С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология


 Туберкулезға қарсы дәрілер



Pdf көрінісі
бет92/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   280
3. Туберкулезға қарсы дәрілер
Қазақстанда туберкулез әлеуметтік-түрмыстық жағдайға байланысты
негізгі орын алады, Сондықтан туберкулезге қарсы препарапар өзінің мәнін
жоғалтпады және олардың номенклатурасы әр жылы жаңа препараттармен
толықтырылады. Қазіргі таңда ғалымдардың негізгі мақсаты белсенділігі
жоғары, улылығы мен жанама әсері төмен препараттарды іздестіру болып
табылады. Маңыздысы болып микобактерияға түрақтылық баяу пайда
болуы болып саналады. Мүндай препараттар медициналық тәжірибеде
бағасы төмен болуы қажет, себебі олармен емдеу мерзімі үзақ болып
келеді. Туберкулезді дәрілермен кешөнді емдөуде негізгі орынды
химиотерапевтикалық дәрілер алады. Туберкулезге қарсы дәрілер
антимикробты спектрі бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Туберкулезгө
қарсы дөрілер концентрациясына байланысты бактерицидті немесе
бактериостатикалық әсер көрсетеді. Туберкулез химиотерапиясының
үзақтығын
 (12-16 ай және одан да көп)
ескере отырып, қоздырғышқа
тұрақтылық мәселесіне үлкен мән беріледі. Негізінен кейбіреулеріне
(рифампицин, стрептомщин)
ол тез, басқаларға салыстырмалы баяу
(натрий парааминосалицилаты)
пайда болады.
Туберкулезге қарсы
 дәрілердің жіктелуі:
Негізгі
 препараттары
(І-топ):
 изониазид, рифампицин, пиразинамид,
этамбутол, стрептомицин
-
әсері жоғары, жеңіл қабылданады, бірақ
туберкулез микобактериясына түрақтылық тез пайда болады.
Қосымша препараттары
 (ІІ-топ): этионамид, протионамид,
канамицин,
циклосерин,
 натрий пара-аминосалицилаты
 (ПАСҚ,
аминацин), тиоацетазон
- белсенділігі төмен, улылығы жоғары,
микобактериялардың негізгі препараттарға түрақты болғанда немесе
оларды қабылдай алмаған жағдайда қолданылады. Тұрақтылықтың даму
жылдамдығын төмендету үшін 2-3 препаратты қиыстырады. Емдеу басында
бірден бірқатар туберкулезге қарсы дәрілерді қолданудың мағынасында
берілген науқастың белгілі препараттарға сезімталдығының белгісіз болуы
және бірнеше аптадан кейін анықталу мүмкіндігі жатыр. Сонымен қатар
емдеуді неғүрлым ерте бастаса, соғүрлым жақсы ем жүреді, сондықтан
химиотерапияны бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін күтпей
бастайды. Туберкулезді емдеу клиникалық жағдайда процестің кезеңіне,
түріне, орнығуы мен өршуіне байланысты арнайы кесте бойынша
жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет