Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
6 6 * III тарау. Ортагасырлык, философия кумады, ол онымен келіспейтін жерлерін ашық айтып, Ұстазының кейбір ойлары-
ның түсініксіз жерлерін жетілдірді. Оның трактаттары керемет араб тілінен ерек-
шеленді жэне оқырманға түсінікті, жеңіл болды.
Ибн Синаның философиясы калам өкілдері тарапынан эрқашан қабылдана
бермеді, өйткені ибн Сина қаншалықты Платон мен Аристотельдің идеяларын
ислам сенім постулатгарымен байланыстырғысы келсе де, ол антика дүниесінің
ықпалында қалды. Сонымен, өліден қайта тірілу мэселесінде ибн Сина бұзылмау
идеясында қалды, сәйкесінше тэннің емес, рухтың мэңгі өмір сүруі, ал кұрандық
постулат өліден тэннің тірілуі және оның Жұмақтағы тэндік ләззат алуы мен
Тозақтағы тэндік жазалануы идеясына сэйкес26. Әлемнің мэңгілігі - жаратылы-
сы мәселесіне қатысты ибн Сина құрандық позицияны қолдайды, яғни элемнің
(«зат аль-‘алям») субстанциясы Аристотель айтқандай, мэңгі емес, жаратылған
(«мухдас»)27. Сонымен қатар тек ибн Сина ғана «әрекетшіл парасатты» Жебірейіл
(Алла жарылқасын!) періште деп ашық айтты, сөйтіп, неоплатондық филосо-
фияны исламдауды бір қадам алға жылжытгы, бірақ сопылықтың философиялық
негіздемелерін өндеуде оньщ идеяларьш одан кейінгі бүкіл ислам ойшылдары,
соның ішінде әл-Ғазали қолданып, дамытты.
Әл-Ғазали ортағасырлық Еуропада әл-Газель есімімен танымал. Ол
1059 жылы Тус деп аталатын мекенге жақын жерде дүниеге келген. Балалық
шағында эл-Ғазали жіп иіретін экесінен жастай айырьшады (ар. «газль»; осыдан
да оның «Газзали» атты ныспысы келіп шығады - «жіп иіруші»). Қайтыс
боларының алдында әкесі баласы мен оның ағасы Ахмадты тәрбиелеуді сопы-
лық көзқарасты ұстанушы өзінің досына аманат етіп қалдырады. Көп уақыт от
пей әкесі қалдырған мұра таусьшып, балаларды мешіттің тәрбиесіне өткізеді.
Туста әл-Ғазали алғаш рет «Фиқһ» туралы білім алып, содан кейін Джурджанға
аттанады. Бес жыл бойы діни білім алған ол еліне қайтады. Елге қайтар жолында
оның керуеніне тонаушылар шабуыл жасайды; әл-Ғазали оларға ұзақ жылдар
бойы еңбегінің арқасында жасалған дәптерлерінен басқасының барлығын бе-
руге дайын болды. «Джурджанға келгендегі жалгыз мақсатым осы дәптерлер-
де жазылған білімім еді!» - деді әл-Ғазали. Сол кезде тонаушылардың басшы-
!
сы дәптерлерін қайтарып беріп тұрып, бозбалаға мысқылдап: «Алған біліміңді
жадыңа сақтап алудың орнына сен оларды қағаз бетіне қалдырдьщ!» - дейді.
|
әл-Ғазали үшін бұл жағдай «жоғарыдан келген ескерту» секілді болды; осыдан
|
кейін ол алдағы үш жыл бойы дәптерлерін толығымен жаттап алады. 1080 жылы
!
сол уақыттағы маңызды мэдени орталықтардың бірі Нисабурға келген эл-Ғазали
j
танымал ислам ғалымдарының бірнешеуімен танысады. Солардың қатарында
«каламның» атақгы ғалымы эл-Харамейн имам аталып кеткен эл-Джүайни да
бар. ¥зақ жылдар бойы эл-Ғазали одан білім алып, оның талантты оқушылары-
ның бірі болады. Нисапурда білім ала жүріп, бір уақытта ол танымал Әбу
әл-Касым Құшайри сопының дәстүрін жалғастырупн>і Әбу Әли әл-Фармади шейх-
пен де танысады. 1085 жылы әл-Джұайнидің өлімінен кейін эл-Ғазали Бағдатқа
көшіп келіп, селжұқгардың елшісі Низам әл-Мүлкпен танысады. Ғалымдарга
қолдау көрсететіндігімен танымал елші эл-Fазалиді «Низами» университетіндегі