V III тарау. Крзак, философиясы діндердің бастау тегіне Тэңіршілдік діннің өзекті қағидалары арқау болған.
Тэңіршілдік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл
табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным-түсінігі еді. Тэңіршілдік дін
көшпенділердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына айналды.
Қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі уақытгы
беске бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Осы дәстүр Сырдария бойында
туған Заратуштра діні арқылы иудаизмге ауысты, одан ислам дініндегі бес уақыт
намаздың орнығуына себепші болды76.
А. Тарақтының материалдарында көрсетілгендей, қазақтар эрбір маусымды
өз ішінде үшке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы,
қыстың ортасы, қыстың аяғы, т.б. Осынау өмір салтының өзегінен бір жылды он
екі айға бөлетін таным-түсініктің бастау тегі аңғарылады77.
«Көшпенділер мәдениеті өзінің 3 мың жылдық ғұмырында Жерорта тенізі мен
Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда шығармашылық эволюцияны бастан өткерді»78.
Қазақ халқынын алғы философиялық дүниетанымының қалыптасуына мифо-
логияльщ (қиял-ғажайып) ертегілері, хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ер-
тегілері, реалистік (тұрмыс-салт) ертегілерінің де әсері өте үлкен болды. Бұл ерте-
гілер өте ерте замандарда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кез-
де туған. Мұндай мифологиялық наным-сенімдер жэне оның тарихы үнді, қытай,
грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Ал қазақ мифологиялық эпсана ертегілері
кейінірек дүниеге келген болса керек. Бірақ қазақ аңыз-ертегілерінің ой туғызар дү-
нистанымдық тұстары - олардьщ адамды бірінші орынға қоя білуінде. Жалпы айтар
болсақ көне шығыс пен алғы түрік мәдениетінен нэр алған қазақ аңыз-ертегілерінің
көшпенділер рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз әдебиеті, фольклор, эпостық
жырлар, сал-серілер, ақын-жыраулар шығармашылығы, хальщ даналығының, қазақ
философиясының қайнар көзі, алғы бастауы болды деп айта аламыз.