2 7 4 V III тарау. Кдзак, философиясы Жауыңды күні көп жүрме -
Жар жағасы тайғақты,
Жаманға жақыным деп сыр айтпа, -
Кундердің күні бодғанда,
Сод жаман өз басыңа айғақтьт!
В. Радловтың жазуы бойынша нэзік жанды ақындығымен қатар Шалкиіз
- батыр, жауынгер де болған көрінеді. Мұньтң дәлелін мына бір жыр жолдары
көрсетеді.
Қатты бір тартып бек атсаң,
Қайырылып барып тез сынар
Қайың оқгың жарқасы
немесе
Көктеп мінген еріңнің,
Астында көп жүгірер көлік бар.
Коп садақтың ішінде,
Көбе бұзар жебе бар, -
деген жолдар өте көп кездеседі. Бұдан біздің байқағанымыз, Шалкиіз толғаула-
рының рухы - батырлық, ерлік, өз Отанын сүю, оған қызмет ету.
Қорыта айтар болсақ, Шалкиіз мұралары бізге элі толық жетпегенмен,
оның рухани мұрасы өте бай. Келешекте Шалкиізге қатысты жаңа дерек-
тер табылатындығына біздер сенеміз. Шалкиіз - қазақ рухани дүниесіндегі
ең я ш п тұлғалардың бірі. Оның сөз өнері, дүниеге деген көзқарасы төл ойлау
мэдениетіміздің қалыптасуына тигізген ьщпалы өте үлкен.
Шалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі - Ақтамберді жырау Сарыұлы
(1675-1768). «Тауарих хамсаның» айтуынша, Ақтамберді - Ойратгармен күрес
дэуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ақгамберді
шығармалары да нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы келеді. Қазақ
халқының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері сол кездегі тарихи оқиғалар
оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді.
Ақтамберді бүкіл ел мүдцесін, ру, ата намысы емес, исі қазақтың намысын
қуады,
р
.
ттді
ерлікке, бірлікке шақырады. Оның мына жырлары соның айғақ дәлелі
болса керек:
Дұшпаннан көрген қорлығым,
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке,
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп Құдай тілекке!
Ақгамберді өзінен бүрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дэстүрлерін эрі қарай
жалғастырушы болып табылады.
Ақтамберді өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін эрі қарай
жалғастырушы болып табылады. Ақгамберді жырларында көшпенді қазақтардьщ
ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері дүниеге
өзіндік көзқарасы аңғарылады. Бұған жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп
басталатын ұзақ толғауы дәлел бола алады.