Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет131/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
314
Times Higher Education World University Rankings (2012-2013) алғашқы 
30 университетті іріктеп алған. Екі рейтингке де қатысқан университтер 
анықталып 35 университетті қамтитын жалпы тізім жасалған. Ресейлік 
ғалымдардың зерттеуінің фокусында бакалавриат бағдарламасы болды. 
Осылайша, 35 университеттің сайты талданды, олардың ішінде 25 АҚШ 
жоғары оқу орны, 4ұлыбританиялық және 6 басқа елдерден (Канада – 3, 
Жапония – 2, Швейцария – 1)университеттік сайттарды талдаудың негізгі 
мақсаты бакалавриаттық оқу бағдарламарында студенттерде ана тілінде 
(университетте оқу тілінде) академиялық жазу біліктерін дамытуға арнайы 
көңіл бөлінетінін анықтау болды. Бұл үшін студенттерге ұсынылған оқу 
курстары мен тіл орталықтарының сайттары талданды. Бұдан бөлек, жеке 
білім беру бағдарламалары мен кейбір кітапханалардың сайттары талданды; 
мақсаты студенттерге жазу дағдыларын дамытуға ықпал ететін қосымша 
ақпараттық қолдау ұсынылатынын анықтау болды. Сонымен қатар универ-
ситеттерде пән оқытушыларына оқытылатын курстардағы WAC және WID 
ұстанымдарына әдіснамалық қолдау көрсетілетініне де көңіл бөлінді. 
АҚШ университеттері
. Сайттарды талдау көрсеткендей, АҚШ-тың 
барлық университеттерінде бірінші оқу жылындағы студенттерге ар нал-
ған жазу курстары бар, оның үстіне кейбір университеттерде аталған дәс-
түр бұрыннан бар (мысалы, Гарвард университеті 1-курс студенттерін 
жазу негіздеріне оқыту дәстүрі 1872 жылдан басталғанымен мақтанады). 
Атап өтетініміз, университеттік білім берудің алуантүрлілігі мен оқу тра-
ек торияларының жекелендірілуінде барлық студенттер академиялық жа-
зу дағдыларын оқиды: барлық университеттерде жазу курстары білім 
беру бағдарламасының міндетті бөлігі болып саналады. Мұнда әр уни-
верситетте оқу үдерісінде курстардың қаншалықты санын және қай 
деңгейдің студенті оқу керектігін анықтайтын жазу талаптары бар (мы-
салы, Джонс Хопкинс университетінде (The Johns Hopkins University) –
4 міндетті курс, Остиндегі Техас университетінде (University of Texas at 
Austin) – 3). Университеттердің басым бөлігінде (25-тің 24-і) жазу курста-
ры студенттерді әртүрлі пәндерді оқуға дайындай отырып, соның ішінде 
әртүрлі академиялық мәнмәтіндегі жазбаша мәтіндерді дайындай отырып, 
академиялық жазудың жалпы заңдылықтарымен таныстырады. Міндетті 
жазу курстары нақты пәндерге бағдарланған жалғыз университет Корнелль 
университеті саналады. Онда мемлекеттегі әртүрлі пәндерде жазуға оқыту 
бағдарламалары ең үлкен және алуан түрлі (WID тұғыры). Студенттерге 
білімнің барлық пәндік саласын қамтитын 30-дан аса кафедраларда 100-ден 
аса курс ұсынылады. Атап өтетініміз, бірінші курс студенттеріне міндетті 
курстар жазуға көп көңіл бөлсе де, жиі сонымен ғана шектеледі: олар өзіне 
ғылыми аргументация мен сыни ойлау дағдыларын дамытуды да мақсат 
етіп қояды. Осылай, Пристон университетінің курстарын сипаттауда жазу 


315
4.5. Педагогтің зерттеу әрекетіне даярлығы
семинарларының жазу дағдыларын дамытудан бөлек зерттеушілік жұмыс, 
аргументация негіздеріне, сонымен қатар кітапханада жұмыс әдістерімен 
танысуға мақсаттылығы айтылады. Кейде жазу курстарының атауының 
өзі не іс-әрекеттің басқа түрлері енеді: фокуста оқу мен жазу (University 
of California, Berkeley; Duke University; Carnegie Mellon University) неме-
се ауызша және жазбаша қарым-қатынас тұрады (Massachusets Institute of 
Technology, Georgia Institute of Technology). Университеттерде студент-
тер базалық деңгейге қол жеткізгеннен кейін игерілген жазу білімдерін 
жетілдірудің түрлі мүмкіндіктері бар. Талдау барысында ілгері деңгейдегі 
жазудың базалық деңгейінен басқа талаптары бар бес университет анық-
талды. 
Осылай, Стэнфорд университетінде студенттер алғашқы үш жыл 
ағымында жазу бойынша үш курс оқиды. 3-курста «Writing in the Major» ар-
найы курсы оқытылады, бұл курс студенттерге өздері таңдаған мамандық 
бойынша жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді және қайсыбір 
пәнде жазу ерекшеліктерін оқудың негізі болады. 
Жоғарыда аталған курстардан бөлек көптеген университеттер оқытуда 
WID принциптерін қолданады. Мұндайкурстардымысалы«Writing in As-
«Writing in As-
tronomy» (California Institute of Technology), «Legal Research & Writing» 
(Columbia University), «Writing About Science and Engineering» (The Johns 
Hopkins University) жәнет.б. болады. Аталған курстар арнайы кафедраларда 
жасалады және сәйкесінше белгілі бір пәннің маман-оқытушысымен оқы-
тылады. Ерекше көңіл бөлетін жайт, қолдау студенттерге ғана емес, өз курс-
тарында WAC принциптерін іске асырушы оқытушыларға да көр се тіледі. 
Академиялық жазу орталықтарының парақтарында оқы ту шы ларға арналған 
ресурстар, сонымен қатар кеңестер жазылған, мысалы жазу тапсырмаларын 
қалай құру керек, оларды қалай бағалау керек, сонымен қатар жазу дағдысын 
тиімді дамытуға ықпал ететін пікірлерді қалай жазу керек (мысал үшін 
Дьюк университетінің, Мадисондағы Висконсинск университетінің (Uni-
versity of Wisconsin-Madison) сайтын қараңыз). Кейбір университеттерде 
оқытушыларға арналған арнайы курстар ұйымдастырылады. Принстонс 
университетіндегі «Writing across University» бағдарламасы немесе Чикаго 
университетіндегі жазуды оқыту курстары («Writing peda-gogy») мысал 
бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет