Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет127/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
304
білім беруді енгізу бөлімінің бастығы. Рысбаева 
Ар шагүл Қылышбекқызы 1958 жылғы 10 наурызда 
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауылында дүниеге 
келген. 1991 жылы Абай атындағы ҚазМПУ-дың 
педа гогика мамандығы бойынша аспирантурасын 
бітірген. 
30 жылдан астам жоғары оқу орындарында пе-
дагогика кафедрасында еңбек етіп (І. Жансүгіров 
атындағы Талдықорған педагогикалық институты, 
әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық 
мәдениет институты, М. Әуезов атындағы Оңтүс тік 
Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педа го-
гикалық университеті), болашақ мамандарды тәрбиелеп, дайындады.
А.Қ. Рысбаева 2012 жылдан бастап «Бөбек» Ұлттық ғылыми-прак-
тикалық, білім беру және сауықтыру орталығында қызмет атқарады. 
Педагогикалық жоғары оқу орнында 30 жылдық кәсіби қызмет өтіліне ие 
бола тұрып, мамандарды даярлауға арналған психологиялық-педагогикалық 
оқу курстарының жоспарларын, үлгілік және жұмыс бағдарламаларын 
әзірлеумен шұғылданған. «Педагогика» оқу құралдарының, зерттеу әдіс-
на масы бойынша оқу-әдістемелік құралының, магистранттарға арналған 
«Интерактивтік оқыту білім алушылардың табысты іс-әрекетінің факторы 
ретінде» элективті курсының және т.б. авторы болып табылады. 30-дан 
астам оқу және оқу-әдістемелік құралдары, 140-тан астам ғылыми ма қа ла-
лары жарияланған.
2011 жылы ҚР Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдар ла ма-
сының стипендиаты атанған, Ресей Білім академиясында (Мәскеу) ғы-
лыми тағылымдамадан өткен. Қазақстан Педагогикалық ғылымдар ака-
демиясының корреспондент-мүшесі, Педагогикалық білім беру ғылым да-
рының Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі. Педагогика 
ғылымдарының 6 кандидаты мен 1 докторын даярлаған. 
А.Қ. Рысбаеваның ғылыми қызығушылықтарының аясы – тұлғаның 
рухани-адамгершілік дамуы, болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлау, мұға-
лімдерді, колледж және ЖОО оқытушыларын инновациялық аспектіде 
қайта даярлау мәселелерін зерттеу. 
Қазіргі таңда А.Қ. Рысбаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім 
беру бағдарламасын республикадағы мектеп, колледж және ЖОО-ның 
тұтас педагогикалық үдерісіне енгізу бойынша қызмет атқаруда. 
Кәсіби-педагогикалық білім берудің әдіснамасы мен әдістемесі 
мә селелерін зерттеу нәтижелерін профессорлар А.Қ. Мыңбаева мен
А.А. Болатбаевадан көруге болады.
Мыңбаева Айгерім Қазықызы – педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия 


305
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
және саясаттану факультетінің педагогика және 
білім беру менеджменті кафедрасының профессоры.
1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ма-
тематика факультетінің түлегі. 1994–2005 жылдары 
университеттің ғылыми-зерттеу бөлімінде қызмет 
атқарды. 2005–2009 жылдары әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің базасындағы Респуб-
ликалық оқу-әдістемелік кеңестің ғалым хатшысы 
болып істеді. 2010–2015 жылдары университеттің 
жалпы және этникалық кафедрасының меңгерушісі, 2015 жылдан сол 
кафедраның профессоры.
2010 жылы «Теория и технологиянаучной деятельности высшей шко-
лы в условиях глобализации и информатизации общества и образования» 
тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Ғылыми бағыты: жоғары мектеп педагогикасы, салыстырмалы педаго-
гика, оқытудың ақпараттық технологиясы, ғылымтану, педагогикалық ин-
новатика, білім беру тарихы, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жос- 
парлау. Бірнеше оқу құралдарының авторы. «ЖОО үздік оқытушысы-2015» 
республикалық грантының иегері.
Болатбаева Айгүл Әбдімажитқызы кафедраға 
1999 жылы қабылданып, 2005 жылға дейін жұмыс 
істеді. 2003 жылы «Психолого-педагогические ос-
но вы формирования значимого образа профес-
сио нальной деятельности учителя в системе уни-
вер ситетского образования» тақырыбында кан ди-
дат тық диссертация қорғады. «Педагогика және 
пси хология» (бакалавриат) мамандығы бойынша 
ҚР МЖББС, «ҒЗЖ жоспарлау мен ұйым дас тыру» 
типтік оқу бағдарламасын құруға қа тынасты. Со-
ны мен қатар «540350 – Педагогика» (ав торлық бір лес тікте), «06N0306 – 
Педагогика және психология», «Білім берудегі ме неджмент» мамандықтары 
бойынша оқу жұмыс жоспарларын құрас ты руға атсалысты. Ол кафедраның 
«Теоретико-методологические основы подготовки менеджеров образо-
вания в условиях классического университета» тақырыбындағы жобаға 
қатынасты (жетекшісі п.ғ.д. З.А. Исаева). 
2007–2015 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік 
комитеті Әскери институтының әскери мектеп оперативті-тактикалық 
факультеттің педагогика және психология кафедрасының профессоры 
қызметін атқарды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет