295
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
1. Қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері.
Этнопедагогиканы жеке оқу пәні ретінде құрудың әдіснамалық мәселелері.
2. Салыстырмалы этнопедагогикалық зерттеулердің мәні, мазмұны.
Тарихи-мәдени шығармашылық мұраның этнопедагогикалық әлеуеті.
3. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысында оқушылардың ұлттық құнды-
лық тарын және этностық мәдениетін қалыптастыру үдерістері.
4. Мектептің тәрбие жүйесін дамыту мәселелері. Мектеп басқару
теориясы мен әдістемесі. Мұғалім біліктілігін жетілдіру тетіктері.
5. Білім беру ұйымдарында этнос субъектісін қалыптастырудың әдіс-
намасы. Көптілді және көпмәдени білім берудің
теориялық-әдіснамалық
негіздері.
6. Оқушылар мен студенттердің технологиялық мәдениетін қалып тас-
тырудың теориясы мен тәжірибесінің этнопедагогикалық негіздері.
Ғылыми нәтижелер қомақты, зерттеулер әдіснамалық, теориялық
деңгейде жүргізілген және нәтижелердің білім беру ұйымдарында енгізілу
дәрежесі жоғары, интеллектуалдық әлеуеті биік. Ғылыми мектептің Рес-
публикалық ғылыми-әдістемелік журналы «Білім беру жүйесіндегі этно-
педагогика – Этнопедагогика в системе образования» журналы респуб ли-
каның білім беру саласына,
ғылыми қызметкерлерге белгілі, танымал.
Профессор К.Ж. Қожахметованың ғылыми мектебінің ізденістік аху-
алының ерекше тұстары: профессордың мектеп мүшелерінің білім беру
практикасында тәжірибені жинақтап, талдай білу деңгейінің жоғары болуын
және тақырып аумағындағы әдебиетті мәнді талдай білуін талап етуі, осы
жұмысқа зерттеушілерді ұйымдастыра білуі, зерттеудің объективті, шындық
педагогикалық болмыстан алынуы, зерттеу ісінің шеберлігіне ерінбей
үйретуі, ғылыми мінбелерде өз ойларын айтуға,
ғылыми дискуссияларға
қатысуға бағыттауы, тақырып саласында мемлекеттік іс-шараларға қа ты-
суын қадағалауы, сын-ескертпелерді үнемі ойландырып жауап іздетуі, та-
қырыптың болашағын іздестіруі, өз айналасындағы шәкірттерін бір ұжым-
ның мүшелері етіп баптауы кімге де болса үлгі деп білеміз.
Этнопедагогика саласындағы тұжырымдамалар мен теориялар бо ла-
шақ ұлттың интеллектуалдық әлеуетінің негізіне алынады. Себебі эт ни-
калық мәдениет, этнопедагогика этномәдени білімнің қайнар бұлағы болып
табылады. Ғылыми мектеп мүшелері этнопедагогиканың оқыту әдістемесін
іздестіруде. Оған дәлел – аталмыш журналдағы рухани кемелдену са бақ-
тары, тренингтер,
конференциялар, глоссарий және т.б. тәжірибелер,
ойлар, пікірлер. Ұлттық білім мазмұнын, ұлттық тәрбие мазмұнын этно-
пе дагогикаға негіздеп жасау жолдары іздестірілуде. Демек, профессор
К.Ж. Қожахметованың жетекшілігімен этнопедагогиканың әдіснамасы,
тео риясы,
әдістемесі, технологиясы тұтасымен толыққанды зерделенуде.