диуретиктер ересектер мөлшерінің 1/2; улы және наркотикалық және күшті
әсер ететін дәрілер ересектер мөлшерінің 2/3 құрайды.
Дене салмағы
салмақ жоғарылаған сайын, мөлшер де жоғарылайды
аурудың 1 кг мөлшеріне есептейді. Жынысы, кейбір запарға (никотин,
алкоголь) әйелдерге қарағанда еркектер сезімтал келеді.
Патологиялықжағдайы.
Патологиялық жағдайда препарат күшті әсер
етеді. Мысалы, дененің жоғары қызуын аспирин түсіреді, ал қалыпты
жағдайда дене қызуына әсер етпейді.
Дәрілерді қайта қабылдағандағы болатын әсерлер
Үйренгіштік
- дәріні қайта қабылдағанда әсердің әлсіреуі.
Тахифилаксия
- бірнеше сағат ішінде, жылдам пайда болған дәріге
үйренгіштік.
Дәріге тәуелділік
- эйфория тудыратын, дәріні қайта
қабылдағысы келетін жағдай. Эйфорияда қанағаттану сезімі, көңіл күйдің
жақсаруы, галлюцинация, жұмысқа қабілеттіліктің артуы және де
ауырсынудың төмендеуі байқалады.
Абстиненция
- дәріге тәуелділік
тудыратын дәріні қабылдауды доғарған жағдайды айтамыз.
Жанама әсерлер
терапевті мөлшерде байқалуы мүмкін. Аллергиялық емес жанама әсерлер
әрбір дәрі-дәрмекке арнайы тән мөлшерге байланысты, олар спецификалық
антагонистерімен жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: