Цитостатикалық дәрілер: азатиоприн (имуран), циклофосфан, метотрексат - иммунодепрессивті әсерінен басқа
азатиоприннің ісікке
қарсы белсенділігі (азиотопринде цитостатикалық белсенділігі төмен)
басым. Цитостатиктер ДНҚ-ң және РНҚ-ң синтезін бұзып, жасушалардың,
әсіресе тез бөлінетін жасушапар, көбінесе лимфоциттердің бөлінуін тежейді.
Көбінесе аутоиммунды ауруларда қолданылады, Қан жасалуын бұзып,
АІЖ-
ң жаралары, диспепсия, бауыр мен бүйректің зақымдалуын, жұқпалы
аурулардың өршуін тудырып, канцерогенді және тератогенді әсер көрсетеді.
АгаШоргіпит - азатиоприн (А): 0,05 таб. шығарылып, 1-2 таб.
тәулігіне 2-3 рет (қанның құрамын үнемі бақылап отырып, науқас дәрігердің
бақылауында болуы қажет) белгіленеді.
2. Антибиотиктер: циклоспорин (сандиммун), такролимус (ҒК - 506, програф) - мүшелердің ауыстырып қондырымында қолданылады
(ішке және күре тамырға енгізіледі).
Циклоспорин нефро-және гепатотоксикалық әсер етеді, ал
такролимус нефро- жәнө нейротоксикалық әсер етіп, АҚ-ң және қандағы
қанттың мөлшерін жоғарылатады.
3. Батриден - бүйректің ауыстырып қондырымында
(глюкокортикоидтармен, антибиотиктермен бірге) және созылмалы
гломерулонефритте (0,1 таб.) қолданылады.
4. Глюкокортикоидтар -
преднизолон, дексаметазон және т.б.
Т-лимфоциттердің пролиферациясын және В - лимфоциттермен
кооперациясын тежеп, иммуноглобулиндердің синтезін төмендетеді.
240
Сонымен қатар күшті қабынуға қарсы әсері бар. Аутоиммундық ауруларда
қолданылады.
5. Антилимфоцитарлы сары сулар: антилимфолин-Кг, АТГ- Фрезениус - қүрамында иммунодепрессивті әсер ететін иммуноглобулині
бар. Тек стационар жағдайында антибиотиктермен және
глюкокортикоидтармен бірге мүшелер мен үлпалардың ауыстырып
қондыруда қолданылады.