Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет130/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
312
эксперимент нәтижесін өңдеу;
– зерттеу нәтижесінде әдістемелік нұсқау, баяндама, мақала, ғылыми 
есеп, әдістемелік құрал даярлау.
Бұл зерттеудің ерекшелігі – мұғалім жай әдіскер-сарапшы рөлінен, 
яғни өзіне дейін белгілі әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде пайдаланып қа-
на қоймай, сонымен бірге өз оқушыларының дербес ерекшеліктерін еске-
ре отырып, оқу тапсырмаларын өзі құрастыруы, мұғалім – жобалаушы 
– үйлестірушіге айналады. Мұғалім өз іс тәжірибесін зерделеп, ұдайы өз-
ге рістер енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу барысында өз іс 
тә жірибесін, өз іс-әрекетін жаңаша түрлендіріп, жаңаға бет бұрады, мұ ға-
лім нің жаңаны үйренсем, меңгерсем, қолдансам деген қажеттілігі артып
инновациялық даярлығын қалыптастырады.
Мұғалімнің әдіснамалық кеңістік аясындағы іс-әрекетінің зерттеушілік 
іскерлігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері:
– педагогикалық мәселені қою және оны шешу жағдайларына талдау 
жасау (оқушыларды қатты толғандыратын мәселелерді бөліп қарастыру, 
оған ойша талдау жасау);
– ғылыми болжам жасау және ұсыну, оның шешу жолдарын көрсету 
(оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатындай тапсырма-
лар құрастыру, оқушылардың есеп шығару, теорема дәлелдеуге өзіндік 
«жаңалық» ашуына жол салу және т.б.);
– мақсаты эксперимент жүргізу (өзгерген жағдайларға талдау жасау, 
әрдайым тиімді шешім ұсыну);
– жұмыс нәтижесіне талдау жасау, бағалау, бақылау жұмыстарын 
жүр гізу, тест алу;
– жұмысты тиімді бағалаудың жаңа өлшемдерін ұсыну, диагнос ти ка-
лық сараптама жасау.
Мұғалімнің зерттеу іскерлігін меңгеруі оның өз іс-әрекетіне жаңаша 
қарап, оқу-тәрбие үдерісіне оң өзгерістер әкелінуіне жол салып, мұғалімнің 
жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияны меңгеруіне жол салады. 
Педагогикалық ұжымда тек бір ғана мұғалім ғылыми-зерттеу жұмысымен 
айналыспай, әрбір мұғалім, яғни тұтастай педагогикалық ұжым өзекті мә-
селе төңірегінде ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқаны орынды. Ға-
лым Г.Б. Омарова «Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысы – мектептің 
оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру құралы» атты ғылыми еңбегінде мектептің 
пе дагогикалық ұжымын ғылыми-зерттеу жұмысына даярлаудың нобайын 
ұсынады. Автор мектептің педагогикалық ұжымын ғылыми-зерттеу жұ-
мысына даярлауды қалыптастыру критерийлерінің ең бастыларына мұ-
ғалімнің (ұжымның) ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне деген құлшынысын (ын-
тасын), зерттеу меңгеруі бойынша теориялық білім қорын, ғылыми зерттеу 
әдістерін меңгеруін жатқызады.


313
4.5. Педагогтің зерттеу әрекетіне даярлығы
Қазіргі кезеңде әрбір мектепте, педагогикалық ұжымда оқу-тәрбие 
үрдісін жетілдіру, жаңарту бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға қатысты көптеген 
ғылыми зерттеулер жүргізілді:
– ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әдіснамасы: Г.И. Рузавин, В.П. Коха-
новский, В.С. Степин, В.И. Черников, К.Х. Рахматуллин, Г.Н. Волков және 
т.б.;
– ғылыми-зерттеу жұмысының мәдениеті: И.Г. Герасимов, К.М. Вар-
шавский, Т. Кун, К. Поппер, И. Лакатос, Д. Пельц және т.б.;
– педагогикалық ғылыми-зерттеу мәдениеті: С.И. Архангельский, 
Ю.К. Бабанский, В.Г. Воробьев, Л.В. Занков, В.И. Загвязинский, А.И. Коче-
тов, Н.В. Кузьмина, Я. Скалкова, А.И. Пискунов, В.С. Черепанов, Г.И. Щу-
кина; 
– педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі: М.А. Дани-
лов, Н.Д. Никандров, В.В. Краевский, М.Н. Скаткин, Б.С. Гершунский,
Г.П. Щедровицкий, Н.Д. Хмель және т.б.;
– педагогтің инновациялық іс-әрекетінің дидактикалық теориясы: 
В.И. Журавлев, И.А. Зязюн, П.И. Карташов, Л.И. Гусев, Н.В. Кухарев,
Ф.Ш. Терегулов, Л.М. Фридман, Н.Р. Юсуфбекова, И.И. Цыркун, В.А. Сла-
стенин, Л.С. Подымова, Б.Т. Барсай және т.б.;
– педагогтің ақпараттық мәдениетін дамыту: С.Н. Лактионова,
Д.М. Жү сіпалиева, Л.Ю. Малай, С.Д. Мұқанова және т.б.;
– тұтас педагогикалық үдерісте оқытушының зерттеу іскерлігін 
қалыптастыру: Н.Д. Хмель, Г.М. Храмова, С.Т. Каргин, В.К. Омарова,
Г.Б. Омарова, Н.А. Абишев және т.б.
Қазіргі кезде әрбір оқытушының алдына қойылып отырған басты мін-
деттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жә-
не жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Мұндай жағдайда қо-
ғамның әр мүшесінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру қажеттілігі 
айтарлықтай артады. 
Соңғы жылдары студенттерді зерттеушілік әрекетке даярлаудың дәс-
түрлі формаларынан өзге академиялық сауаттылықтың негізінде сту дент-
тердің бойында зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру әдісі қарқынды 
қолданылуда. Академиялық сауаттылық негізі – академиялық жазу арқылы 
болашақ мамандардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың 
шетелдік тәжірибесіне терең шолу жасалды. Ресейлік ғалым Н.А. Смирно-
ва мен И.Ю. Щемелеваның «Академиялық жазуды оқыту практикасындағы 
шетелдік тәжірибеге талдау» атты мақаласында шетелдік университет-
терде оқытылатын WAC (Writing across curriculum) және WID (Writing in 
disciplines) курстардың принциптері жақсы талданған. Талдауға авторлар 
екі рейтингтегі – Academic Ranking of World Universities (ARWU 2012) және 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет