4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
298
Қазақстанда бір топ ғалымдар педагогика тарихы және салыстырма-
лы педагогиканың әдіснамасы мен зерттеудің әдістерін терең зерттеді
(В.Г. Храпченков, Г.Қ. Нұрғалиева, А.Қ. Құсайынов және т.б.).
В.Г. Храпченковтың монографиясында педагогика әдіснамасының
даму үдерістері мен кезеңдері саяси-қоғамдық өмірмен тығыз байланыста
қарастырылды.
Храпченков Владимир Георгиевич – педагогика
ғылымдарының докторы, профессор. Ол көп уақыт
Қазақстанда еңбек етті.
В.Г. Храпченков: «Әдіснама дегеніміз – бұл ғы-
лыми зерттеу әдістерін зерделеуге және түзуге ба-
ғытталған ғылыми-танымдық қызмет теориясы. Оны
гносеология мен танымның жалпы тео рия сы ның
құрамдас бөлігі ретінде таным әдістері немесе зерт-
теу тәсілдері туралы ілім деуге де болады», – деп
анықтама береді. Осыған байланысты әдіс намалық
амалдар туралы анықтау қажеттілігінің көкейкестілігі
шығады. Тұғыр – зерттеу міндеттері анықтаған міндеттерді шешудің негізгі
жолы, ол осы шешімнің стратегиясы мен бағытын ай қындайды [247; 248] .
В.Г. Храпченков өз еңбектерінде тарихи-педагогикалық зерттеулерде
тарихи-мәдени, жүйелік-құрылымдық, әлеуметтік-формациялық, тұтастық,
кешенді және басқа тұғырларды кеңінен қолдану тиістілігін атап көрсетеді
В.Г. Храпченков – Новосібірлік мемлекеттік педагогикалық уни вер-
ситеті Балалық шақ институтының педагогика және бастауыш білім беру
кафедрасының профессоры. Оның еңбектері педагогика әдіснамасында
тарихи-педагогикалық зерттеулердің сауатты жүргізілуіне септігін ти-
гізді. «Қазақстанда жалпы орта білім беруді дамытудың үрдістері мен ере-
кшеліктері» атты монографиясында В.Г. Храпченков педагогикалық және
тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері бағытында
жұмыстарын жеті кезеңге бөліп терең талдаған.
Бірінші кезеңде ғалымдар ресми педагогиканың теориялық-әдіснама-
лық базасы Маркс, Энгельс, Лениннің еңбектері болғанын атап өтті.
Екінші кезеңде (1927–1930) педагогика ғылымының әдіснамалық
мәселелері туралы пікірталастар орын алды. Пікірталастарда: педагогиканың
пәні, педагогика мен философияның, педагогика мен саясаттың өзара
қатынасы, жеке тұлғаның қалыптасуындағы биологиялық пен әлеуметтік
арақатынастар және т.б. қарастырады.
Үшінші кезең – 30-жылдардың соңы, Ұлы Отан соғысы жылдарын
қамтыды.
Төртінші кезең соғыстан кейінгі жылдар мен 50-жылдардың соңын
қамтиды. Бұл кезеңде еркін ойлауға әдіснамалық және саяси қысым
көрсетілді.
299
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Бесінші кезеңде 50-60 жылдардың екінші жартысында педагогиканың,
оның әдіснамасының және теориясының біршама дамыған уақыты бол-
ды. 4 томдық «Педагогикалық энциклопедия» жарық көрді. Тарихи-педа-
го гикалық зерттеулер, дидактикалық монографиялық ізденістер өрістеді.
1969 жылдары педагогикалық зерттеулер қарқынды дами бастады.
Алтыншы кезең – 70-80 жылдардың орта шегі. 1971 жылы «Педа го-
ги каның әдіснамасы мен зерттеулер әдістемесі мәселелері» атты моно-
графияның жарық көруі елеулі оқиға болды. 1979 жылы «Педагогикалық
эксперименттің теориясы мен практикасы», 1980 жылы «Педагогикалық
зерттеулер әдіснамасы, 1985 жылы «Педагогика ғылымының әдіснамалық
мәселелері» атты кітаптардың басып шығарылуы ерекше құбылыс болып
есептелді [155].
Жетінші кезең – 80-жылдардың ортасы мен қазіргі уақытқа дейін.
Бұл кезеңде «Кеңестік педагогика» журналы әдіснама туралы пікірталас
мінбесіне айналды [247].
Ғылым әдіснамасының, оның ішінде педагогика әдіснамасының даму
үрдістерін ескере отырып, зерттеулер теориялық-әдіснамалық білімдерге,
тұғырларға, ұстанымдарға және әдістерге негізделіп жүргізіле бастады.
В.Г. Храпченковтің тұжырымдамасына сәйкес, әдіснаманы педагоги-
ка лық және тарихи-педагогикалық зерттеулерде қолдану мәселесі тәрбие
мен білім беру құбылыстарын зерделеудің маңызды бөлігі болып табылады.
Нұрғалиева Гүл Құмашқызы – педагогика
ғы лымдарының докторы, профессор (1995), ҚР
Әлеу меттік ғылымдар академиясының, Халық ара-
лық акмеология академиясының, Халықаралық
ақпараттандыру академиясының академигі.
Ғылыми-зерттеу бағыты: педагогикадағы аксио-
ло гиялық тұғыр, тұлғаны дамытудың педагогикалық
технологиясы, педагогикалық валеология, кәсіптік
білім беру тұжырымдамасы, қашықтан оқыту
жүйесі, білім беруді ақпараттандыру технологиясы.
«Срав нительная педагогика», «Педагогика профес-
сионального образования» оқулықтарының қосалқы авторы, «Преемствен-
ность в развитии научной шко лы» атты ғылымтанулық монография жазып
шы ғарды.
Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесінің арнайы бағыты са-
лыстырмалы-педагогикалық зерттеу пәні болып табылады. Қазақстан мен
Германияның жоғары инженерлік білім беру мәселесіне арналған алғашқы
докторлық диссертацияны А.Қ. Құсайынов қорғады.
Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы – педагогика ғылымдарының док-
торы, профессор, доктор-инженер. 2004 жылы Асқарбек Қабыкенұлы
|