Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет118/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
286
гия лық, мәдени, технологиялық, тұлғалық-бағдарлы амалдарды қолдану 
тиімді болады деп есептейді.
А.П. Сейтешевтің зерттеулерінің нәтижелері:
– кәсіби педагогиканың теориялық тұжырымдамасы мен әдіснамасы;
– мектеп оқушыларын өндірістік мамандықтарға бағдарлаудың әдіс-
намалық ұстанымдары;
– оқушы тұлғасында кәсіптік бағыттылықты тәрбиелеу жүйесінің 
тұжырымдамасы мен моделі;
– үздіксіз кәсіптік білім берудің әдіснамасы мен ғылыми тұжы рым-
дамасы;
– «инженер-педагог» маманның моделі және ауыл шаруашылығы 
саласы жоғары оқу орнында болашақ инженер-педагогтің тұтас тұлғасын 
кезеңдік қалыптастырудың тұжырымдамасы;
– жоғары оқу орнындағы тәрбие жүйесін қайта құрудың жаңа тұ жы-
рымдамасы.
Кәсіптік педагогиканың негізін салушы, педагогика ғылымдарының 
докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым акаде мия-
сының академигі, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңір ген қай-
рат кер Ажес Петрович Сейтешев 1929 жылы қазан айының 9-жұл ды зында 
Атырау облысы, Индер ауданы) дүниеге келді. 
1946 жылы қаладағы қолөнер училищесіне оқуға түсіп, оны 1948 жылы 
токарь мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. Сол жылы жолдамамен 
Ташкент қаласындағы индустриялық педагогикалық техникумға оқуға 
түседі. Қырғызстанның Фрунзе қаласына мамандығы бойынша жолдама 
алады.
Фрунзе қаласындағы 3-інші техникалық училищеде өндірістік оқу 
шеберінің қызметін атқара жүріп, кешкі политехникалық институтқа 
оқуға түсіп, оны 1962 жылы үздік дипломмен бітіріп, осы училищеде оқу-
өндіріс жөніндегі директордың орынбасары және директоры қызметін 
атқарады. 1969 жылдан 1974 жылға дейін Қырғыз педагогикалық ғылы-
ми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
1975 жылдан 1980 жылдарға дейін жоғарыда аталған институттың кәсіптік-
техникалық педагогика бөлімін басқарды. 1980 жылдан бастап Қазақтың 
ауылшаруашылық институтында инженерлік-педагогикалық факультетінде 
еңбек етті.
А.П. Сейтешев кәсіптік-техникалық училищелерде оқушының жеке 
тұлғасын кезеңмен қалыптастырудың теориялық тұжырымдамасы негі-
зін де Қырғызстан және Қазақстан мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ин-
тенсификациялау бойынша 20 жылдан астам тәжірибе жұмысын жүргізді.
1964 жылы кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғаса, 1973 жы-
лы болашақ жас жұмысшыларды даярлаудың әлеуметтік-психологиялық 
және педагогикалық мәселелері бойынша докторлық диссертация қорғады.


287
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Қазақтың ауылшаруашылық институтының кәсіптік педагогика кафед ра-
сының меңгерушісі, профессоры, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Профессор Ажес Петрович Сейтешев Орта Азияда және Қазақстанда, 
қала берді Ресейде кәсіптік-техникалық педагогика саласындағы көрнекті 
маман, ғалым болды. Оның 42 монографиялық еңбегі, 24 оқулығы, 80 кі та-
бы, мыңнан астам ғылыми-әдістемелік мақалалары жарық көрді. А.П. Сей-
тешев көп жылдар болашақ жас жұмысшы тұлғасын қалып тас ты рудың тұтас 
үдерісін зерттеу мәселесімен айналысты. Осы тақырыпта бірнеше мо но гра-
фиялық еңбектері мен кітаптары жарияланды. А.П. Сей те шев Қазақстан 
Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі және бұрынғы 
КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі секілді ғылыми 
атақтарга ие. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі ба ғыт тары:
1. А.П. Сейтешевтің ғылыми жұмысы кәсіби педагогиканың, жоғары 
мектеп педагогикасының, кәсіптік оқытудың психологиялық мәселелері, 
жастарды кәсіби даярлау жүйесінің ғылыми тұжырымдамасы мен әдіс-
на масын жасау; кәсіптік бағдар беру жүйесін құрудың әдіснамалық қа ғи-
далары; кәсіби педагогикада жобалық зерттеулердің негізгі бағыттары.
2. А.П. Сейтешевтің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі басты ба-
ғыты – болашақ жас жұмысшының жеке тұлғасын тұтас үдерісте қа-
лыптастырудың ғылыми тұжырымдамасы.
А.П. Сейтешевтің «Оқушылардың техникалық қызығушылығын да-
мыту», «Кәсіптік-техникалық училищенің оқушылары мен жас жұмыс шы-
лардың кәсіптік бағыттылығын тәрбиелеу жолдары», «Оқушыларды жұ-
мысшы мамандығына бағдарлаудың педагогикалық негіздері», «Бо лашақ жас 
жұмысшының жеке тұлғасын қалыптастыру жолдары» және т.б. еңбектері 
мектеп мұғалімдері, кәсіптік-техникалық училищелердің ше берлері мен 
оқытушылары үшін аса құнды түспейтін кітаптары болып есептеледі.
Қазақстанда орта кәсіптік-техникалық білім беру, 
тәрбиесі қиын балалар мәселелерін алғашқылардың 
бірі болып профессор Г.А. Умановтың ғылыми мектебі 
зерттеді. Г.А. Умановтың ғылыми мектебінде тұлғаны 
әлеуметтендіру, (В.В. Трифонов, Г.Ж. Меңлібекова жә - 
не т.б.); тәрбиесі қиын ба ла лар мен жұмыс (Л.К. Ке-
рімов және т.б.), жоғары пе дагогикалық білім беру маз-
мұнын дамыту және мұ ғалімдердің шығармашылық 
қабілетін дамыту (Ш.Т. Таубаева, А.Д. Қайдарова,
В.В. Шахгулари және басқалар) мәселелері терең 
зерттелді.
Уманов Григорий Абрамович – Абай атындағы Қазақтың ұлттық 
педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының 
докторы, Қазақстан Республи ка сы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет