С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология


Дзрілерді қиыстырып қабылдағанда болатын әсерлер



Pdf көрінісі
бет52/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   280
Дзрілерді қиыстырып қабылдағанда болатын әсерлер
Әрбір науқасқа дәрігер дәрі-дәрмек тағайындағанда 4-10-ға жуығын
белгілейді. Негізгі ауруды емдеуге арналған дәрілерден басқа, жалпы ағзаны
күшейтетін, негізгі аурудың асқынуын емдеу және алдын алатын дәрілер
т. с. с. дәрілерді қиыстырып қолданғанда: синергизм, антагонизм, антидотизм
байқалуы мүмкін,
 Синергизм
- бір дәрі екінші бір дәрінің әсерін күшейтуі.
Антагонизм
- бір дәрі екінші бір дәрінің әсерін әлсіретуі.
 Антидотизм
-
егер антагонизм химиялық (қандағы дәрілердің химиялық әсерлесуі
нәтижөсінде активсіз өнімдер түзуі) немесе физикалық (қанға сіңірілуінің
және резорбтивті әсерінің азаюы) байланыста негізделсе.
Дәрілік заттардың улы әсері
Дәрілер тұқым қуалаушылыққа әсер етуі мүмкін. Дәрілерді жүктілік
кезінде
 әсіресе
жүктіліктің алғашқы 12 аптасында қабылданғанда, туылғаннан
кейін әртүрлі кемтарлыққа алып келетін әсері
 тератогенді әсер
дейміз.
Жүктіліктің 12 аптасына дейінгі дәрілердің үрық дамуының бұзылысына алып
келмейтін әсерін
 эмбриотоксикалық әсер
дейміз. Ал 12 аптадан кейінгі
кездегі ұрыққа фармакологиялық заттар ұрықтың кемтарлығын тудырмайтын
әсерін
 фетотоксикалық әсер
дейді.
56
IV. ЖЕКЕ ФАРМАКОЛОГИЯ
1. Микробтарға, вирустарға және паразиттерге
қарсы дәрілер
Бұл дәрілер адамның жүқпалы ауруларын алдын алу және емдеу үшін
қолданылады. Микробқа қарсы әсері бар дәрілер екі топқа белінеді. Бірінші
топқа әсері таңдамалы емес препараттар жатады. Олар көптеген
микроорганизмдерге түбегейлі әсер етеді. Оларға:
 антисептиктер мен
дезинфекциялық
(зарарсыздандыратын) дәрілер жатады. Екінші топқа
әсері таңдамалы
 химиотерапевтикалық
дәрілер жатады. Бұл топ
микроорганизмдердің белгілі бір түріне әсер етуінің жоғарғы терапевтік
кеңдігіне ие.
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет