Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет121/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
292
Қазіргі уақытта жалпы және қолданбалы психология кафедрасында 
профессорлық қызметін атқаруда. Оның 6 монография, 54 оқулық пен оқу 
құралдары және 800-ден астам ғылыми еңбектері бар. Қ.Б. Жарықбаев: «Қазақ 
психологиясының тарихы», «Педагогикалық психология», «Жоғары мектептегі 
психология» және т.б. теориялық курстар бойынша дәрістер жүргізуде.
Профессор Қ.Б. Жарықбаевтың әріптесі педагогика ғылымдарының 
докторы, профессор С.Қ. Қалиев этнопедагогиканың эмпирикалық базасын 
жасап шығарды.
Қазақ этнопедагогикасының көшбасшысы, пе-
дагогика ғылымдарының докторы, профессор, көр-
некті педагог-ғалым Серғазы Қалиұлы 1929 жы лы 
25 маусымда бұрынғы Семей облысы, Абай ау да-
ны Қарауыл селосында дүниеге келген. 1945-46 оқу 
жылында Абай ауданы Қарауыл селосында Абай 
атындағы орта мектептің 9-сыныбын бiтipiп, Се-
мейдегі Н.К. Крупская атындағы Педагогика инс ти-
ту тының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға 
түседі.
1949 жылы институтты ойдағыдай бiтipiп, Се-
мей облысы Аякөз ауданы Сергиополь орта мектебіне әдебиет пәнінің мұға-
лі мі болып еңбек жолын бастайды. Ал 1951–1957 жылдары Аякөз аудандық 
жастар комитетінің бірінші хатшысы, аудандық кеңес атқару комитеті 
төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1957–1966 жылдары Аякөз 
қаласындагы темір жол қазақ мектебінде директор болып қызмет істеді.
1966–1984 жылдар аралығында Қазақ темір жол оқу бөлімінде мектеп 
нұсқаушысы, бөлім бастығының орынбасары, он жыл оқу бөлімінің бас ты-
ғы қызметтерін атқарды.
Аспирантураны сырттай оқып бітірген С.Қалиұлы оқу-ағарту са ла сы-
ның басқару қызметтерін атқара жүріп, 1971 жылы Қырғыз мемлекеттік 
университетінде «F. Mүcipeпoв творчествосын орта мектепте оқытудың 
жолдары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал соңғы 
35 жыл бойы үздіксіз ғылыми еңбекпен айналысып, Ы. Алтынсарин 
атындағы Ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана 
меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қыз мет-
терін ойдағыдай атқарды.
Серғазы Қалиұлы үш жүзден астам ғылыми еңбектердің авторы. Оның 
ішінде қазақ этнопедагогика теориясы мен тарихы, оқытудың әдістемесіне 
байланысты 50-ге тарта кітап, оқулықтар мен оқу құралдары, 300-дей 
ғылыми мақалалары бар.
Жарияланған еңбектерінің ішінде «Қазақстандағы педагогикалық ой-
лар мен мектептер тарихының анықтамасы» (I, II кітап, 1986, 1990), «XV- 


293
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
XIX ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар» (1990), «Еу-
ропа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы ойлары» (1992), «Қазақтың
салт-дәстүрлері және ағартушы-демократтары» (авторлар бірлестігінде, 
1994), «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты оқулығы (1995), «Қазақ тәлім-
тәрбиесі» (Қ. Жарықбаевпен бipгe, 1995) педагогикалық жоғары oқy 
орындарының студенттеріне арналган оқулықтары,«Антология педаго-
гической мысли Казахстана» (Қ.Б. Жарықбаевпен бipгe, Алматы, Рауан, 
1995), «Қазақтың тәлімдік ой-пікip антологиясы» (Қ. Жарықбаевпен бipгe) 
2 том, 1998, «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері» (2003) атты 
оқулықтары мен монографиялық еңбектерін ерекше атауға болады.
С. Қалиұлы 1996 жылы «Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-
педагогикалық негіздері» атты тақырыпта педагогика ғылымдарының 
докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғады. 
С. Қалиұлының бұл диссертациялық жұмысын қазақтың педагогика 
ғылымының алтын қорына қосылган сүбелі еңбек ретінде бағалауға болады. 
С. Қалиұлының профессор Қ. Жарықбаевпен бipiгiп жазған «Қазақ тәлім-
тәрбиесі» (1995), «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері және 
тарихы» (2003) оқу құралдары мұғалімдер оқитын еңбектерге айналды.
С. Қалиұлының басшылығымен 1994–1998 жылдары «Қазақтың 
тәлімдік ой-пiкіp антологиясының» орысша-қазақша екі томдығы жарық 
көрді. Бұл еңбекте VI ғасырдағы көне Орхон-Енисей жазуындағы тәлімдік 
үлгілерінен бастап, әл-Фараби, М. Қашқари, Ж. Баласағұни, А. Иассауи, 
Қ. Жалаири сияқты орта ғасыр ойшылдарының, XV–XVIII ғасырлардағы 
хандық дәуірдегі ақын-жыраулардың тәлімдік ой-пікірлеріне, XIX ға сыр-
дағы Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылардың озық ойларына жан-
жақты талдау жасалған.
С. Қалиұлы ұзақ жылдар бойы педагогика және тәрбие мәселелерінің 
өзекті проблемаларын баспасөз беттерінде көтере жүріп, жоғары оқу 
орындарында этнопедагогика кафедраларын, ал Білім академиясында эт-
нопедагогика және тәрбие лабораторияларын ашуға мұрындық болды.
Көрнекті ғалым С. Қалиұлы өзінің ғылыми жұмыстарын шәкірт 
даярлау iciмeн де тығыз ұштастыруда. Серғазы Қалиұлының ғылыми же тек-
шілігімен соңғы жылдары 16 кандидаттық диссертация қорғалып, бірнеше 
шәкірті ғылым докторы ғылыми дәрежесін алды.
Ғалымның оқу-ағарту, ғылым саласындағы ұзақ жылдық жемісті ең-
бегі үшін «Еңбектегі үздік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Егемендіктің 
10 жылдығы», «Ы. Алтынсарин атындағы медальдары» мен Қазақстан 
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет грамотасы», «КСРО және Қазақ 
КСР оқу-ағарту ісінің озаты» белгілерімен марапатталды.
Этнопедагогикалық зерттеулер таным үдерісінің түрі ретінде ұлт-
тық тәрбиелік-білімдік дәстүрлерді мақсатты және жүйелі зерделеу ар-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет