауылдық елді-мекендерде орналасқан.
Олар аймаққа қарайтын облыстарда әртүрлі
санда шашырап
қоныстанған. Облыс елді-мекендеріндегі тұрғындарының шама-
мен 5-6 орындарды алады.
Татарлардың жартысынан астамы, яғни 63,8% өз ұлтының тілін
ана тілім деп санаса, 36,2% ана тілін өзге ұлт тіліне ауыстырған.
Соңғы халық санағының мәліметенде 15
жас және жоғары
жастағы татарлардың 84,4% қазақ тілін ауызша түсінемін десе,
соның 50,2% еркін оқи аламын, 42,6% еркін жаза аламын деп
көрсеткен.
Күрдтер
аймақ халқының 0,6 пайызын құрайды. Олар әсіресе
Жамбыл облысында (1,3%) және Алматы облысында (0,7%) бір-
шама шоғыр қоныстанған. Басым бөлігі ауылдық жерде 84,7%,
қалған бөлігі 15,3% қалада тұрады. Аймақтағы күрдтердің 89,4%
өз этносының
тілін ана тілім деп санаса, 10,6% ана тілін өзге тілге
ауыстырған.
15 жас және адам жоғары жастағы күрд азаматтарының 78,0
пайызы қазақ тілін ауызша түсінеді, оның 43,1% еркін оқи алса,
37,4% еркін жаза аламын деп көрсеткен санақ мәліметінде.
Достарыңызбен бөлісу: