Ұлыбритания университеттері
. Ұлыбритания университеттерінде жа-
зуды дамытуға оқыту уақытында да көңіл бөлінеді, бірақ бұл америкалық
университеттермен салыстырғанда басқа жолмен жүргізіледі. О. Круз жа-
зуға оқытудың ағылшындық дәстүрін абсолютті ерекшелеп сипаттайды.
Ол бойынша маңызды рөлді академиялық ортадағы ауызша және жазбаша
қа рым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатын көздеген және тұрақты
сабақтарды сүйемелдейтін жеке-дара кеңес берулер алады. Екі жүйенің
4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
316
басты айырмашылығы жетекші британдық университеттерде міндетті жазу
курстарының жоқтығында. Барлық төрт жоғары оқу орнында шелелдік
студенттерге арналған арнайы курстар бар (EAP түрлі нұсқалары). Басқа
кейбір университеттерде (мысалы, Кембридж университетінде), Лондонның
императорлық колледжінде (Imperial College London) таңдау курстары,
Оксфорд университетінде кішігірім онлайн-курстар ұсынылады. Жазу
дағдыларын дамытудағы барлық қолдау студенттерге тіл орталықтары (немесе
жазу орталықтары) арқылы көрсетіледі. Қалыптасқан жағдай бойынша, олар
жеке-дара кеңес берулер, жазудың белгілі бір дағдыларын дамыту бойынша
қысқа мерзімді курстар, сонымен қатар ақпараттық және ресурстық қолдау
ұсынады. Студенттерге арналған кейбір ресурстарды (мысалы, плагиатты
болдырмау) сайтта еркін нұсқада алуға болады. Дегенмен университеттердің
көпшілігінде барлық онлайн-ресурстар университетішілік желіде (Кембридж
және Оксфорд университеттерінде сырттан қолжетімсіз, жазу ресурстары)
немесе кітапхана сайттарынд орналасқан.
Сайттарда сонымен қатар оқытушыларға арналған қолдау бар (мысалы,
Кембридж және Оксфорд университеттерінде), бұл келесідей қорытынды
жасауға мүмкіндік береді: кейбір жетекші университеттерде WAC және
WID принциптері қолданылады, дегенмен америкалық жоғары оқу
орындарындағыдай қайсыбір пәнді оқу бойынша міндетті талап жоқ.
Басқа университеттер (Канада, Жапония, Швейцария). Канадалық
үш университеттің біреуі (UniversityofBritishColumbia) студенттерге әр-
түр лі тілдік және коммуникативтік құзыреттіліктерді дамыту мақсатын
көз деген және әртүрлі тақырыптағы міндетті курстарды ұсынып, жазуға
оқы тудың америкалық үлгісін қолданады. Торонто университетіндегі жағ-
дай басқаша, онда студенттерден міндетті курсты оқу талап етілмейді,
бі рақ жазудың жалпы және арнайы дағдыларын дамыту мақсатындағы
курс тардың («ProfessionalWriting» деп аталатын курстар) көптеген саны
таң дауға ұсынылады. Университет жазу дағдыларын дамытуға ықпал
ететін көптеген әртүрлі ресурстар ұсынады: академиялық жазу бойынша
ақпараттық материалдар мен арнайы семинарлар сайтқа бекітілген.
Үшінші канадалық университет – Макгилла (McGillUniversity) тіл қол-
данушылары мен қолданбаушы студенттерге жазу бойынша бірнеше әр-
түрлі курстар ұсынады. Студенттерді қолдаудың барлық басқа түрлері жазу
орталықтары арқылы жүргізіледі.
Жапония университеттерін (TheUniversityofTokyo, KyotoUniversity)
тал дауға көше отырып, аталған университеттердегі оқу тілі ағылшын тілі
болмағандықтан, сайтта ағылшын тілінде берілген ақпараттың аз бө лігі
ғана жазу дағдыларын дамыту туралы екенін айтамыз. Оқытуды интер-
ұлт тандырудың ғаламдық үрдісіне сәйкес екі университет те студенттерге
ағылшын тіліндегі кейбір курстарды ұсынады және, сәйкесінше, жапондық
317
4.5. Педагогтің зерттеу әрекетіне даярлығы
студенттер үшін ЕАР бойынша курстар ұйымдастырады. Шетелдік сту-
дент тер үшін керісінше, академиялық мақсатта жапон тілін оқыту ұйым-
дастырылған.
Жапондық студенттер үшін жапон тілінде жазу дағдыларын дамытуға
қатысты айтар болсақ, бұл туралы ақпарат сайттың ағылшын тіліндегі
нұс қасында көрсетілмеген. Дегенмен университет сайтында көрсетілген
сілтемелерде мемлекеттің жетекші жоғары оқу орындарында соңғы жылда -
ры америкалық университеттерге ұқсас бейімдеу курстары (Firstyearexpe-
rien ce) оқытыла бастағаны айтылған. Ол курстар басқа мақсаттарымен
қатар академиялық жазуға бағдарланған. Бұл қарастырылып отырған уни-
верситеттерде ұқсас курстардың бар екенін болжауға мүмкіндік береді.
Біздің талдауымызға түскен, континенталдық Еуропаның жалғыз
университеті Швейцариялық Цюрих жоғары техникалық мектебіндегі
(ETHZürich) оқу тілі – неміс тілі. Сайтта көрсетілген ақпараттан келесідей
қорытынды жасауға болады: университетте жазу дағдыларын дамыту
бойынша міндетті курстар жоқ, дегенмен жеке кафедралар жазу бойынша
бірлік курстарын ұсынады (мысалы, «Research Methodology and Writing»).
Сайтта мұндай курстардың кейбір ресурстары бар. Бұдан бөлек академия-
лық мәтіндерді жазу бойынша бірегей нұсқаулық бар (ағылшын тілінде).
Батыс және Шығыс Еуропада академиялық жазуға оқыту. Бүгінгі таңда оқу
тілінде жазбаша мәтіндерді жасау қабілетімен байланысты құзыреттіліктер-
ді дамытуға көңіл бөлудің қажеттілігі көптеген еуропалық университеттер-
дің жетекшілерімен қабылданған. Студенттердің көпшілігі барлық жетек-
ші жоғары оқу орындарында бар академиялық жазу орталықтары арқылы
қолдау алады.
Жазуды мамандандырылып оқыту қажеттілігін түсінетін еуропалық
уни верситеттер көп жағдайда академиялық пәндер шегінде жазуға оқы ту-
дың америкалық моделін қолданады (WAC, WID).
Жоғарыда аталғандай, жазу дағдыларын дамытуға көп көңіл бө лі не-
тін америкалық университеттерде оқытушылық тәжірибесі бар пән оқы-
тушыларынан бастамашылдық шығады. Бірақ мұндай университеттер
аз: бүгінгі таңда ана тілінде академиялық жазуға сәтті оқытудың Батыс
Еуропа университеттеріндегі аз ғана үлгісін келтіруге болады. Осылай,
А. Декламбр мен К. Донахью француз тілін академиялық мақсатта Фран-
ция ның университеттерінде оқыту тәжірибесін сипаттайды, Дж. Харборд
Гер маниядағы неміс тіліндегі академиялық жазу негіздерін оқытудың мы-
салын келтіреді. Оқыту тіліндегі академиялық жазуға арналған арнайы
зерттеулер аз болса да, академиялық мақсатта ағылшын тілін оқытумен
қатар ана тіліндегі академиялық жазу мәселесіне қызығушылықтың өсіп
жатқанын айтуға болады. EATAW-2013 (European Association of Teaching
Academic Writing) конференциясындағы көптеген баяндамалардың пәні
|