123
р[арсы тілді ислам философиясы
сінушілік мэселесін көрсеткен жоқ, оның онтологиясы мен метафизикасы өте
ағылмалы.
Уақытқа келетін болсақ, Молда Садыр адам болмысын екі жерде бір уақытта:
көлденең жэне тігінен болтанын қарайды. Адам - мэңгіліктің бейнесі, тек осы
дүниеде уақьггша болып, өлімге кетеді. Осы жақган Қүдай уақыттың көзі ретінде
адам болмысын жатқызады. Бұл Хайдеггерден басқаша, ол уақыт дүниеде болмыс-
пен қаралып, ешқандай мәні болмайды дейді. Акхун үшін уақыт -
субстанциялық
қозғалыстың өлшемі. Оны төменнен қараймыз.
Трансценденталдылық Хайдеггерде шекке бармайды, себебі неміс философы
шынайылықтың мэніне көңіл бөлмейді. Ол метафизика туралы Құдайдың тылы-
мы деп ештеңе айтпайды. Сонымен, Молда Садр үшін шынайылық Құдай болып
саналады, шынайылықты түсіну - Құдайды түсіну; Құдайды түсіну - даналық.
Метафизика Акхун үшін тармақ бола алмайды; ол Алла сияқты жоғарыда тұрады.
С. Насыр айтқандай, «метафизикамен айтқанда, тек соңғы шынайылық және таза
қажеттілік нақты болып саналады. Тек Құдай ғана ерікті және қажет, ал адам
сальістырмалы түр. Сонда неміс ойшылының философиясында Құдайға орын
жоқ.
Заттардыц құбылысы адаммен байланысты емес, тек олардың болмысымен
байланысты. Дэл солай, себеп пен шьну болмыстың көрсетілімі, біреуінде себеп
болса, екіншісінде нэтиже.
Аш-Ширази заттың бастапқы архетипін айтады. Физикалық түрін алады,
архетип материясымен бір, бірақ сапасымен басқа. Яғни материалды заттар жэне
архетипті көрсететін заттар бар, олар оған ұқсайды, бірақ шынайылығы аз.
Акхун философиясында маңызды принцип - «жақсының болуы». Оны ашы-
ғырақ қарайық. Әр зат жаратылған соң төменнен жоғарыға жетіледі. Сол уақытта
жетііімеген заттың дүниеде деңгейлері бар. Себебі барлық Жаратушыдан шығып,
өзіне арналған деңгейлер қатарьш өтеді. Жерде жетілмеген адам екі дүниеде жүр-
ген жан болады; соңғысы адам жанының инетеллектісі дүниеде барын көрсетеді.
Яғни заттың сапасының бары оның
формасының барын көрсетеді, олардьщ ин-
теллигибельді субстанцияның метафизикалық элемінде бары түсініледі.
Аш-Ширазидің ойынша, материя физикалық элеммен шектелмейді. Бұл -
сипатына байланысты өзін эр жерде, әртүрлі көрсететін материя. Дене материясы ,
бар, жанның да материясы бар, бірақ ол өте сезімтал жэне рухани элем үпіін
сипатты. Яғни бір дүниеде материя төменгі, екінші дүниеде жоғары сатьща болуы
мүмкін. Осылай таза интеллектінің дүниесіне барынша жалғаса береді. Басқаша
материяньщ құрамы жоғары затқа тартылуы мүмкін, мүны материяның формата
махаббаты деп атасақ болады, себебі ол онымен қатынаста жоғарыта бару үшін
форманы қажет етеді.
Аристотель мен ибн Сина заттың өзгерісіне сенбеген, себебі егер зат мате
рия сияқгы өзгерсе де тұрақгы ештеңе қалмайды. Молда Садр үшін
барлық зат
қозғалыста болады, эр мезетте жаңа трансформациямен қақгығысады. Әлем мәң-
гі қозғалыста болып, онда бэрі өзгереді, субстанция да қоса өзгереді. Акциденция
оның болмысы мен сапасы тэуелді субстанцияны қажет етеді. Бірақ акциденция
өзгергенде ақ субстанция да өзгеру керек, себебі Акхун үшін эффект себепке ұқсас.
Сонымен, субстанция солай өзгереді және расьшда акцидентгі. Тек болмысы тана
124
III тарау. Ортағасырлык, философия
өзгермейді, сондықтан болмыс қана субстанция аталып, затгың моні бола алады.
Осыдан басқа, өзінің жетіспеушіліктерінен өту үшін әлемде барлық заттар өзгерщ,
қозғалып отыратыны белгілі. Құдайдың жаратылысы екі рет өздерін қайталатпайды,
сондықтан Құдай затгардағы жетіспеушілікген арылу үшін, өзінің жаңа жаратылы-
1
сын көрсету үшін жаңа болмыстың мезетін жаратады. Тек өте үлкен жылдамдық
материяның қозғалысын байқатпай, нақгылықгы байқауға мүмкіндік береді.
Акхун әлемнің жаратылысының ештеңеден
шыққаны туралы айтылымға
қарсы. «Әлемнің жаратылысы уақыт пен аумақта пайда болды», - дейді ащ-
Ширази, себебі қозғалысқа байланысты эр мезетте болмыс өзгеріп отырады. Бірақ
ғылымдарға қарағанда «Калам» архетиптердің өзгермейтіндігін айтады.
Адамзатгың жэне білім сұрақгарында Молда Садр, эл-Фараби жэне ибн Сина
секілді білгіш, мен білетін бір нәрсе жэне заттьщ болмысы Құдайдың ол туралы бі-
лімімен бірдей деген көзқарастарын ұстанады. Яғни Құдай - барлық нэрсенің көзі;
1
біздің көретініміз бен сезетініміз Құдайдың жарығының бөлшегі бар айна немесе
түтікше; игеру үдерісі білуге себеп болатьш Күдайдьщ жарығынсыз мэнсіз.
Осы жақтан адамның ойлау объекгілерінің бэрінде болмыстың жоғын айту
дұрыс емес, себебі олардың бәрі болмысты қажет етеді. Егер олар болмысты
қажет етсе, бұл жоқ делінбейтін болмыс, бұл Алланың бір аты болып саналады.
Бірақ Молда Садрды пантеист деуге болмайды. Ол үшін Құдай барлық іс-
тен жоғары жэне Қүдаймен бірдей епггеңе жоқ. Бірақ материя мен Құдайдың
арасындағы байланыс анық. Тіпті, интеллигибельді дүниенің заттары өзі туралы
біліммен бір болуы мүмкін емес, себебі олардың өзі туралы білімдері толық емес,
осыдан басқа білімде тек Қүдайға белгілі болмыстық сипат болады.
Қүдайшыл мағынасы философ үшін
айна секілді көрінеді, онда ол бүкіл
заттың мағынасын көрсетіп түрғандай. Онымен қоймай осы көрсетілімге қарай
архетип, заттар жэне форма заттардан Қүдай қалаған затын корсете алады. Басқа
жағынан бүкіл затты оның бүкіл жаратылысынан коре алатын болғандықтан
барлық заттың болмысын білетіндей.
Білімнің екі түрі бар - иемделген» («хүсүли») жэне «ішкі» («хүдүри»), «Іш-
кі» білім үшке бөлінеді: заттардьщ өзін білу, эффект себебін білу, себептен пайда
болтан. Заттарды тану ол үшін потенциалды болмыстан өзекті және аналогиялық
теңдігінің жоғарылауынан көрінеді. Заттарды білетін адам өз өміріндегі теңдіктен
жоғарылайды жэне жоғарғы заттарды түсіне біліп, бір арнада түйіседі.
Адамның басқа затты тануы немесе «қолда бар» нәрсе туралы айтсақ, бұлар
адам жанында кескінделмейді. Адам микрокосмос болса, өзінде бүкіл болмысты
сақтаса оның білімі Құдайды тануға жетсе, ал Құдайды білу объективті («әл-уд-
жуд әл-‘айни») форманьщ бар екенін көрсетті. Ал бірақ адам жаны Құдайды еске
түсіретін күшке ие; жанды түсіну де форманы көрсетеді, жанға онтологиялық тұр-
ғыдан «сүйенеді», дэл осылай жан Құдайға сүйенеді.
Молда Садрдың ойы бойынша, жер жүзінің болмысы ең бірінші Қүдайды
тану; теңцік формасы сонан соң космологияльщ жан,
форма тереңдігі, материя,
адамды тану аналогия деңгейінен басталады, кері тізбекте физикальщ сезім мү-
шесі, метафизикалық формалар, олардың ішіндегі ең жоғарғысы - интеллектуал.
Жан мәселесіне де Молда көп көңіл бөлді. Ол үшін метафизика немесе
Құдайды тану сияқты мәселе болатын, жан оның ойынша, бөліп қарауға болмай-