ХХ-ХХІ
ғасырдағы Қазақстандағы фармация саласының дамуына
елеулі үлес қосқан
ғалымдар
Салкен Хасенұлы Субханбердин.
1938 ж. Алматы облыстық дәріхана
басқаруында (АУ) басшылық қызмет атқарып, Ұлы Отан Соғысы жылдарында
орасан еңбек еткен. 74 ғылыми еңбектердің, 14 дәрілік заттар туралы
брошуралық монографиялардың авторы. Газет, журналдарда 300-ден астам
медициналық және фармакологиялық тақырыптарда мақалалары жарияланған;
Галина Иогановна Самарина.
Фармаколог, медицина ғылымдарынын
докторы (1972 ж.), профессор (1974 ж.), Ұлы Отан Соғысының ардагері, АММИ
фармакология кафедрасын 26 жыл бойы басқарған. 90-ға жуық еңбектің,
1 авторлық куәліктің авторы;
Есболған
Тегісбайүлы Тегісбаев.
Фармация ғылымдарының кандидиты
(1967 ж.), доцент, ОҚММА-ң құрметті профессоры. 95-ке жуық ғылыми
еңбектердің жәнет.с.с. оқулықтардыңавторы;
Танагүл Әкімбайқызы Арыстанова.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, фармация ғылымының докторы, профессор, ОҚММА
фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі.
Т.Ә.Арыстанова - фармация ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан белгілі,
ғалым. Оның ғылыми бағыты - Отандық өсімдік шикізатынан дәрілік
препараттар дайындау. 300-ден астам еңбектері жарыққа шыққан, оның ішінде
соңғы 5 жылда 174 еңбегі бар, олардың 70-і шетелдік баспаларда (Америка,
Финляндия, Тайланд, Ресей, Украина, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан және т.с.с.)
шыққан, 2 монографиясы, 8 әдебиеттік шолу еңбектері бар.
Достарыңызбен бөлісу: