в) Күре тамырға (к/т)
енгізу жолы.
Әсері өте тез. Барлық
концентрациясы қанға түседі. Тек сулы ерітінділер енгізіледі. Энтеральды
енгізу жолына қарағанда әсері 5-10 есе артық. Кейбір препараттарда,
мысалы, наркозға арналған дәрілерді енгізгенде әсері иненің үшын енгізуден
бастап ес-түссіз күйге келтіреді
г) Субарахнойдальды енгізужолы.
ЗиЬагасһпоісіеа - мидың (торлы)
қабығына енгізіледі. Кей заттар гематоэнцефальды кедергілерден өте алмай
қалады. Бұл енгізу жолымен дәрілерді жұқпалы ауруларда (менингитте)
тікелей мидың торлы қабығына енгізеді. Бұл жолмен енгізілетін дәрілерге
қойылатын талап залалсыздандырылған болуы тиіс.
д) Ингаляциялықенгізужолы (іпһаіаііо -дем алу).
Газ тәрізді, сұйық
үшқыш затар (наркозға арналған), аэрозоль және эфир майларының булары
енгізіледі. Сондай-ақ жергілікті әсер ету мақсатында глюкокортикоидтарды,
бронхолитиктерді, жергілікті анестетиктерді, антибиотиктердің
аэрозольдарын, гистаминге қарсы препарат - кромолин натрий (интал)
ұнтақтары қолданылады. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында (бронх
демікпесінде) қолданылады.
Басқа да парентеральды енгізу жолдарына:
артерия ішіне, жүрек
ішіне, сүйекке, тері ішіне, интраназальды, конъюктивальды, кеудеге,
плевраға және буынға енгізу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: