1 .
Антисептикалық және дезинфекциялық заттар. Антисептиктер (апіі-қарсы, зеріісаз-шіру) - тері, шырышты қабат, жарақат, күйік және
дене қуыстарын өңдеуге арналған заттар.
Дезинфещиялық заттар (сіез- теріс, іпіісіге-зақымдаймын) - қоршаған ортаны
(бөлмені, киімді, науқас кутіміндегі заттарды, аспаптарды) зарарсыздандыруға арналған заттар.
Көптеген антисептиктер өте жоғары концентрацияларында зарарсыздан-
дыратын зат ретінде қолданылады. Антисептиктер мен дезинфекциялық
дәрілердің микроорганизмдерге, қарапайымдыларға және саңырауқұлақ-
тарға қарсы әсерінің спектрі кең, әсерінің латентті кезөңі аз, белсенділігі
жоғары, соның ішінде биологиялық субстраттың қатынасында әсерінің
спектрі кең. Препараттар химиялық түрақты және бағасы жағынан тиімді
болуы тиіс. Антисептиктерге қойылатын негізгі талап: үлпаларға жергілікті
тітіркендіргіш әсерінің болмауы, жағылған жерінде сіңірілуі, аллергиялық
жағдайды және улылығы төмен болуы. Зарарсыздандыратын дәрілер
өңделетін заттарды
(түстің өзгеруі, металлдардың коррозиясы) зақымдамайтын, жағымсыз иісі болмауы қажет. Әртүрлі антисептикгер мен
зарарсыздандыратын заттардың әсер ету механизмдері бірдей емес және
ақуыз денатурациясымен, цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігінің
бұзылуымен микроорганизмдер өмірі үшін маңызды ферменттерді
тежеуімен байланысты. "
2. Химиотерапевтикалық дәрілер адам ағзасындағы жүқпалы ауру
қоздырғыштарының тіршілігін жояды.
Микробқа қарсы дәрілердің табиғатына және мөлшеріне қарай
қоздырғыштарға
бактерицидті (микроорганизмдерді жояды: сісіо - өлтіру) немесе
бакгериостатикалық (өсуін тоқгату) әсер көрсөтуі мүмкін.
57