paradigma
– мысал, үлгі) – педагогикалық бірлестіктің (қауым-
дастық) педагогиканың дамуының әрбір кезеңінде қабылданған, жазбаша өкімдердің
(пре дписание) белгілі жинағын педагогикалық проблемаларды шешу кезінде үлгі (стан-
дарт, қалып) ретінде басшылыққа алынатын теориялық, әдіснамалық және басқа
нұсқаулар жиынтығы. «Парадигма» түсінігін америкалық тарихшы Т. Кун енгізді, ол
ғылыми пән дамуындағы әртүрлі кезеңді бөліп көрсетті: препарадигмалық (парадигманың
қалыптасуынан бұрын), үстемшілдік парадигма («қалыпты ғылым»), парадигма ауысатын,
біреуінен басқасына өтетін, ғылыми революциядағы дағдарыс.
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСНАМАСЫ – педагогикалық болмысты
танып білу және өзгерту үдерістері мен формалары, әдістері, ұстанымдары туралы ілім.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗАҢ – білім құбылыстары, педагогикалық жүйе компоненттері
арасындағы, оның өзін-өзі ұйымдастыру, даму және қызмет істеу механизмдерін көрсететін,
объективті, маңызды, қажет, жалпы және тұрақты қайталанатын байланысты білдіретін
категория.
ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құ-
рылымы, тетігі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйым дас-
тырылу әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары
туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет
үдерісі мен нәтижесі.
САЛАЛЫҚ-УӘКІЛЕТТІ ОРГАН – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет сала сын-
дағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу
жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
СИНЕРГЕТИКА (грек.
synergeia
– ынтымақтастық) – күрделі жүйелердің бей-берекет
күйден реттелген күйге өту процесін зерттейтін және осы жүйе элементтерінің арасындағы
белгілі бір байланысты ашатын ғылым.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР – стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған
іргелі не қолданбалы зерттеулер.
ТАНЫМ – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін,
танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімінің шындыққа қатысын, қоғамдық
практика негізінде іске асатын таным үдерісінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын,
әдістерін болжамдар мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін
философия ғылымының саласы.
ТӘЖІРИБЕЛІК-КОНСТРУКТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТАР – өнімді жасау немесе жаңғырту
кезінде орындалатын жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық
және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді
дайындау және сынау.
339
Зерттеуші сөздігі
ТӘЖІРИБЕЛІК ӨНДІРІС – негізгі қызметі тәжірибелік үлгілер мен пайдалы мо дель-
дерді, жаңа өнімдер мен технологиялық процестерді дайындау және байқаудан өткізу болып
табылатын ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшесі немесе
заңды тұлға.
ТЕОРИЯ – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар
мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми ұстанымдарды
білдіретін ілім.
ТҰҒЫР – педагогикалық нысананы зерттеудегі тәсілдер жиынтығы. Сондықтан
зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін нақтылауда немесе шешуде тұлғаға бағдарлы,
аксиологиялық, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұғырларын басшылыққа алуы тиіс.
ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ (РҺD), БЕЙІНІ БОЙЫНША ДОКТОР – тиісті мамандықтар
бойынша докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерген және дис сер-
тация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже.
ІРГЕЛІ ЗЕРТТЕУ – табиғат, қоғам, адам дамуының негізгі заңдылықтары мен олардың
өзара байланысы туралы жаңа ғылыми білім алуға бағытталған теориялық және (немесе)
эксперименттік зерттеу [37; 52; 93; 198].
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
340
Достарыңызбен бөлісу: |