Дәрілік заттардың фармакокинетикасы Ағзаға
дәрілерді енгізу жолдары I. Энтеральды енгізу жолдары (асқазан ішөк жолдары
(АІЖ) арқылы).
а) Пероральды енгізу жолы - дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы
енгізу (рег-арқылы, оз-ауыз). Басқа енгізу жолдарына қарағанда ең
қарапайым және ыңғайлы әдіс (әсері 30-60 мин. соң басталады) болып
табылады. Кейбір препараттар (Мысалы, бензилпенициллин, эритромицин,
адреналин г/х) асқазан сөлі, тұз қышқылы ферменттерінің әсерінен бұзылып,
нашар сіңіріледі.
АІЖ-да
сіңіріліп болған соң, бауырдан қан айналым жүйесіне
түседі. Науқастың ес-түссіз жағдайында және үздіксіз құсуда бүл әдіс тиімсіз.
б) Сублингвальды (зиЬ Ііпдиа -
тіл астына) жөне трансбуккальды (уртқа) енгізужолы. Бүл жолмен тек белсенді запар сіңіріледі. (Мысалы,
нитроглицерин). Бауырдан тыс, тіл астындағы майда қан тамырларына сіңіріліп
(әсері 1 -3 мин. соң басталады), одан ірі қан тамырларға өтеді, қан тамырларды
кеңейтіп, жүректі оттегімен қамтамасыз етіп, жүректің жүмысын жеңілдетеді.
в) Тікішекке енгізужолы - (рег гейит - тік ішек арқылы) бүл жолмен
суппозиторийлер, дәрілік клизмапар және жағылмалар енгізіледі. Ауыз қуысы
арқылы енгізу жолына қарағанда әсері (әсері 15-30 мин. басталады) тезірек.
Тік ішектен дозаның 50% бауырға соқпай төменгі қуыс вена жүйесіне түседі,
ал 50% қақпалық көктамырға түсіп, бір бөлігі бауырда инактивацияланады
(белсенділігі төмендейді). Ректальды жолдың кемшілігі: тік ішектің дәрілерге
тітіркендіргіш әсеріне (проктит тудыру қаупі) сезімталдығы, сіңіру бетінің
ауданының аздығы, шырышты қабықшамен дәрінің жанасу уақытының
аздығы, сондай-ақ емдеу клизмалары үшін ерітіндінің көлемінің аз болуы
(50-100 мл), ем-шараларды жүмыс уақытында, жол жүргенде енгізудің
ыңғайсыздығы.