4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
320
ғалым «ұйымдастырушыға» айналады. Жалпы әдебиеттерде талдаудың
бір лігі ретінде көбінесе тұжырымдама деңгейінде біріктірілген және белгілі
бір ғылым аясында жаңа білімді меңгеруге ұмтылатын ғылыми ұжым мен
зерттеушілер қарастырылады. Бұл ғылымның даму жолындағы әр кезеңнің
зерттеушілік қызметке қойылатын жаңа талаптарын өзектендіреді. Со-
нымен қатар ғылымға кіріспе мақсатында жазылған әдебиеттерде ғы лы-
ми зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесіне
қатысты сұрақтар қарас ты-
рылғанда, оларды өзіндік практикалық қызметте қолдану мен түсінудің
ар тықшылықтары назардан тыс қалып отырғандығын айқындауға жағдай
болады. Зерттеушілік қызметтің сипаты арнайы (тәжірибелік және тео рия-
лық), математикалық, логикалық, философиялық-әдіснамалық, тарихи-
ғылымилық және ғылымға кіріспелік, адамгершілік-әдіптілік дайындықты
талап етеді. Сондықтан да магистрант зерттеушілік аспапты игеруші жас
зерттеуші ретінде көбінесе «сынау мен қателесу» әдісін қолданып ұзақ әрі
ауыр жүріп отырады. Осыған байланыстымагистранттың толық қалыптасуы
ғылыми мектептің дәстүрі мен ғылыми
жетекші тұлғасы ықпалының
мәнділігіне ешбір даусыз негізделген.
Сонымен, ғылым – бұл,
біріншіден
, қазіргі таңда негізгі болып келетін
ойлау,
екіншіден
, бұл ғылыми әдістен туындайтын жалпы адамзаттық
құндылық. Егер де дәріс оқушы прфессордың міндеті білімнің эталонын
қалыптастыру болса, онда тәлімгер ретінде атқаратын рөлі – білім беру
үдерісінде білім алушымен жеке байланысқа түсу арқылы ойлаудың ғы-
лыми стилін қалыптастыру мен ғылымның бағалы негіздемелерін жеткізу.
«Тәжірибеден өтуші» болашақ ғалымның білім алушылармен жүргізетін
тәлімгерлік қызметі, ол атқаратын жұмыстың ерекше формасы ретінде:
1) ғылыми қауымдастықтың құндылығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге;
2) білім берудің заманауи бағытқа қарай реформалануына; 3) түрлі буын
өкілдерін өзара байланыстыра оқыту жағдайын қалыптастыру мен тәлім-
гер дің өзін-өзі дамытуына бағытталады. Одан бөлек тәлімгерлік идеясының
өрістеуі қазіргі таңда білімділер мен ғалымдардың алатын рөлінің аса зор
екендігін қоғам түсінуіне мүмкіндік береді.
Магистрант өзінің тәрбиелік дайындық, жан мен тән денсаулығы си-
патының, психофизиологиялық дамуының
деңгейімен алдынан ашылған
ортамен және оның талаптарымен бірлесе отырып әрекет жасайды. Ол
ондағы адамдарды, олардың мақсаттарын, мүмкіндіктерін, шектеулерін,
міндеттерін, құқықтарын, өмір сүру тұрпаттарын, еңбек ету құралдары мен
әдістерін көру арқылы артық не кем мөлшерде саналы түрде сол ортаға
енеді. Сонымен қатар тұлғалық мәнді
қарым-қатынас магистранттың
тұлғалық қалыптасуының басты шарты болып саналады.
Сәйкесінше, магистранттардың орта тұлғалық өзара қарым-қатынас
жүйесінде оқытушы-профессорлық құраммен коммуникативті байланыс ор-
321
4.6. Ғылыми мектеп пен ғылыми жетекші
натуы маңызды орынға ие. Қазіргі педагогикалық ғылымда кемшіліктерсіз
емес субъект-объект парадигмасының басымдылық танытып отырғанды-
ғын атап өткен жөн. Оқытушы мен студенттің серіктестігінің басты назарға
алынуы ең ойға қонымды нұсқа болып саналады және де осы мақсатта
негізге алынатын міндеттердің өзектіліктері:
– ынтымақтастық негізінде білім
алушылардың шығармашылық
қабілетінің дамуы;
– оқу үдерісі барысында екі субъектінің де өз-өзін көрсетуге және
дамытуға ұмтылуы;
– қарым-қатынас техникасын толығынан жетілдіру.
Ғылыми жетекші тұлғасының кәсібилігі, іскерлігі мен адамгершілігінің
молдығы түрлі реттегі құбылыстар емес. Олар кәсіби тәжірибе, дүниетаным,
белгілі бір нұсқамалар мен ерік-жігер, темпераменттің жиынтығы секілді
тұлғаның толық психологиялық құрылысымен байланысты. Тұлғаның
психологиялық құрылымының
белгілі бір бөлігі емес, керісінше барлық
құрауыштары ғылыми жетекшінің, яғни педагогтің мәдениеті мен кәсіби
мінезін анықтайды. Оның кәсіби қызмет барысында өзінің тіршілік әрекетінің
әдіс-тәсілдері дамытушы белсенді субъект ретінде көрініс табады.
Тұлғаны әлеуметтік маңызды мазмұны мен қасиеті жағынан қарай
отырып, Б.И. Додонов тұлғаны әлеуметтендірілген адам ретінде анықтаған.
Оның «әрбір
тұлғада тұтастылық, ерекшелік пен даралықтың бірлігі
көрініс табады» деген ойы назар аудартады. Тұлғаға байланысты тұтастық
тұғырына педагогика ғылымының классиктері аса көңіл бөлген. Мысалы,
А.С. Макаренко бірде былай деп жазады: «Адам бөліктеніп тәрбиеленбейді,
ол тұтасымен құралады». Осы жайында 40-жылдары Р.Г. Лемберг: «Жал-
пы дамуға бағытталған жұмыстың нәтижесінің сыры – бұл білім алушыға
тұтас ықпал ету», – деп жазған. Тұлғаның қалыптасуына байланысты пе-
дагогика ғылымында қарастырылған сан түрлі тұғырларды саралай оты-
рып, В.С. Ильин: «Тұлғаның тұтастылығын қатаң иерархия, реттілік және
оның құрылым бөлшектері мен негізгі құрауыштарының жүйелілігі си-
паттайды», – деп жазған. А.А. Бодалевтың пікірінше, адамдардың бір-бірі
жайында қалыптасатын түсініктері мен бейнелері «қоғамның реттеуіші»
деп аталады екен. Демек, біз өзіміз жайында адамдар қалыптастырған
мінез-құлықпен жүреміз [130; 189].
Белгілі бір кәсіп түріне машықтанған адамдардың өмір сүру әлемінің
бейнесін зерттеу жұмыстарының негізінде еңбек психологиясында келесі-
дей қорытындылар жасалған: «Кәсіби машықтанған мамандарды арнайы
кәсі би біртұтас объективті әлемде өмір сүреді деп айтуға ешқандай да негіз
жоқ, керісінше түрлі кәсіби мамандар әлемнің сан түрлі субъектілерінде
өмір сүреді». Демек, кез келген кәсіби маман өз қызметінің жүзеге асуына ау-
адай қажет ішкі психикалық тәжірибесінің ортақтығымен тығыз байланыс-