Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет109/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
266
Алғашқы профессиограммалық зерттеуге В.А. Сластениннің ғылыми 
зерттеулерін жатқызуға болады. Студенттің, болашақ мұғалімнің про-
фессиограммасына ғалым қоғамдық-саяси және психологиялық-педа го-
ги калық даярлығын, арнаулы білім мен әдістемені толық меңгеруін жат-
қы зады. Ғалым педагогиканың әдістемелік негіздерін, категориялары мен 
заңдылықтарын, тұлғаның даму жолдары мен әлеуметтік қалыптасуын, 
балалардың барлық жастағы даму кезеңдерінде болатын анатомиялық-
физологиялық, жастық және дербестік ерекшеліктерді білуді қарастыратын 
жоғары психологиялық-педагогикалық даярлықты мұғалім кәсібилігінің 
шешуші белгісі деп есептейді. Сонымен қатар ол педагогтің бағыттылығын 
да бір көрсеткіш ретінде санайды. Мұғалімнің кәсіби дайындығы ұғымын 
құрайтын тұлғалық және кәсіби сапаларды профессиограмма түрінде 
көрсетуге болады. Профессиограмма – мұғалімнің тұлғалық сапасының, 
қажетті педагогикалық және арнайы білімдері мен біліктерінің жиынтығы.
В.А. Сластенин өз зерттеулерінде мұғалімнің маңызды кәсіби сапа-
ла рын және оның кәсіби дайындығының құраушыларын анықтау мә се ле-
леріне талдау жасайды. Ол мұғалімнің тұлғалық сипаты мен қасиетіне бай-
ланысты кәсіби-педагогикалық және танымдық сияқты екі бағытын бөліп 
қарастырады. Кәсіби-педагогикалық бағытқа балаларға деген сүйіспеншілік, 
педагогикалық жұмысқа қызығушылық, психологиялық-педагогикалық 
қырағылық, байқампаздық, педагогикалық қиял, талапшылдық, ұйым дас-
ты рушылық қабілет, педагогикалық такт, әділеттілік, тіл табысқыштық, 
тұрақтылық пен мақсатшылдықты жатқызады. 
В.А. Сластенин мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігінің өзегі жүйелік 
антропологиялық білім болады деп көрсетеді. Мұнымен бірге ол педа го-
гикалық қызметтің үдерістік және мазмұндық компоненттерінің ара сын-
дағы қайшылықты айқындайды. Егер педагогикалық қызмет көпшілікке 
арналған болса, онда ол біршама типтілік басқару жүйесін талап етеді. 
В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, Л.И. Мищенко және т.б. педагогтік ма-
мандықтың ерекшелігіне орай педагогтің кәсіби құзыреттілігі ұғымын 
оның педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және практикалық 
жағынан дайындығы мен кәсіби шеберлігінің бірлігі ретінде түсіндіреді. 
Мұғалімнің педагогикалық ойлай білудегі (ішкі, ойлау әрекеттері) жал пы-
лама біліктілігі кезінде байқалатын теориялық дайындығының маз мұ ны 
мұғалім бойындағы аналитикалық, болжамдық, жобалау және реф лексивтік 
біліктіліктердің болуымен анықталады. Практикалық дайын дығының 
маз мұны педагогтің әртүрлі біліктіліктерінің (сыртқы, прак ти калық) қа-
лыптасуымен айқындалады. Оларға: біріктіре білу, ақпа раттық, да мы ту-
шылық және бағдарлық қабілеттерді біріктіретін ұйым дас тырушылық қа-
білеті; перцептивтік, педагогикалық қарым-қатынас және педагогикалық 
техника (жеке оқушының және оқушылар ұжымының белсенділігін көтере 


267
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
білу); қолданбалы біліктілігі (ән айта білу, сурет сала білу, музыкалық 
аспапта ойнай білу, үйірме жетекшісі, нұсқаушы, т.б.) жатады.
Осыған байланысты педагогикалық жоғары мектеп алдында педа го-
гикалық міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті кәсіби құзыретті педа-
гог дайындау міндеті тұрғаны айқын. Олар төмендегі педагогикалық мін-
деттерді шеше алатындай болуы керек: 
– рефлексивті-талдау (тұтас педагогикалық үдерісті, оның эле мент-
терін, туындаған қиындықтарды талдау және қорытынды жасау, т.б.); 
– жобалау-болжау (тұтас педагогикалық үдерісті құру, жоспарлау, 
нәтижені және алынған шешімдердің салдарын болжау);
– ұйымдастырушылық-әрекеттік (оқу-тәрбие үдерісінің әртүрлі нұс-
қа ларын іске асыру, педагогикалық қызметтің әралуан түрінің сәйкестігі);
– бағалау-ақпараттық (педагогикалық жүйенің даму болашағы тура-
лы ақпарат жинау,өңдеу, сақтау және оны бағалау);
– түзету-реттеу (педагогикалық үдеріс ағымын түзету, қажетті ком му-
никативтік байланыстар орнату, оларды реттеп отыру және қолдау).
В.А. Сластенин педагогтің профессиограммасында оның жеке тұл ға-
сының инвариантты, мұрат етілген параметрлері болу керек деп есептейді. 
Ол мұғалімге қойылатын талаптарды бір-бірімен байланысты және бірін-
бірі толықтыратын жалпы азаматтық сапалар, мұғалім кәсібінің өзіндік 
ерекшелігін көрсететін сапалар және мамандық бойынша арнайы білім, 
икемділік және дағдылар түріндегі үш негізгі компонентке біріктіреді. 
В.А. Сластенин оқытудың ұстанымын «ұстаным – бұл практикалық 
мақсаттағы ғылыми нәтижелердің өзінің көрінісін түрлерде, соңғы нә ти-
желерінде және білім беру қызметінің тұрғызу нүктесі болып табылатын 
жинақталған ұғым» деп түсіндіреді.
Жалпы педагогикада ұстанымдар – бұл білім беру мен тәрбиенің мақ-
са тына сәйкес оқытудың заңдылықтарын қолдану тәсілдерін сипаттайтын 
дидактика категориясы. Бұдан ұстанымды таным заңдылықтарының әдіс-
на малық бейнеленуі деп ойлауға болады. 
Педагогикалық теорияда оқу жұмысын ұйымдастырудың ондаған ұс-
танымдары бар (жалпы педагогикалық, дидактикалық, психологиялық, ар-
найы және т.б.). В.А. Сластенин және И.Ф. Исаев жоғары мектепте кәсіби 
педагогикалық мәдениет қалыптастырудың бірнеше ұстанымдарын атай-
ды, олар:
– білім беру мен өз бетінше білім алуды өзара байланысты ұйым-
дастыру жүйесіндегі жекелік және саралау ұстанымы;
– жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісіне кәсіби-педагогикалық 
бағыттылық ұстанымы;
– ғылыми және педагогикалық қызметтің қайшылықты бірлігі ұс-
танымы;


4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
268
– кәсіби-педагогикалық қызметтің әлеуметтік-мәдени детерминация-
сы ұстанымы;
– үздіксіздік және сабақтастық ұстанымы;
– оқытушының инновациялық қызметке қосылуы ұстанымы;
– тұлға қалыптастырудағы жүйелілік, тұлғалық-әрекеттік тұғыр лар-
дың бірлігі ұстанымы;
– кәсіби-педагогикалық өзін -өзі жетілдіру ұстанымы. 
В.А. Сластенин, С.А. Смирнов, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов «Педаго-
гика» оқу құралында педагогикалық зерттеудің нақты әдіснамалық ұста-
ным дарын ұсынды, жүйелілік, жекелік, әрекеттік, диалогтық, мәдени, этно-
пе дагогикалық, антропологиялық амалдардың мазмұнын ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет