Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым


Ғылыми жетекшінің әртүрлі тұғыр бойынша тұлғалық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет136/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Ғылыми жетекшінің әртүрлі тұғыр бойынша тұлғалық сипаттамасы
Атауы
Сипаттама
Өкілдері
Шектеулер
1
2
3
4
Коллекциялық
тұғыр
Жетекші өз 
қызметінде 
басқарушылық 
әрекетін табысты 
атқару мақсатында 
ерекше тұлғалық 
қасиеттерді меңгеруі 
тиіс.
А.И. Китов (1984) 
жетекшінің тұлғалық 
қасиеттерінің 
құрылымында 
мынадай төрт 
құрылымды көрсетеді: 
басқарушылық 
қабілет, саяси сапа-
лар, кәсіби сапалар, 
ұйымдастырушылық 
сапалар.
– жетекшінің 
қасиеттері жайлы 
абстрактілі түсінік, 
олардың өзге де 
басқарушылық 
жағдаяттармен 
қиылыспауы;
– кәсіби маңызды 
қасиеттерді игерудегі 
субъектілік;
– жетекшінің тұлға 
ретінде жалпы және 
ерекше сапаларының 
болуы.
Бәсекелестік 
тұғыр 
Жетекшінің ерекше, 
тұлғалық қасиеттерін 
немесе жалпы 
қасиеттерінің белгілі 
бір деңгейдегі басқа 
адамдардан ерек-
ше етіп көрсететін 
қасиеттерінің болуын 
пайымдайды. 
Э.С. Чугунова (1983, 
1986) жетекшінің 
тұлғалық қасиеттерінің 
құрылымындағы 
әкімшілік-
ұйымдастырушылық 
қабілет, моральды-
этикалық мінездеме, 
білім сапасы, кәсіби 
қабілет, әлеуметтік 
бағытталған, мотива- 
цияны бөліп көрсетеді. 
Сыртқы ортаның 
өзгерістері мен 
жетекші әрекетінің да-
муы мүмкіндігі шектеу-
лер ескерілмейді.


4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
324
1
2
3
4
Парциалды 
тұғыр
Жетекшінің тұлғалық 
қалыптасуы 
басқарушылық 
әрекеттегі 
психокоррекциялық 
жүйелік байла- 
ныспен, жеке опера- 
циялар мен әрекет-
тердің орташаланған 
жиынтығына тән. 
Бұл тұғыр аясын-
да А.М. Омаровтың 
беделді болудың 
тұжырымдамасын 
қарастырады, автордың 
ойы бойынша 
жетекшінің тұлғалық 
қасиеттерінің сипатта-
масы кәсіби қасиеттерге 
байланысты. 
Инженерлік-
психологиялық 
тұғыр
Жетекшіні шешім 
қабылдайтын адам 
ретінде қарастырады.
Бұл тұғырдың белсенді 
жұмыстары
Б.Ф. Ломовтың,
А.И. Галактионовтың, 
Г.М. Зараковсковтың, 
А.А. Крылов пен 
А.В. Филипповтың 
еңбектерінде жүзеге 
асқан.
Бұл тұғырда 
шектелетін мәселе 
– психологиялық 
үдерістерді өңдеудегі 
жетекшінің 
ақпараттары және 
оның басқарушылық 
әрекеттегі көрсетілетін 
жеке тұлғалық 
қабілеттері.
Рефлекциялы-
құндылық 
тұғыр
Жетекшінің 
тұлғалық қасиеттерін 
басқарудың 
рефлексивті-
құндылық 
тұжырымдамасы 
арқылы 
қарастырылады.
Ықпалдасудағы 
жетекшінің қабілеттілігі 
қалыптастыру, ұғыну 
мен өзіндік түзетуінде 
көрініс табады
(А.И. Китов, 1984;
С.М. Белозеров, 1986; 
В.В. Скворцов, 1987).
Рефлекциялы-
құндылықтық құрылым 
тұлғалық жаңа 
білімге негізделген, 
сондай-ақ жетекшінің 
басқарушылық әрекеті 
негізінде қалыптасады 
және басқарушылық 
шешім қабылдауға 
ықпал жасайды.
Әлеуметтік-
психологиялық 
тұғыр
Ерекше мағына 
жетекшінің 
басқару стилінің 
өзгергіштігінің 
заңдылықтарын 
қарастыруға ерекше 
көңіл бөлінеді.
И.С. Мангутова мен 
Л.И. Уманскийдің 
жетекшінің тұлғалық 
қасиеттерін топқа бөліп 
қарастыратын моделі:
– жалпы қасиеттері;
– ұйымдастырушылық 
әрекетке бағыттылық;
– индивид ауқымы;
– дара стиль;
– әрекетке дайындық;
– ерекше қасиеттер;
– ұйымдастырушылық 
әрекетке деген 
икемділік.
Абстрактiлiк 
және мағыналы 
аморфтылық.


325
4.6. Ғылыми мектеп пен ғылыми жетекші
1
2
3
4
Кешенді 
жағдаяттылық 
тұғыр
Жетекшінің әртүрлі 
басқарушылық 
жағдайлар мен 
өмірлік оқиғаларға 
байланысты тұлғалық 
дамуындағы 
қозғаушы күштегі 
күш-жігерін 
қарастырады.
А.В. Филиппов (1990) 
жетекшінің басқада 
кәсіби қасиеттерінің да-
муына мүмкіндік беретін 
негізгі қасиеттерді 
көрсетті. Оның ойын-
ша, оларға: сенушілік, 
үйретуге деген қабілет, 
ашықтық (адамдарға де-
ген ұқыптылық, олардың 
қажеттіліктерін білу), 
ұйымдастырушылық 
қабілет жатады.
Басқарушылық 
әрекеттегі тұлғаның 
дамуының тиімділігі 
ұйымның құрылымы 
мен міндеттеріне, оның 
әрекет ету ұзақтығына 
және өлшемі мен 
ұйымның түріне байла-
нысты.
Факторлық 
тұғыр
Жетекшінің 
басқарушылық 
қызметінің дамуына 
жеке факторлардың 
және шарттардың 
әсерін талдау.
Р.Л. Кричевский 
және А.В. Маржине 
(1991) басқарушылық 
қызметтегі өзара 
әрекеттесуші 
субъектілердің құнды 
пікіралмасу факторла-
рын бөліп көрсетеді.
Ситуациялық фак-
торлар көбіне 
басқарушылық 
қызметтің 
тиiмдiлiгімен байла-
нысты түсіндіріледі, 
бұл ретте ішкі тетіктер 
қарастырылмайды.
Қызметтік 
тұғыр
Жетекшінің тұлғасын 
зерттеу екі бағытта 
жүреді:
1. Жетекшінің 
тұлғасына қатысты 
нақты қажеттіліктерді 
көрсететін 
құрылымдық-
функционалды 
ұйымдастырушылық 
қызмет.
2. Жетекші 
тұлғасының 
мазмұнын шағын 
құрылымдардан 
құралған тұтас 
құрылым ретінде 
қарастыру маңызды.
А.Л. Журавлев тұлға 
құрылымының жал-
пы және арнайы 
түрлерін жіктеді. Жал-
пы құрылымдарына 
психофизиологиялық, 
психологикалық 
және әлеуметтік 
құрауыштары 
жатса, арнайыға 
келесілерді жатқызды: 
идеялық-саяси са-
палар, жетекшінің 
кәсіби құзыреттілігі, 
ұйымдастырушылық 
және педагогикалық 
қабілет, моральды-
этикалық сапалар.
Басшылықтың 
тиiмдiлiгi жетекшi 
тұлғасының сапасына 
шартты байланыста бо-
латынын ескертеді.
Имидждік 
тұғыр
Жетекшінің 
әртүрлі әлеуметтік 
топтардың саналы 
және бейсаналы 
қажеттіліктеріне бай-
ланысты оның жеке 
тұлғалық имиджді 
қалыптасады.
А.А. Романов, И.А. Фе-
доров, А.А. Ходырев, 
В.М. Шепель жетекшінің 
жетістіктері үшін 
ұйымдастыратын жеке 
тұлғалық қасиеттерін 
былай жіктеп көрсетеді: 
күш, шынайылық, 
жомарттық, билік 
жүргізу, мейірімділік.
Бұл тұғырдың негізгі 
шектеу қоятыны мінсіз 
жетекшінің бейнесін 
жасай отырып, ав-
торлар тек сыртқы 
көрініске ғана назар 
аударады.


4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
326
Зерттеушілер ғылым қайраткерлеріне, тұлға типологиясына жіктеу жа-
сайды, алайда белгілі бір жіктемені жүзеге асыруда ғылымға негізделген 
тұтас өлшемнің жоқтығын және көптеген қайшылықтардың көрініс таба-
тындығын алға тартады. Танымал классификатор-авторлардың бірі Гоу мен 
Вудвортстың жіктемесін мысал ретінде алып көрсетсек, олар:«фанатик», 
«пионер», «диагност», «эрудит», «техник», «эстет», «методолог», «тәуелсіз». 
Келесі мысалға Левинсон-Лессингтің жіктемесін алып қарастыруға бола-
ды, ол шығармашылық өнімділігі төмен эрудит-ғалымдарды «жүре тін 
кітапхана» деп атаған. Сол сияқты көптеген зерттеушілермен салыс тыр-
ғанда Д.Б. Богоявленскаяның пікірінше, зерттелушінің білімін, ойлауы мен 
тұлғасын зерттеу арқылы шығармашылығын анықтау мақсатында жүр-
гізілген зерттеу жолдарының бірде-біреуі оның табиғатын толық ашатын-
дай нәтиже бермеген. Сондықтан да осы мәселені зерттеу барысында 
шығармашыл тұлғаның танымдық және мотивациялық сипаттамасын 
бейнелейтін шығармашылықтың «талдау бірлігін» айқындап көрсеткен. 
Зи яткерлік белсенділікті тұлғаның шығармашылық қабілетінің «зерт-
теу бірлігі» ретінде қарастыруды ұсынады. Зияткерлік белсенділік өзінің 
құрамына ақыл-ой қызметінің зияткерлік (ақыл-ой қабілеттері) және 
зияткерлік емес (тұлғалық, мотивациялық) факторларын біріктіреді. 
Тұтас алғанда, осы контексте көрсетілген талдаудан өткізілген жетекші 
тұлғасы сапасын анықтауға арналған тұғырлар магистранттар арасын-
да жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне толығымен сәйкес. Ғылыми 
жетекшісінің тұлғалық қасиет, қабілеттері мен ерекшеліктерінің тізбегін 
«Горящую 10» респонденттері төмендегідей тізіммен толықтырды:
– өзін-өзі басқара білу қабілеті;
– ақылға қонымды тұлғалық құндылықтары;
– нақты тұлғалық мақсаттары мен өзара іс-әрекеттің мақсаттары;
жасампаздық және жаңару қабілеті;
– жоғары деңгейде жетілу мен кәсіби өсуге ұмтылыс;
– ұтқырлық және мәселелерді шеше білу қабілеті;
– қоршаған адамдарға ықпал ете алу және өз көзқарасын қорғап шыға 
алу;
– басқару және жетекшілік ете алу қабілеті;
– магистранттарды оқыту және дамыту қабілеті;
– өзінің ғылыми мектебі мен коммуникативтілік біліктерін дамыту 
қабілеті.
Сонымен, белгілі бір ұйымның басшысы мен ғылыми жетекшіге қо-
йылатын талаптардың айырмашылықтары жоқ екен. Жалпы, жоғарыда 
көрсетілген талаптар қазіргі заманға сәйкес жағдай мен шарттарға негізделіп 
жасалған. Жетекшілер болашағы бар сұрақтарға көбірек уақыт бөлуге, кең 
ауқымда ойлануға, жаңа қажеттіліктер мен міндеттерді өзгелерден тереңірек 


327
4.6. Ғылыми мектеп пен ғылыми жетекші
түсінуге, қызметтің қарқынды дамуына атсалысуға, топтардың қызметінің 
тиімділігін жоғарылатудың құралдарын жасап шығарып, оңтайлы жолын 
нұсқауға бейім. Олар өздерінің жоспарларын, ойластырған іс-әрекеттерін 
жүзеге асыруға тиісті. 
Неліктен магистранттың субъективті қабілетінің дамуы үшін ғылыми 
жетекшінің ықпалы маңызды? Себебі магистрант жұмысының тиімділігін 
анықтауда бағалау эталонын қолданудың дұрыс жолын нұсқайтын жетекші 
болып саналады. Сонымен, мамандықтар арасындағы өзара байланыс пен 
адам танымының ерекшеліктерін зерттей келе, О.Г. Кукосян «дәл қызметтің 
өзі әрқашан адамның өз қоршаған ортасын, соның ішінде адамның өзі-
нің бейнесін сомдауға жағдай жасайды» деп айқындап көрсетті. А.А. Бо-
далевтың пікірінше, адам бойынан басқа адамдарға бағытталған жалпы 
тұғырды жасап шығаруда, қызметтік құндылықтарды анықтауда қоғамдық 
қарым-қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке еңбегі мен орны айтарлықтай 
маңызды рөлге ие. 
В.И. Загвязинскийдің пайымдауынша, диссертант пен ғылыми жетек-
шінің қызметтерінде өзара келісімге келуі педагогика жетістіктерінен, 
жинақталған тәжірибе мен дәстүрінен және сабақтастықтан туындаған талап 
болып келеді. Оның пікірінше, құнарлы топырақта өсіп, жетілмеген «жаңа» 
нәрсе сыртқы тартымдылығына қарамастан тіршілікке өте бейімі жоқ болып 
келеді екен. Жаңа нәрсе толығымен жаңа болады немесе сыртқы бейнесі 
өзгертілген ескі болуы да мүмкін. Алайда танымал нәрседен туындаған жаңа 
нәрсе өз атына лайықтана отырып, жаңашылдықтың басты белгілеріне ие 
болуы керек. Сонымен қоса зерттеудің тұжырымдамалы бірлігі принципі 
бар, бұл жерде егер де зерттеуші белгілі бір тұжырымдамаларға ғылыми 
тұрғыда қосылмаса, я оларды өзі жасап шығармаса, ол жай эклетик ретінде 
қалып қояды. Бұл ұстаным ішкі қайшылықтарға ие, себебі ол осыған 
дейін қабылданып, анықталғанды дұрыс деп, ал толық анықталмағанды 
құбылмалы деп санайды. Е.А. Климов өзінің «Психологияның негіздері» 
атты еңбегінде (М., 1997) маман біліктілігінің бөлшекті және жүйелі 
көрінісінсіз кәсіби дайындықтың іргетасы қаланбайтындығы жайлы айтып 
өткен. Оның себебі әркім құбылыс пен жайттың тұтастылығын түрліше 
қабылдайды. 
Оқу тапсырмаларының міндеттерін қою мен мәселелерін шешу нұс-
қалары әртүрлі. Зерттеушілік жұмыстың қаншалықты тиімді басқарылып 
отырғандығы ғылыми мектептің қызметтерін зерттеу барысында толық 
айқындалады. Біздің республикамызда ғылыми мектепті құру және қа лып-
тастыру өзіндік тарихы бар және ғылыми-зерттеушілік орталықтар мен 
білім беру мекемелері қызметінің бастауымен тығыз байланысты мәселе бо-
лып келеді. Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік әдебиеттерде 
ғылыми мектеп зияткерлік, эмоционалды-құндылықты, формальды емес, 


4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
328
түрлі деңгейдегі ғалымдардың ашық қоғамы ретінде сипатталады. Ғы-
лыми мектептің базасына сәйкестендіруге келетін бірнеше көрсеткіштер 
төменде көрсетілген: 1) сәйкесінше білім аумағындағы бір немесе бірнеше 
көшбасшының болуы; 2) зерттеудің ерекше әдіснамасы және ғылыми па-
радигмасы; 3) мектептің ғылыми дәстүрімен сабақтастықты қамтамасыз 
ететін ұдайы өндіріс тетіктері; 4) ғылыми ұжым өкілдерінің атқарушы 
қызметтерінің жоғары дәрежеде бағалануы және сырттай мойындалуы. 
Осылайша, ғылыми мектеп сипаттамасының легі келесідей: білім алушы-
ларды белгілі бір бағыттағы танымдық шығармашылық жұмысқа талпын-
дыратын идеяның болуы, сәйкесінше, олардың мәселенің әр кезеңіне сай 
келетін жалпылық әдіснамалық ұстанымды толық меңгеруі. 
Сонымен қатар ғылыми мектептің білім беру жүйесінің кеңес беруші лік 
факторы бола алатын ғылыми идеяның ерекшеліктері мен артықшылықта-
ры тарихи тұрғыда орнымен және уақытпен айқындалғаны жөн. Өйткені 
ке шеуілдеп дамыған әскери педагогика саласындағы ғылыми мектептің 
қалыптасуы бірнеше кезеңдерді бастан кешірді. Дегенмен педагогикадағы 
қазақстандық ғылыми мектептің дамуының негізгі бағыттарын сипаттау 
қажет деп санаймыз (19-кесте).
19-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет