4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
270
педагогикалық пәндердің болуы педагогиканың құрылымын зерттеуді
қажет етеді деп тұжырымдайды [45].
Н.А. Вершинина өз зерттеуінде жүйелік тұғыр негізінде педагогиканың
ғылымдар жүйесіндегікіші жүйе ретінде қарастырады, педагогиканың пәндік
деңгейде ұйымдастырылуының ерекшеліктерін анықтады, педагогиканың
жан-жақты дамуын талдауға мүмкіндік беретін ғылымтанудың теориялық
қағидаларын басшылыққа алды.
Ғылымтанулық теориялық білімге жататындар:
Нақты педагогикалық пәнді зерттеудің пәндік тұғырын мектепке
дейінгі жастағы балаларды бейнелеу өнеріне үйрету әдістемесін зерттеуге
пайдаланды, осы әдістеменің даму тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырды.
Әдістеменің пәндік мәртебесінің когнитивтік стратегиясы әдістемені
жеке пән ретінде тануға негіз береді.
Н.А. Вершинина педагогиканың құрылымына педагогика, педагогика
тарихы, педагогика әдіснамасы, педагогикалық ғылымтану мен педа го-
гикалық ғылыми метрияны енгізді.
Бордовская Нина Валентиновна – педагогика ғылымдарының докторы,
профессор, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің тұлғалық және
кәсіби өсу психологиясы мен педагогикасы кафедрасының меңгерушісі.
Ғалым жалпы педагогика мен педагогикалық зерттеу әдіснамасы сала-
сын дағы танымал ғалым. Ол педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзіндік
дамуы, педагогиканың әдіснамалық мәдениеті, педагогикалық модельдеу
және жобалау, педагогикалық фактология және праксеология, феномено-
логия және терминология мәселелерін зерттейді.
Сонымен қатар Н.В. Бордовская оқулықтар, авторлық бағдарламалар,
оқу құралдарын жазып даярлады. Солардың ішінде «Педагог-зерттеушілерді
көпдеңгейлі дайындау бағдарламасы», «Педагог-зерттеушінің ғылыми із-
денісінің әдіснамасы» атты кітаптары магистранттарға педагогикалық зерт-
теу логикасын меңгеру үшін қажет болып табылады.
Н.В. Бордовская «Педагогикалық системология»
атты монографиясында педагогикалық жүйетанудың
даму көздері мен қалыптасуының алғышарттары,
педагогиканың жүйелік қызметін талдау мақсаты,
міндеттері, пәні және педагогикалық білімдерді
жүйелеу деңгейлері қарастырылды. Педагогикалық
жүйетанудың теориялық негіздеріне ғылыми аппа-
рат, семантика мен прагматика алынды. Педагоги-
када жүйелілік тұғырмен қатар системологиялық
тұғырды педагогика әдіснамасы, теория мен практи-
ка деңгейінде ашып көрсетті.
Педагогикалық системология педагогикалық шынайылықты прак ти-
калық, теориялық, әдіснамалық, ғылымтанулық деңгейде талдауға күрделі
271
4.3. Заманауи әдіснамашы ғалымдар
жүйелердің тиімді қызмет жасауының жалпы заңдылықтары тұрғысынан
қарастыруға мүмкіндік жасайды [35].
Қазіргі уақытты педагогика тарихы саласында әдіснаманы зерттеуші
жетекші ғалымдардың бірі Богусла́вский Михаи́л Ви́кторович болып табы-
лады.
М.В. Богуславский – педагогика ғылымда ры-
ның докторы, профессор, Ресей Білім акаде мия-
сының корреспондент-мүшесі. Ресей Білім ака де-
миясы Педагогиканың теориясы мен тарихи инс-
титутының білім беру мен педагогика тарихы бө-
лі мінің меңгерушісі. М.В. Богуславский білім беру
әдіс намасы, теориясы мен тарихы саласындағы же-
текші маман. Профессор педагогика тарихын зерт-
теудің әдіснамалық тұғырларының жүйесін (па ра-
дигмалық, өркениеттік, аксиологиялық) жасады,
тарихи-педагогикалық материал негізінде эксперимент жүргізудің әдіс на-
масы мен технологиясын алғаш рет ұсынды, білім беру философиясы сала-
сында ірі зерттеулерді жүргізді.
Дидактикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін жасаушылардың
алдыңғы лебінде В.И. Загвязинскийдің орны ерекше.
Загвязинский Владимир Ильич – көрнекті ға-
лым педагог, ғылыми зерттеуші ұжымды ұйым-
дас ты рушы, РБА академигі (1992), педагогика
ғылым да рының докторы (1973), профессор (1975),
1930 жы лы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1952
жы лы Тюмень пединститутын бітірген, мектеп-
терде және Ишим пединститутында сабақ берді
(1966–1970 жылдары – проректор). 1973 жылдан
Тө мен университетінде педагогика және психоло-
гия кафедрасының меңгерушісі. 1994 жылдан бері
РБА Сібірдегі аймақтық орталығының төрағасы. В.И. Загвязинскийдің ең-
бек терінде педагогтің зерттеуін оның еңбегінің жинақталған сапасы әрі
әрекетіне шығармашылық сипат беруші ретінде қарастырады. 1990 жыл-
дан педагогикалық жобалау және инновациялық үдерістер, жоғары мектеп
педагогикасы, аймақтық білім беру мәселелерімен айналысады.
В.И. Загвязинский педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері, оқыту
үдерісінің кіріккен бөліктері туралы тұжырымдаманы негіздеп, жоғары
мектептің дидактикасы мен әдістемесіне зор үлес қосты.
Академик В.И. Загвязинский «Методология и методы дидактических
исследований», «Противоречия процесса обучения», «Педагогическое
предвидение» және басқа да еңбектерінде педагогиканың теориялық іргелі
|