Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет133/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
318
студенттерде екі (ана тілі және ағылшын) және одан көп тілдегі тілдік 
құзыреттіліктің дамуын ұйғаратын «мультилингвалдылық» болды. Муль-
тилингвалды тұғырды оқытуда қолданудың сәтті үлгісі Иван Франк 
атындағы Львов ұлттық университетіндегі Академиялық жазу орталығы 
бола алады. Орталықтың міндетіне ағылшын және украин тілінде жазудың 
академиялық біліктері мен дағдыларын дамыту кіреді. Ағылшын тілінде 
академиялық жазу біліктерін сәтті дамытудың шарты ең алдымен ана тілінде 
жазу дағдыларын игеруді ұйғаратын мультилингвалды құзыреттілікті 
дамыту болып табылады. Дегенмен егер жағдайды Шығыс Еуропа мен 
бұрынғы КСРО елдеріндегі университеттерде жазуға оқыту жағдайын 
қарастыратын болсақ, берілген мысал ережеге сай келмейді. Шығыс Еуропа 
университеттеріндегі жазу дағдыларын дамыту ерекшеліктеріне арналған 
зерттеуінде Дж. Харборд Кеңес Одағының ыдырағанына дейін жоғары 
білім беру жүйесі барлық елдерде бірдей болғанын атап өтеді. 
Аталған елдерде жазу дәстүрлі түрде оқу мақсаты саналмады. Сол 
сияқты жазу жұмыстары оқыту нәтижелерін бағалауда өте сирек қол да-
нылды. Жазудың ең кең таралған формасы мамандық бойынша әдебиеттер 
мен дәрістерді конспектілеп жазу болды. Мақсаты студенттің белгілі бір 
әдебиеттерді оқығандығын көрсету болған «Реферат» деп аталатын жазу 
жұмыстары мазмұндама ретінде қарастырылған әдебиеттерге шолу ғана еді. 
Дж. Харборд тұжырымдама келесіде түйінделді деген қорытындыға келді: 
студенттің жазбаша мәтіндер жасау қабілеті жазу дағдыларына емес, оқыған 
мәтіндерді білуіне байланысты. Осындай қорытындыны Еуропада жазу 
дәстүрлі түрде арнайы оқытылуы қажет дағды ретінде қабылданбағанын 
көрсете отырып, О. Круз да жасаған. Жазу ойлаудың жалғасы саналды және 
сәйкесінше оқытуда зейін сыни ойлау дағдыларын дамытуға бөліну керек, 
бірақ жазу тек лингвистикалық құзыреттілік болып табылады. 
Ph.D докторантура бағдарламасының аясында Оңтүстік Корея, Сеул 
қаласына ғылыми тағылымдамаға баруға докторанттарға мүмкіншілік 
берілді. Сеулде орналасқан Доггук университетінде толық семестр докто- 
ранттар А. Жексембинова және Д. Ертарғынқызы білім алды. Олар студент-
терге арналған ағылшын тіліндегі курсты таңдады. Таңдалған курстардың 
екеуі жазу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. GreetWriting курсы 
ағылшын тіліндегі сөйлемдердің түрлері, құрылымы, ерекшелігі; мәтін 
түрлері, оның құрылымымен таныстырды, ал AcademicWriting курсы эссе-
нің түрлері, жазылу ерекшелігі, құрылымы; зерттеуге қажетті ақпаратты із-
деу жолдары; плагиаттың алдын алу; сызба мен кестелерді сипаттау; тезисті 
жазу тәртібі, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау және т.б. сол 
сияқты зерттеу дағдыларымен таныстырды. Тәжірибеге сүйене, Оңтүстік 
Корея университеттерінде, бакалавриатта академиялық жазу дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған GreetWriting (3 кредит), AcademicWriting 


319
4.6. Ғылыми мектеп пен ғылыми жетекші
(3 кредит), EnglishNewspaper (3 кредит) сияқты курстардың нәтижелі 
оқытылатыны байқалды. Сонымен қатар магистратура сияқты білім берудің 
келесі кезеңінде магистранттар ілгері деңгейдегі ResearchMethodology кур-
сын міндетті пән ретінде өтеді, ол AcademicWriting, GreetWriting пәндерінің 
логикалық жалғасы болып табылады. Барлық пәндер ағылшын тілінде 
өтеді.
Қазір, Ресейді қоса алғанда, Шығыс Еуропаның көптеген универ си тет-
терінде белгілі бір мамандық бойынша оқу курстарын қалыптастыру және жо-
спарлау уақытында зейіннен тыс қалып қойған маңызды сұрақ – оқу тілінде 
академиялық коммуникация дағдылары мен біліктерін дамыту қажеттілігі, 
өйткені оқу үдерісі жүргізілетін тіл арқылы студенттердің жалпы академиялық 
сауаттылығын қалыптастыру жүреді. Жоғарыда аталғандай, АС жиі тек қана 
ағылшын тіліндегі курстар аясында өтеді. Дж. Харборд пікірінше, академиялық 
құзыреттіліктерді тек қана ағылшын тілінде дамыту идеясы қолайсыз, ал АС 
дамыту міндетін тек қана ағылшын тілі оқытушыларына жүктеу тиімсіз. 
Бұдан бөлек оқу үдерісінде студенттер (аралық және қорытынды) 
бақылаудың жазбаша түріне жиі жолығады. Бұл үшін оларға жазудың жаңа 
жанрларын игеру қажет (мысалы, академиялық эссе). Жүргізілген тал-
дау халықаралық ғылыми қоғамға жоспарлы интеграциялану мақсатында 
білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін қазақстандық жоғары 
білім беру жүйесі жеке академиялық жазуды және жалпы АС дамытуға көп 
көңіл бөлу керектігін көрсетті. Жазу дағдысы ауыспалы (transferrableskill) 
болғандықтан, оны ана тілі негізінде дамыту, содан кейін шет тіліне ауыс- 
тыру немесе екі тілді де бірге оқыту тиімді болады. Бұл үшін оқу курстары-
на жоғары оқу орнындағы сәтті білім берудің негізі ретіндегі академиялық 
жазумен байланысты зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыруға және 
қазіргі білім беру тұжырымдамаларын тиімді іске асыруға мүмкіндік 
беретін жаңа және икемді модельдерін ендіру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет