Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет120/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
290
бие, 2002), «Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық үдеріс» (2002). 
Бұл еңбектердің барлығы да Н.Д. Хмельдің мұғалім қызметін жетілдірудің 
теориялық және практикалық негіздері туралы ізденістері болып табылады.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.Д. Хмельдің ғылы-
ми ізденістерінің негізгі бағыттары – мектеп пен жоғары оқу орнының тұтас 
педагогикалық үдерісінің ерекшеліктері мен оны icкe асыруға педагогтің 
даярлығының мазмұны арасындағы өзара байланысын анықтау. Бұл мәселе 
және оның жекеленген қырлары Н.Д. Хмельдің басшылығымен орындалған 
жұмыстарда өз шешімін тапты. Бүгінде олар жалғасын тауып, мұғалімді 
кәсіби даярлаудың әртүрлі қырларына байланысты тақырыптарға арналған 
70-тен астам кандидаттық және докторлық диссертациялар және ондаған 
зерттелініп жатқан жұмыстардың мазмұнында қарастырылып отыр. Зерт-
теу міндеттерін шешуге шығармашылықпен қарау және ғылыми-пе-
дагогикалық жұртшылықтың тарапынан өз бағасын алуы 1976 жылы про-
фессор Н.Д. Хмельдің жетекшілігімен кафедрада «Жоғары педагогикалық 
оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми негіздері» атты зертхана-
ны ұйымдастыруға негіз болды.
Н.Д. Хмельдің 5 монография, 150-ден астам ғылыми еңбегі жарық 
көрді. Көп жылдар диссертациялық кеңестің ғалым-хатшысы, докторлық 
кеңестің мүшeci, кейін төрайымы болды.
Республикада педагогика ғылымын дамытудағы қызметі мен бел сенді 
шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін «Қазақстан Рес пуб ли-
касының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
Біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасының дамуы- 
на ХХ ғасырдың екінші жартысында Н.Д. Хмельдің ғылыми мектебі зор 
үлес қосты. Оның эволюцияны зерттеудегі арнайы әдіснамасының не-
гізіне тарихи-генетикалық ұстаным алынған. Н.Д. Хмельдің ғылыми тұ-
жырымдамасын орта және жоғары мектеп педагогикасын, болашақ мұ-
ғалімдердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесін 
зерттеудің әдіснамалық базасы ретінде қарастыруға болады.
Ғалымдардың пікірінше, ғылыми мектеп құру үшін ғалымның идеясы, 
оның зерттеу бағдарламасы, ғылыми және педагогикалық жұмыстың өзгеше 
стилі, ақпараттық байланыстар және т.б. болуы шарт. Қазір Қазақстанда 
Н.Д. Хмель, Н.Н. Хан, М.С. Сарыбеков, К.С. Успанов, С.Т. Каргин және т.б. 
ғылыми-педагогикалық мектептері жұмыс істеуде.
Тұтас педагогикалық үдерістің теориясын жасаған қазақстандық ғалым 
Н.Д. Хмельдің ғылыми-педагогикалық мектебінің зерттеулері төмендегідей 
бағытты қамтиды: тұлғалық (педагогтің тұлғалық сапа көрсеткіштері); 
кәсіби бағыттылық (педагогтің кәсіби өсуі); педагогтің дидактикалық 
даярлығы; педагогті кәсіби даярлаудағы әртүрлі іс-әрекеттер рөлі; тұтас 
пе дагогикалық үдерісте оқу мен оқудан тыс уақыттардың бірлігі; бас қа ру-
шы лық; диагностикалық; педагогтің өз білімі мен біліктілігін жетілдіруі. 


291
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Профессордың ғылыми мектебінің тағы бір жетістігі студенттерді, 
магистранттарды, докторанттарды даярлаудың теориясы мен практикасы-
на байланысты болды. Республикада 1996 жылы эксперименттік режимде 
басталған магистрлік бағдарламаны жүзеге асыруға әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінде профессор бастаған ғылыми мектеп мү ше-
лері белсене қатысты.
Ұлттық білім мазмұны, ұлттық тәрбие әдістері жалпы ғылымда, оның 
ішінде педагогика ғылымында саралануда. 1990 жылдан бері 35 докторлық, 
250 кандидаттық диссертация этнопедагогика саласында қорғалды. Бұл – 
баға жетпес құндылық. Бұл салада профессорлар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, 
С.А. Ұзақбаева, К.Ж. Қожахметова жетекшілік етіп келе жатқан ғылыми 
мектептер қалыптасуда.
Ғылымда бағыт көп. Әрбір ғалым өзінің танымдық, өмірлік, кәсіби 
және менталдық тәжірибесіне, интеллектуалдық әлеуетіне сәйкес белгілі 
бір ғылыми бағытта еңбек етеді. Ғылымды жаңа білім жасап шығаратын 
өндіріс деп ұғынсақ, ғылыми бағыт соның идеясын, теориясын, ұс та ным да-
рын түсінуге негіз болады. Өйткені ол бағытта нақты ғылымнан қор жи нақ-
талып, реттеліп, жүйеленеді. 
Жаңа ғылыми білім, яғни этнопедагогиканың пайда болуы бірқатар 
әдіснамалық мәселелерді туындатады. Осы уақытқа дейін дайындалған 
«Қазақтың тәлім-тәрбиесі», «Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер антоло-
гиясы» (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), «Қазақтың тәлімдік ойлар антология- 
сы» (С. Қалиев, К. Аюбай), диссертациялық зерттеулер, «Мәдени мұра» 
бағдарламасы бойынша жарық көрген философия, педагогика, психоло-
гия бағыттарындағы зерттеулер нәтижелері ғылыми ізденіске өте қажет. 
Ғылымтанудағы, әсіресе педагогикалық ғылымтанудағы қағидаларға
сүй ен сек, зерттеушілер этнопедагогика ғылымының негіздерінің, әдіснама-
сы мен теорияларының, ұстанымдарының, әдістерінің қай уақытта, кімнің 
еңбегінде, қай түрде бастау алғанын қазақ тілінде жете танысуға мүмкіндік 
алып отыр. Осы материалдардың жинақталуымен тұспа-тұс жүйелі ғы лым-
дардың жетік меңгергендігінің арқасында этнопедагогиканың теориялық-
әдіснамалық негіздері зерделене бастады.
Этнопедагогикалық зерттеулердің эмпирикалық 
және ғылыми прак тикалық базасын профессорлар 
Қ.Б. Жарықбаев пен С.Қ. Қалиев жасады.
Профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев – Қа-
зақстан Республикасы ғылым мен техника қай рат-
кері, педагогика ғылымдарының докторы, психо-
логия ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰУ 
Этнопедагогика және этнопсихология орталығының 
тұрақты жетекшісі және негізін қалаушысы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет