С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология



Pdf көрінісі
бет160/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   280
 Әсер ету механизмі:
бейнаркотикалық
анальгетиктер үлпалардағы арахидон қышқылынан простагландин түзетін
циклооксигеназа (циклооксигеназаның 2 түрі бар (ЦОГ1, ЦОГ 2)) ферментінің
бәсеңсіткіші (ингибиторы) болып табылады (простгландин - ауырсыну, қызба
және қабынуды шақырады). Простагландиндердің әсерінен қан тамырлар
кеңейеді және қабыну аймағында ісінулер байқалады. Простагландиндер
гипоталамустағы жылуды реттеу орталығының сезімталдығын күшейтіп, оның
нәтижесінде қызба байқалады, Бейнаркотикалық анальгетиктер
простагландиндердің синтезін тежеп қана қоймай, сонымен қатар афферентті
иннервация арқылы тапамусқа импульстің өтуін бүзады. Ыстықты түсіретін
әсері жылуды реттеу орталығының қозуы төмендеуі нәтижесінен болады.
Қабынуға қарсы әсері қабыну медиаторларының (простагландиндер)
144
өнімдерінің төмендеуімен байланысты.
Бейнаркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:
а) анальгетик - антипиретиктер
(ауырсынуды басатын және ыстықты
түсіретін қасиеті бар):
1
.
 Салицил қышкылының туындылары: ацетилсалицил
қышкзьшы
(аспирин), натрий салицилаты, салициламид.
Асісіит асеіуізаіісуіісит - ацетилсалицил қышфілы:
0,25 және 0,5
таб. тамақтан кейін уатып сумен қабылдау қажет. Ацетилсалицил қышқылы
қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін (әсері басымырақ) және ауырсынуды
басатын қасиеттері бар.
 Жанама әсері;
диспепсия, қүсу, лоқсу^асқазан
түсының ауырсынуы, ульцерогенді әсері
(АІЖ-
ң жарасының зақымдануы),
асқазан мен ішектен қан кету, аллергиялық реакциялар, бронхспазм, бас
айналуы, қүлақ шуылдау және есту қабілетінің бүзылуы, қан ұюының
төмендеуі мен тератогенді әсерлер байқалуы мүмкін.
Антиагрегантты және кейбір антикоагулянтты әсеріне байланысты
ацетилсалицил қышқылы жүрек-қан тамыр жүйесімен байланысты
тромбтың асқынуын алдын алуда кеңінен қолданылады. Ацетилсалицил
қышқылының антиагрегантты әсері аз мөлшөрінде байқалады 0,2 - 0,25
мелшерде тәулігіне қабылданады. Осы мақсатта ацетилсалицил
қышқылының арнайы препаратгары шығарылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет