қарсы көрсеткіші: бауыр және
бүйрек қызметі бүзылуында, тыныс алу тежелуінде жүктіліктің алғашқы
3 айында, 2 жасқа дейінгі балаларға
қолдануға болмайды. Асісіит паіісііхісит- налидикс қышфты (Б): 0,5 таб. және капс.
шығарылып, 1-2 таб. (капс.) тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.
Ескерту: Хинолондарды нитрофурандармен
(антагонист), антацидтермен, төмір препаратымен
(хинолондардың сіңірілуін төмендетеді) бірге қолдануға
болмайды. Хинолондардың III буыны (фторхинолондар). Пефлоксацин (абактап, пефлацин), офлоксацин (таривид), норфлоксацин (нолицин, норбактин), ципрофлоксацин (сифлокс, цифран, ципролет, ципробай), ломефлоксацин (максаквин), спарфлоксацин (загам), флероксацин (хинодис). Әсер ету механизмі: бактериялардың ДНҚ-гидразасын тежеп,
одан ДНҚ қызметі мен құрылысын бүзып, ақуыз синтезін тежейді.
Бактерицидті әсөр көрсетеді. Постантибиотикалық әсері (5-11 сағ.) бар.
Әсер ету спектрі өте кең: аэробты грамм (-) микрооррганизмдерге
белсенділік танытып, грамм (+) және жасуша ішілік қоздырғыштарға әсері
әлсіз, анаэробты бактерияларға белсенділігі төмен. Спарфлоксацин
туберкулез микобактериясы мен лепраға, грамм (+) коккгарға әсер етеді.
Спарфлоксацин мен флероксациннің хламидий мен микоплазмаға әсері
жоғары. Фторхинолондарға: сүр тропонема, саңырауқүлақтар, вирустар,
қарапайымдылар, метициллинрезистентті стафилококктар түрақты болып
келеді. Фторхинолондарға екіншілік резистенттік баяу дамиды.
Қолданылуы: Фторхинолондар - резервті микробқа қарсы дәрілер, оларды
белсенділігі жоғары кең спектрі антибиотиктердің парентеральды
қолданылуында әсері болмаған жағдайда тағайындайды. Жеңіл
инфекцияларда қолданылмайды. Фторхинолондарды тыныс алу
жолдарының инфекцияларында; қүлақ, тамақ, мүрын; өт пен несеп шығару
жолдарының; іш қуысы мен кіші жамбас мүшелерінің; тері, жұмсақ үлпалар
мен сүйектің; гинекологиялық жұқпалы ауруларында; менингитте,
гонореяда және простатитте; сепсис пен ауыр іріңді инфещияларының
асқынуында қолданылады. Барлық фторхинолондар
АІЖ-да
жақсы сіңіріліп,
ағза үлпаларына және сүйықтықтарға жақсы таралады. Қандағы терапевті
концентрациясы 12 сағат, ал әсері үзартылған препараттарында: