Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет119/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
288
Григорий Абрамович – әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университеті 
тарих факультетінің түлегі. Университетті 1954 жылы бітірген Григорий 
Абрамович еңбек жолын Алматы медицина училищесінде тарих пәнінің 
мұғaлімі болып істеуден бастайды. Кейіннен Алматы қаласындағы еңбек 
колониялары мектептерінде ұстаздық қызмет атқарады, кейін сол мектептің 
директоры болып жұмыс істейді.
Г.А. Уманов сол кездің өзінде «қиын» балаларды тәрбиелеудің ерек-
ше ліктерін зерттеумен айналысты. Бұл зерттеу жұмыстарының негізінде 
60-жылдардың бас кезінде «СССР-де кәмелетке жетпеген балалардың 
қылмыс жасау себептері» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын 
ойдағыдай қорғап шықты.
Г.А. Уманов 1975 жылдан бастап Абай атындағы Қазақтың ұлттық пе-
дагогикалық университеті педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін 
атқарды. 
Г.А. Уманов педагогика кафедрасын 22 жыл басқарды, оның басшылық 
жасаған кезінде кафедрада 90 кандидаттық, 25 докторлық диссертация қор-
ғалды. Педагогика кафедрасы Қазақстандағы педагогика саласында ғы-
лыми мектептер қалыптастырды және танымал ғылыми-педагогикалық 
ма мандарды даярлап шығарды. Педагогика кафедрасында оның іскерлік-
кә сіби сапаларымен қатар, ұйымдастырушылық қабілеті мен ғалым ретінде 
ка сиеттері қалыптасты. Кафедраны басқаруда ол профессор Р.Г. Лембергтің 
және доцент Райхан Иржанованың дәстүрін одан әpi жалғастырды.
Кафедраны басқарған кезінде Григорий Абрамович кафедра мү ше-
лерімен бірге біршама жаңашылдық істерді іске асырды. Сондай жаңа шыл-
дық істердің қатарына 1988 жылы қала мектептерінің базасында ғылыми 
оқу-әдістемелік кешендерді құру идеясын жатқызуға болады. Ғылыми 
оқу-әдістемелік кешендердің базасында студенттердің тәжірибесі icкe асы-
рылды, аспиранттардың, мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен 
кафедра оқытушыларының зерттеу нәтижелері сынақтан өткізілді. Мек-
тептің педагогикалық ұжымымен байланыстың екіжақты пайдасы болды. 
Ол – бipнeшe ғылыми еңбектердің авторы. Атап айтқанда, «Жеке оқу шы-
лармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мәселелері» (1968), «Кәсіптік-тех-
никалық училищедегі тәрбие жұмысының жүйесі» (1969) атты моно гра-
фия лары жарық көрді.
1970 жылы Г.А. Уманов «Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім бе-
руді дамытудың педагогикалық проблемалары» тақырыбында докторлық 
диссертациясын қорғады. Ол республикада педагогика ғылымын дамытуға 
ерекше еңбек сіңірді. Көп жылдар кандидаттық және докторлық кеңестердің 
төрағасы және мүшeci болды. Г.А. Уманов аспиранттардың, ізденушілердің 
кандидаттық және докторлық диссертацияларына ғылыми жетекшілік eттi.


289
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Г.А. Умановтың ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттарына 
Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім берудің қалыптасу және даму тен-
денциясының тарихы, шетелдерде білім берудің және педагогикалық кадр-
ларды даярлаудың даму тарихы, орта және жоғары мектеп дидактика сы ның 
ғылыми негіздері, сонымен қатар «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу дің 
теориясы мен тәжірибесі жатады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтиже лері 
Г.А. Умановтың жарық көрген 120 еңбегінде көpiнic тапты.
Григорий Абрамович Уманов халықаралық деңгейде таяу және алыс 
шетелдермен ғылыми-педагогикалық байланыста жұмыс істеді. Педагогика 
ғылымын дамытудағы ерекше еңбегі және белсенді шығармашылық ғылыми-
зерттеу жұмысы үшін Григорий Абрамович «Қазақ КСР халық ағарту ісінің 
үздігі», «СССР денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгілерімен, Н.К. Крупская 
және Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдармен және «Қазақ КСР Жоға-
ры мектебіне еңбегі сіңген қызметкер» құрметті атағымен марапатталды.
Қазақстанда профессор Н.Д. Хмельдің тұтас педагогикалық үдеріс 
теориясын зерделеген ғылыми мектебінің орны ерекше.
Хмель Надежда Дмитриевна Украинаның Полтава облысы, Варваровка 
селосында 1928 жылы дүниеге келді. 
1946 жылы Н.Д. Хмель Абай атындағы Қа-
зақ тың педагогикалық институтының жаратылыс- 
тану-география факультетіне оқуға түcті. Инсти-
тутты үздік бітіргеннен кейін Алматы қаласында 
35-мектепте химия мен биологиядан сабақ берді. 
1962 жылдан 2008 жылға дейін Абай атындағы 
Қазақтың педагогикалық институты педагогика ка-
федрасының профессоры болып жұмыс icтeді.
Дидактика саласында белгілі ғалым, ұлағатты 
ұстаз. Н.Д. Хмель 1965 жылы көрнекті ғалым, про-
фессор Р.Г. Лембергтің ғылыми жетекшілігімен 
«Жоғары сынып оқушыларының жан-жақты қызығушылығын қалып-
тас тырудағы жұмыстар» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, ал
1986 жылы «Мұғалімді кәсіби даярлаудың теориялық негіздері» тақы ры-
бында докторлық диссертациясын қорғады. 
Әртүрлі жылдарда оның көптеген еңбектері жарық көрді. «Жоғары 
сынып оқушыларының мәдени қызығулары» (1964), «Студенттердің өз 
бетімен жұмысын ұйымдастыру» (1969), «Педагогикалық мәдениет және 
педагогикалық шеберлік» (1974), «Педагогикалық үдеріс – мұғалімнің 
қызметінің нысаны» (1979), «Мұғалімді кәсіптік даярлаудың теориялық 
негіздері» (1998), «Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздерінен 
магистранттарға арналған арнаулы курстың бағдарламасы», «Теория и тех-
нология реализации целостного педагогического процесса» (учебное посо-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет