С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология


Каііі регтадапаз -  калий перманганаты



Pdf көрінісі
бет56/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   280
Каііі
регтадапаз -
 калий перманганаты:
үнтақ; 0,01 - 0,1% еріт. -
тамақты шаюға, қуыс мүшелерін жууға, морфин, фосфат, алкалоидтармен
уланғанда асқазанды шаюға,
0,1 - 0,5% еріт. -
 жараны жууға,
2-5% еріт.-
жараны, күйік беттерін жағу үшін
қолданады, ал жоғары концентрацияда
күйдіргіш әсер көрсетеді.
Боіиііо Нусігодепіі
регохусіі
 сіііиіа - сұйытылған сутегі асқын
тотығы
(3%)
ерітіндісі,
 жаращпы жууға, ангина мен стоматитте шаю үшін (1 ас
к&сығын 1 стакан сумен)
қолданады.
Пергидроль
-
 қоюланған сутегі асқын тотығының ерітіндісі
(27,1 - 31%) (Б): еріт. күшті күйдіргіш әсері бар, олар 3% ерітінді дайындау
үшін қолданады.
Гидроперит:
1,5 таб. 1-2 таб. стакан суда ерітіп, ауыз бен тамақты
шаю үшін.
3. Ауыр металлдардың қосьшыстары
ферменттердің
инактивациясына, зат алмасуының бұзылуына және микроб жасушасының
өсуі тоқталуына алып келетін микроорганизм ферменттерінің
сульфгидрильді
 (8Н-тобы)
топтарын байланыстыру қасиетіне ие. Ауыр
металл қосылыстарын жергілікті қолданғанда микроорганизм жасушасының
ақуызын коагуляциялап
 (ту.ндырып, металл альбуминаттарын түзеді)
бактерицидтік әсер көрсөтеді. Ауыр металл препараттарының
концентрациясы мен қасиетіне байланысты бырыстырғыш, тітіркендіргіш
және күйдіргіш әсер көрсетуі мүмкін.
Нусігагдугі
сіісһіогісіит -
 сынап дихлориді (сулема)
(А): өте улы зат
болғандықтан, тәжірибеде қолданылмайды. Науқас күтіміндегі заттарды,
киімдерін зарарсыздандыр^уда қолданылуы мүмкін. 0,5 және 1,0 үнт. пен
таб. - 1:500 (0,2%) және 1:1000 (0,1%) еріт. дайындау үшін қолданылады.
Жүмыс барысында келесі
 қауіпсіздік шараларын
сақтау қажет: резеңке
қолғап пен респираторды қолдану, ыдыс сыртын «У!» деген таңбамен
белгілеп, дәрілік затты эозинмен қызғылт түске бояп, тек медицина
қызметкеріне босатады. Сулематері және шырышты қабықшадан тез сіңіп,
күшті
 улану
тудырады.
АІЖ-
ң шырышына тітіркендіргіш және күйдіргіш
әсерінен ауызға металл дәмінің келуі, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу және
59


іштің қан аралас өтуі, сілекей ағуы байқалады. ОЖЖ-не бастапқы қозуы
тежелуімен өтіп, жүрек жеткіліксіздігі, коллапс, нефропатия
 («сулема бүйрегһ)
тудырады.
 Жәрдем:
ішке шикі жұмыртқа ақуызы мен сүт
 (сынап иондарының
акуызбен байланыстыру үшін)
беріп, ақырын асқазанды шаю, белсендірілген
көмір мен тұзды іш айдайтын дәрілер
 (магний сульфаты)
беру, форсирленген
диурез жасау, қажепі жағдайда гемодиализ және перитонеальді диализ жасау
қажет. Металлдармен уланғанда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет