Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Стоиктер философиясының негізін қалаушы Китоннан шыққан
Зенон (б.д.д. 336-264 ж.) өзінің мектебін Афиныдағы Стоя Пойкиле деген жерде өмірге
әкелген, осыдан барып, осы мектептің өкілдерін
стоиктер деп атап кеткен. Негізгі
өкілдері: Зенон, Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий, т.б.
Стоиктердің пікірінше, элем - біртұтас дене. Біртұтас денелі элем құдаймен
пара-пар деп қарастырады. Оны өзін жандандыратын тынысы (пневма) жайьшған.
«Пневма» идеалды немесе абстракция емес, ол — материалды (ұсақ) бөлшек. Ол
- әлемнің жаны, ақыл-ойы. Ал денелер - оньщ модификациясы. Элемде болып
жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынғандықтан, ол мақсаттылық жо-
лымен дамиды, ал жеке заттар, заттардың бөлщектері, дұбылыстардың өзгеруі,
дамуы біртұтастыдда, оның жетілуіне тікелей байланысты. Стоиктер Гераклит
сияқты элем оттан жаралады жэне ол әлсін-әлсін қайтадан отқа айналады дей оты-
рып, бұл құбылыстың себебі біртугас элемнің өзінің логос заңына бағынғанды-
ғында жатыр деп есептеген.
Біртұтас әлемге тэн қажеггілік заңын стоиктер қоғамдық өмірге де таратады.
Осыдан келіп, олар бостандық жэне адам өмірінің ең жоғары мақсаты сияқты мәсе-
лелерді өз ілімдерінің өзекті мәселелері деп санаған. Бостандық ұғымын стоиктер
қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады. Қажеттілік («тағдыр») талассыз
айқын болатын заңдылыд болғандықтан, бостандықтың болуы мүмкін емес.
Адамдардың іс-әрекеттері бір-бірінен ерікті немесе еріксіз жасалғандықтарына
қарап ажыратылмайды. Себебі олардың тек қажеттілікке байланысты болатынды-
ғы белгілі, керісінше, олар бір-бірінен болмай қоймайтын, заңды дажеттілікті өз
еркімен немесе амалсыздан (зорлыдпен) орындауларымен ажыратылады. Қажетті-
лік заңына байланысты тағдыр біреулерді алға жетелесе, оған қарсы болғандарды
сүйрелейді.
Ал адамдар, бір жағынан, қоғамдық жандар, екінші жағынан, біртұтас элем-
нің бір бөлігі болғандықтан, олардың өзін-өзі сақтауға талпынысы, айналып
келгенде, мемлекеттік игілік үшін қамқорлық деңгейіне дейін, кейбір жағдайда,