қолданылады.
2. Брадиаритмияны қалпына келтіретін дәрілер
- әртүрлі
брадиаритмияны (синусты брадикардия, синоатриальды, атриовентрику-
лярлы бөгетжәне т.б.) басу үшін қолданылатын дәрілер екі топқа бөлінеді.
Олар:
1. М-холинолитикгер:
атропин
- көзеген жүйкенің әсерін төмендетеді.
2.Адреномиметиктер:
изадрин, адреналин
- жүректің
В,-адренорецепторларын қоздырып, кардиомиоциттердегі Са
г +
иондарының және ц-АМФ қүрамын жоғарылатып, автоматизмді күшейтіп
және өткізгіштікті жақсарта отырып, жүрек ырғағын қалпына келтіреді.
3. Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын дөрілер
(Антиангинальды дәрілер)
Жүректің ишемиялық ауруы
(ЖИА, коронарлық (тәжді)
жеткіліксіздік)
- атеросклероз немесе коронарлы артериялар тарылуы
салдарынан, жүректің оттегіне қажепілігі мен оның оттегімен қамтамасыз
етілуі сәйкес келмеуі немесе миокардқа қанмен оттегі келуінің бүзылуынан
пайда болады. Қолданылатын антиангинальды дәрілер жүректі оттегімен
қамтамасыз етуін күшейтеді
(коронарлы (тәжді) артерияларды кеңейту
арқылы)
немесе оттөгіге қажеттілікті
(жүрек жүмысын жеңілдету арқылы)
төмендетеді.
Жүректің ишемиялық ауруының клиникалық белгілері:
стенокардия
(көкірек тұсы бірден қатты ауырып, сол қол мен сол жақ жауырынға берілуі)
мен
миокард инфаркты
(миокардтың өлі еттенуі) түрінде өтеді.
Стенокардия үстамасында, миокард инфарктын алдын алу үшін, міндетті
түрде әсері тез антиангинальды дәрілерді қабылдау қажет.
1
.
Стенокардия (жүрек талмасы) ұстамасын басатын дэрілер.
Бұл
препараттар коронарлы қан тамырларды кеңейтеді.
Ыіігодіусегіпит-нитроглицерин
(Б); 0,0005 таб. және капс, түрінде
шығарылып, үстама кезінде тіл астына немесе 1 % спиртті еріт.-1 -2 тамшы
қантпен тіл астына белгіленеді. Әсер 1 -2 минутга басталып, 20-30 минутқа
созылады. Нитроглицерин шеткерлік қан тамырлардың бірыңғай салалы
бүлшық еттерін босаңсытады, Ы0
2
-->Ы0 газына айналып, қан тамырлардың
бірыңғай салалы бұлшық еттеріне өтіп оларды босаңсытады. Осының
нәтижесінен үлкен жөне кіші қан айналым жүйесінде веноздық және
артериялық қан тамырларды кеңейтіп, жүреккө түсетін салмақты азайтып,
миокардтың энергия мен оттегіге қажетгілігін төмендетеді. Нитроглицерин
бітелген аймақтағы қан тамырды кеңейтіп миокардтың ишемияланған
аймағын қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Сондай-ақ жүрек пен
ібб
қан тамырлардың симпатикалық иннервациясына орталық тежегіш әсер
көрсетеді, Нитроглицерин миотропты спазмолитикалық әсерінен бронхтың,
ішектің, өтгің және несеп шығару жолдарының бірыңғай салалы бүлшық
еттерін босаңсытады.
Жанама әсері:
АҚ-ң темендеуі
(мөлшерін асырғанда
коллапс!),
рефлекторлы тахикардия, бас ауыру және бас айналу
(әсіресе
бірінші қабылдаудан кейін),
қүлақ шуылы, ыстық сезіну, беттің қызаруы,
бас сүйек ішілік және көзішілік қысымының көтерілуі, ал нитроглицеринді
жүйелі қолданғанда үйренгіштік пайда болуы мүмкін. Миға қан қүйылғанда,
айқын гипотонияда, бас сүйек ішілік қысым және көзішілік қысымы
жоғарылауында қрлдануға
Достарыңызбен бөлісу: |