Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


II тарау. Антикалык, философия



Pdf көрінісі
бет36/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

II тарау. Антикалык, философия
пен өлшенетін болғандықтан, қозғалыс уақыттың мөлшері болып шығады. У ақыт 
өздігінен ештеңе туғызбайды, жоймайды да, бірақ барлық заттар, құбылыстар бір 
уақытта пайда болып, жойылып жатады.
Аристотельдің пікірінше, табиғи денелердің тіршілік жасау мүмкіндікте- 
рі бар (жасанды денелерде ондай мүмкіндік болмайды). Осы мүмкіндіктің жү- 
зеге асырылуы энтелихия (жан) арқылы болады. Жанның үш түрі болады:
1. Өсімдіктер жаны - жанның алғашқы және жалпы мүмкіндігі. Бұл жанның 
басты қызметі - өзін-өзі ұдайы өндіру жэне қоректену. 2. Жануарлар жаны олар 
заттардың сырт пішінін түйсіктері арқылы қабылдай алады. 3. Адамдар жаны 
өсімдіктер мен жануарлар жанына тән қасиеттерге қоса, ақыл-ойдың арқасында 
жалпылықты танып-біле алады. Бірақ жалпыны түсіну үшін, алдымен, жалқы- 
ны танып-білу керек. Себебі біздің сезім мүшелерімізге жалқы заттар элемі 
эсер етеді де, біз оларды танымның эртүрлі сатылары арқылы танып-біле аламыз. 
Сезімдік танымның бірінші сатысында адамдар жануарлар сияқты сезімдік 
түйсіктерімізге эсер ететін заттар туралы алғашқы мағлұматгар аламыз, екін- 
ші сатысында тэжірибелік (эмпейриа) танымда сезімдік түйсіктеріміздің қай- 
таланған кұбылыстарды есте сақтап қалуы арқасында оларды танып-білуімізге 
мүмкіндіктуады. Үшінші сатысында «өнер» (эңгіме көркемөнер, т.б. туралы емес) 
практикаға негізделген танымның ерекше сатысы - адамдар жеке заттарды танып 
қана қоймайды (тәжірибедегідей), одан гөрі тереңірек түсініп, кейбір заттарға тэн 
ортақ қасиеттер мен себептерін танып-біледі.
Ал заттардың себептерін, болмыстың мэнін, эсіресе алғашқы бастамаларды 
жэне алғашқы қозғаушы күшті түсініп білу - ол ақыл-ойдың қызметі. Ондай 
танып-білу тек философияға ғана тэн. Аристотельдің пікірінше, адамдар -
«қоғамдық жануарлар». Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мем- 
лекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы - онда көптеген 
элеуметтік, т.б. қатынастардың өріс алғандығы. Мемлекет басшысы қалыптасқан 
қоғамдық жағдайларға сәйкес адамдарды басқаруы тиіс. Әсіресе жастарды тэр- 
биелеу мэселесі басты мақсат болу керек.
Аристотель философиясының эсерін эллиндік-римдік, ортағасырлық, жаңа 
замандық жэне қазіргі философиялық көзқарастардан байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет