Тү£>кі тілді ислам философиясы 167
тер «ерен» үшін жарамсыз. «Ерен» «Қамқорлық» пен «Ізгілік», «Махаббат» пен
«Кешірім» секілді трансцендентгі құдайлык атрибуттарды айналасынан ғана
емес, өз ішінен де аңғарады; ол кемелденген Жаратушы алдында қандай да бір
өзімшілдік, тәкаппарлық пен өзгелерге тұйық болуға ешқандай моральдық құқы-
ғы.жоқ екенін түсінеді: «О, мені жақсы дейтіндер / Кімнен болса да жаманмын
/ Күнәһармын эрі эр қылмыскерден де төменмін». Бұлайша Жүністің «ерені»
қоғамдық өмірдегі сабырлылық пен кешірімділіктің, махаббат пен мейірімділік-
тің жолсерігіне айналады. Жүністің мәдениаралык жэне конфессияаралық диалог
тақырыбына қатысты пікірі Мәулана ар-Румиді еске салады. Жэләлэддин үшін де
діндер арасындағы айырмашылықтарды бүкіл адамзаттың ортақ рухани бастауы
тұргысынан - Ортақ Жаратушы Құдайға сенім тұрғысынан қарау қажет. Әртүр-
лі діндер дэруіш үшін сол бір ортақ құдайлық жарықты жасырған «фанус» (тат.
«шамшырақ, шырақ») болып табылады. Адамзат тарихының өнебойында түрлі
адамдар, түрлі мэдениеттер, түрлі тарихи жағдайларда өмір сүрген пайғамбарлар,
п т ы н
мэнісінде, бір ғана ортақ міндетті, яғни Құдайға деген махаббатгы жеткізу-
ді мақсат еткендер болды. Ақын үшін адамзат қүрылған «жетпіс екі үлт» бірыңғай
құбылысқа айналады. Ал ол құбылыстың мэні біреу - Алланьщ Есімдері мен Белгі-
лерін корсету: Yetmi§ iki millet bir goz ile bakmayan (Жетпіс екі ұлтқа бірыңғай көз-
бен қарамағандар) / §er’in evliyasiysa hakikatte asidir (эулие болса да («Шариғатгы»
тыстан түсіну тарапьшан) - асылында қандай да бір заңньщ тысында!).
Сонымен қатар Жүніс адам баласы тарихындағы көптеген согыстар дін-
аралық эрі конфессияаралық алауыздықтың кесірінен болғанын айтады; егер де
кімде-кім өзгенің діні жайында жаман сөйлемесе, оны өтірік деп жарияламаса
эрі оның шындыққа жанаспайгындығын жар салуға тырысып бақпаса, соғыстар
тбқтатылған болар еді; тіптен, бар адамзат жаппай махаббат пен әмбебап әлемнің
дэмін татқан болар еді: «Базбіреудің діні хақында «Бұл ақиқат емес» демейміз /
Бұл сұракгы дауламасақ, махаббат өзек жарар...»у
Дегенмен де болмыстың сопылық ақиқаттары сопы үшін эрдайым терең
теңіздей, ал шариғат болса, сол теңізде жүзген кемедей больш көрінеді. «Шариғат»
заңдарын ұстануға бойұсынған адам тек өз санасы не қоршаған ортасы арқылы
ғана сол «кемеде» өзін жайлы сезінетін болады, алайда «ахуаль уа азуак» сын-
ды мистикалық жай-күйлерді басынан кешірудің арқасында сол «теңіздің» тұң-
#иығына батпайынша теңіз тереңінің кңреметі мен пэк тазальнын жақыннан
тамашалай алмайды: «Ақиқат - теңіз, ал Шариғат - ондағы кеме / Кемесін тастап,
теңізге түсуге бел буғандар неткен көп / Барлық төрт Кітапты адамдарға түсін-
діріп, тіпті түсініктер жазып жүргендер қүдайлық тұрғыдан күнэһар / Сол түсі-
ніктемелерді мағынасын түсінбей зерттеп жүргендер де күнәһарлар». Демек,
ар-Румидегідей Жүністің поэзиясы «сыртқы» мағыналар қабықшасынан босанып,
болмыстың ақиқатты жақтары - шексіз құдайлық махаббат пен құдайлық ұлы-
лықтың алдындағы кішіпейілділікті тануға, адамдардың жазғыруына мэн бер-
меуге шақырады: «Үнсіз азап шегуші... / Алланы сүйген дэруіш Жүніс осындай
/ Әйткенмен де Құдаймсн байланысқа қол жеткізіп, ол қыдырысқа салынады /
Шөлмекті тасқа ұрып сындырдым / Адамдардағы сый-құрмет маған не керек?».
Белсенді қоғамдық өмірге ден қоюы Жүніс поэзиясының маңызды қоғамдық
өлшемі болып табылады. Ақынның ойынша, сопы пенделік тірліктерді тастамауы