С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология


Аминогликозидтердің IV буыны: изепамицин (исепацин). Әсерету



Pdf көрінісі
бет79/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   280
Аминогликозидтердің IV буыны: изепамицин (исепацин). Әсерету
спектрі:
жоғарыда көрсетілген микроорганизмдөрмен қоса
ацинетобактерге, цитробактерге, аеромонасқа, морганеллаға,
листерияларға және нокардияға әсер етеді,
 Қолдану көрсеткіштері:
III буын препараттарына ұқсас.
 Жанама
әсерлері
 мен қарсы
көрсеткіштері
жоғарыдағыдай.
6. Полимиксиндер
Полимиксин М, полимиксин В (аэроспорин, полмикс,
бациллоспорин), полимиксин Е (колистин) сульфаттары. Әсер ету
механизмі:
микроорганизмдердің цитоплазмасының құрылысы мен
қызметін бүзып, бакгерицидті әсер көрсетеді.
 Әсер ету спектрі
тар: грамм
(-) таяқшаларға: көкірің таяқшаларға, дизентерия мен ішек таяқшаларына,
іш сүзегі мен паратиф таяқшаларына, холера вибрионына, клебсиеллаға,
энтеробактерге, гемофильді таяқшаларға әсер етеді.
 Қолдану
көрсеткіштері:
полимиксиндер -терапевті әсерінің кеңдігі аз, жоғары уытты
препараттар, сондықтан оларды тек өте қажетті жағдайда қолданады. Емдеу
ұзақтығы 5-7 күннен аспауы тиіс. Полимиксиндер
АІЖ-де
сіңірілмейді және
парентеральды енгізгенде ұлпаларға нашар таралады, Полимиксин
М сульфаты іріңді жарақаттарды, күйік және жараларды, іріңді отит пен
конъюнктивитті емдеу үшін ерітінді немесе жағылма түрінде жергілікті
сыртқа қолданылады. Басқа антибиотиістерге
 (гастроэнтөроколит, жітіжәне
созылмалы дизентерия)
сезімталдығы төмен көкірің таяқшалары мен басқа
да грамм (-) флора тудырған ауыр ішек инфекцияларында, сонымен бірге
операция алдында ішекті санация жасау үшін ішке қолданылады.
Полимиксин В және Е сульфаттары көкірің таяқшаларымен, клебсиелламен
және энтеробактермен шақырылған сепсисте, пневмонияда, эндокардитте,
несеп шығару жолдарының созылмалы ауруларында парентеральды
енгізіледі.
 Жанама әсері:
полимиксин М сульфатын ішке және жергілікті
қолданғанда жанама әсер байқалмайды. Эпигастра тұсының
ауырсынулары, диспепсия, аллергия аз байқалып, суперинфекция болуы
мүмкін. Полимиксин В және Е сульфаттары парентеральды енгізгенде
флебит, нефро- және нейротоксикалық әсер көрсетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет