Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортагасырльщ философия



Pdf көрінісі
бет141/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

III тарау. Ортагасырльщ философия
бойынша, алхимия арқасында мыс алтынға айналады... Біздің өміріміздің мы­
сы да тылсым күшке не алтын болмаса да, оған қолы жеткен нәрсенің барлығьщ 
рухани дамытатын алхимия бола алады».
Өмір «Меннің» өзін-өзі тану (өмір) мен өз-өзінен бас тарту кезегімен (өлім) 
жалғаса береді. Өз-өзінен бас тартусыз өзін-өзі тану мүмкін емес. «Монадпен» же- 
тілген, барлық болмыстық жағдайлар «өзімнің өлімдерім «Мен» баспалдағымен 
жоғары көтерілмес үшін одан бас тарту керек. Руми бойынша, өмірдің басынан 
бастап адам осы баспалдақтармен көтеріле отырып, қүдайлық болмыспен транс- 
цендентгік бірігу позициясына көшу керек.
Әмренің сопылық діни мәдениет жэне этикалық ілімі. «Құл Жүніс», «Аніық 
Жүніс» немесе «Жүніс әмре» атанған Жүніс эмре XIII ғасырдың екінші жарты- 
сы мен XIV ғасыр басы аралыгьшда не Сиврихисар маңайында (Анкараның оң- 
түстігінен 100 шақырым), не Болу ауылдарының бірінде (Анкара мен Ыстамбұл 
арасындағы аймақ) туылған деп шамаланады. Жүніс оқып та, жазып та білмейтін 
«халықтан шыққан қарапайым» дэруіш болған. Тапдұқтың өзі хақында қарама- 
қайшы деректер белгілі. Бір нұсқа бойынша өз өлеңдерінде Абд эл-Кадир эл-Ги- 
ляниді мадақтап жазғандықтан, «Кадирия» сопылық орденінің кұрамында болған- 
мыс. Тапдұқты Қожа Ахмет Ясауи орденіне жатқызатын жэне оның ұстазын 
Анадолыға Бұқарадан келген шейх Синан Ата деп көрсететін; осыдан екі сопы 
поэзиясының стилистикалық, рухани тұгастығын түсіндіретін нұсқа ықтимал бо- 
лып табьшады. Көп уақыт бойында Эмре рухани өрістеудің жолын іздеген, алайда 
Орта Азиядан шыққан сопылық шейхі Синан Атаның шэкірті Тапдұк Эмре шейх 
«мүрит» («шэкірті») болғаннан кейін ғана оған қол жеткізген (осыдан келіп Қожа 
Ахмет Ясауидің Жүніс Әмре өлендеріне тигізген эсері шығады). Оның «Сопы- 
лық>> ілімімен танысуы хақында бірнеше аңыз-хикаяттар бар. Бір нұсқа бойынша 
жас Жүніс жер өңдеумен айналысыпты. Осылайша, аштық келіп, бозбала біршама 
бидай алмақ болып атақгы Бектас Қажыға барады. Даңқты сопыға сыйлық ретін- 
де бірнеше қара өрік ала шығады. Қажымен кездескен ол рухани бата («нефес») 
беру ұсынысынан бас тартып, тек бидай алғысы келетінін білдіреді. Үйге қайтар 
жолда Жүніс өз қателігін түсініп, Қажыға қайта оралады. Бірақ Қажы тым кеші- 
гіп қалғанын алға тартып, оның рухани жетілуінің кілтін шейх Тапдукке берге- 
нін айтады. Әмре қырық жыл шамасында өз ұстазының тұрмыстық қажеттілікте- 
рін атқарып қызмет істеген, осылайша, ұзақ жылдар бойы қысы-жазы жергілік- 
ті ормандардан отын тасумен болды. Бір күні Тапдұқ пен оның шэкіртгері зікір 
салуға жиналады. Тапдұқ өзінің Жүніс Гюенди атты мүридінің энін тьщцағысы 
келеді, бірақ ол қалай болса да бір ауыз сөз айта алмай қалады. Сонда шейх алғаш 
рет Жүністен дін эніне қатысты суырып салма өленді айтуды өтінеді.
Сопының аузынан шыққан өрбір сөз мағына тереңдігі мен стиль әсемділі- 
гімен қасындағыларды таңдай қақтырады, осылайша, Әмренің ақын ретінде 
мансабы бастау алып кеткен. Сөйтіп, қиыншыльщ, өзін-өзі қатаң тәрбиелеу мен 
жыдцар бойы Тапдұқ шейхтің қызметінде болу арқылы Эмре рухани жетілуде еді. 
Одан кейін ол Сирияға сапар шегіп, Меккеге барады.
Өзге аңыз бойынша ұзақ жылдарын хұжрада өткізген Эмре рухани жетілуден 
үміт үзіп, түңілген күйде орман-тау аралап кетеді. Бір күні үңгірлердің бірінде ол 
жеті шейхті көреді. Олар әр түні дұға қылса, қоректері элдеқалай уңгірде ғайып-


т
т
Щ
гт
і


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет