4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
278
де ген монографиясында әлемнің қазіргі заманғы бейнесіне сәйкес этно-
пе да гогиканың әдіснамалық негіздерінің қалыптасу мәселесін қарас ты-
рады. Заманауи этнопедагогиканың әдіснамасы этнопедагогтардың бай
тео риялық және практикалық тәжірибесіне негізделген. Этнопедагогика-
ны ғылым ретінде қарастыру білім беру кеңістігінің көпмәдени ұлтаралық
байла ныстарды нығайтуға әсерін күшейтуге кепіл бола алады.
Ғалымның пайымдауынша, этнопедагогикалық зерттеулердің фи ло-
софиялық негіздеріне экзистенциализм, прагматизм, диалектикалық мате-
риализм, неотомизм, неопозитивизм, «өмір философиясы», фрейдизм және
неофрейдизм, бихевиоризм, эволюционизм және неоэволюционизм, диф-
фузионизм, социологиялық және этнопсихологиялық мектептер, функцио-
нализм, мәдени релятивизм алынады.
Этнопедагогикалық зерттеулердің гносеологиялық ресурстарына эт-
ни калық мәдениет, аңыз, фольклор, дін, тәрбиелік дәстүрлер, салттар,
отбасылық-тұрмыстық нормалар жатады. Зерттеушілік ізденіс этно пе да-
гогикалық білімді, этнопедагогикалық жүйелерді және технологияларды,
этнопедагогикалық құбылыстарды зерделеуге жаңа тұғырлар, әдістер қол-
дану мәселелеріне шоғырланады.
Этнопедагогика әдіснамасы дегеніміз – этникалық топтардың мораль-
дық-этикалық және эстетикалық дүниетанымдарының қалыптасуына, қо-
ғам ның өз санасының дамуына сәйкес, болмысты қайта құру мақсатында
олардың бала тәрбиелеудегі және оқытудағы эмпирикалық тәжірибесінің
тарихы мен теориясын зерттеу әдістері туралы ілім [16].
Қазіргі заманғы ғылымда түрлі негіздер бойынша, мысалы, ғылыми
пәндер (философия, психология, педагогика, т.б.), қосымша нысаны
бойынша (әрекеттік, мәденитанымдық, жеке тұлғалық, т.б.) жіктеуге бо-
латын көптеген тұғырлар бар. Көптеген тұғырлар бір-бірін жоққа шығар-
май тыны, қарастырудың түрлі жоспарларын іске асыратыны анық.
И.А. Зимняя көптұғырлық мәселесін қарастыра келіп, И.В. Блауберг,
Э.Г. Юдин ұсынған философиялық, жалпы ғылымилық, нақты ғылымилық
және өзіндік әдіснамалық төрт деңгейде талдауды негіздеуді ұсынды.
Түрлі деңгейлі тұғырлар жөнінде мысалдар келтірейік. Бірінші фи ло-
со фиялық деңгейде, мысалы, генетикалық және эволюциялық тұғырлар
болса, екіншісі жалпы ғылымилық деңгейде пәнаралық, кешендік, си нер-
гетикалық, атқарымдық, парадигмалық, интегралдықжәне т.б. болады.
Нақты ғылымилық не басқа ғылымдар деңгейінде психологиялық-пе да-
гогикалық, мәдени-тарихи, мәдениеттанымдық-тұлғалық, әрекеттік тұ ғыр-
лар бар. Осы деңгейге сондай-ақ білім беруге қатысты, мысалы, аксио ло-
гиялық, контекстік, герменевтикалық, тұлғалық-әрекеттік және т.б. тұғыр-
лар жатады [16].
Білім беру кеңістігінде әдіснамалық талдаудың барлық деңгейлеріне
көптұғырлылық тән. Кез келген құбылыстың түсіндірмесінде көп тұғыр лы-
279
4.3. Заманауи әдіснамашы ғалымдар
лық оның мазмұнына, әдіснамалық базасына, практикалық негізіне терең
талдау жасауға ықпал етеді. Мысалы, қазіргі заманғы білім беру кеңістігін
зерттеушілер жүйелілік, аксиологиялық, құндылықтық, антропологиялық,
өркениеттік, парадигмалық, интегративтік, интегралдық, синергетикалық,
герменевтикалық, мағынаға орталықтандырылған, тұғырлық, әрекеттік,
диалогтік, көпсубъектілік, тұлғалық-бағдарлық, технологиялық, тап сыр-
малық, атқарымдық, әлеуметтік-мәдени, құзыреттілік, кәсіби бағдар ла ма-
лық, контекстік және т.б. тұғырларды бөліп алады.
Заманауи білім беру кеңістігін зерттеудегі көптұғырлылық психо-
логия және педагогика ғылымдарында болып жатқан үдерістерді қайта
пайымдауға деген ұмтылыстарды, оларды жаңа әдіснаманың көмегімен
қандай да бір құбылыстарды сипаттауға қажеттісін таңдап алуды айғақ-
тай ды. Ғылыми талдаудың түрлі деңгейлерінде пайдаланылады. Соны-
мен қатар этнопедагогика бойынша көптеген еңбектер қазір бізге аталған
ғылымның нақты ғылыми жүйесін ұсына алмайтынын, тек кейбір тұғырлар
мен әдіс, құралдарды ғана еске салатынын атап өтуге болады. Дегенмен
этнопедагогикада басқа ғылымдар секілді, жүйеленген әдіснамалық тал-
даусыз зерттеу жүргізілмейді.
Заманауи этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері
. Педагогикадағы
көптұғырлылықты негіздеу үшін әдіснамалық талдаудың төрт деңгейлі
тұжырымдамасы басшылыққа алынады. Талдаудың төрт деңгейіне сәйкес
келесі тұғырлар (ыңғайлар) ұсынылады:
– дүниетанымдық деңгейде – әртүрлі ауқымдағы тарихи субъ ек ті-
лердің (тұлғалардың, халықтардың, этностардың, ұлттардың, аз халық-
тар дың) шығу, қалыптасу және дамуы туралы гуманитарлық білімнің
фи лософиялық және аксиологиялық формалары, генетикалық және эво-
люциялық тұғырлар;
– жалпы ғылымилық деңгейде – жүйелілік, интегралдық, синер ге ти-
калық, мағынаға бағытталғандық, парадигмалық тұғырлар;
– нақты ғылымилық деңгейде – тұлғаға бағдарлық, мәдениеттаным-
дық, антропологиялық, әрекеттік, мағыналық тұғырлар;
– әдістемелік деңгейде – технологиялық, коммуникативтік тұғырлар.
Сонымен, осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, ғалымдар бірінші
деңгейде философиялық-материалистік әдіснамаға сәйкес қазіргі танымның
рөлі күшейіп келе жатқан келесі әдіснамалық ұстанымдарды ұстанады:
– объективтілік ұстанымы – болмысты оның нақты заңдылықтары
мен жалпыға ортақ формаларында тану;
– жан-жақтылық ұстанымы – болмыс құбылыстарының баршаға
ортақ байланысы;
– нақтылық ұстанымы – нақтылы немесе ойша көрініс беретін барлық
жақтары мен байланыстарының жиынтығы түріндегі зат немесе жүйе;
4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
280
– тарихилық ұстанымы – өткендегі, қазіргі және келешектегі жай-
күйлердің тұтас, үздіксіз бірлігі түрінде болмыстың уақыт осінде бағытты
түрде өзіндік дамуы;
– қайшылық ұстанымы – заттар мен құбылыстарда нақтылы болатын
қайшылықтарды есепке алу [16].
Этнопедагогикадағы әртүрлі деңгейлерде қолданылатын тұғырларды
талдау ғылыми көзқарасты кешенді түрде жүйелеп көрсетуге мүмкіндік
жасайды.
Этнопедагогиканың зерттеу пәні – этнопедагогикалық болмыс, оның
этнопедагогикалық зерттеулердегі көрінісі деп тұжырымдады. Сондай-ақ
ғылым этнопедагогиканың педагогика ғылымдары жүйесіндегі алатын ор-
нын және оның басқа ғылымдармен байланысын нақтылауға ұмтылды, сол
сияқты оның құрылымын анықтау үшін педагогикалық пәндер арасындағы
байланыстар типін қарастырды. Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздерін
жасауға қажет этнофилософия, этнопсихология, этномәдениеттану, эт-
нография сияқты ғылым салалары білімдерінің ғылымаралық кірігу
ұстанымдары арқылы үйлесімді ықпалдасуының тетіктерінің қызметтері са-
раланды. Аталмыш ғылым салалары этнопедагогиканың пәндік, нысандық
белгілерін ерекшелеуге тікелей қатысты. Этнопедагогиканың әдіснамасын
жүйелеу үшін педагогиканың әдіснамалық қағидаларының ғылыми әлеуетін
жіктеп, этнопедагогиканың қызметін, заңдарын, заңдылықтарын, теорияла-
рын, категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ажыратып нақты көрсетті.
Этнопедагогика – әлеуметтік-гуманитарлық ғылым. Әзірге ғылымда
гуманитарлық әдіснама енді ғана өз ойларын нақтылауда, гуманитарлық
сараптамада (экспертиза) жаңадан қалыптасып келеді [16].
Профессорлар К.Ж. Қожахметова мен Ш.М-Х. Арсалиевтің мәнді
зерттеулері ТМД елдері ғалымдарының этнопедагогикалық зерттеулерінің
логикасының негізіне айналды.
Педагогика әдіснамасының, оның ішінде дидактикалық зерттеу әдіс-
на масының дамуына Я. Скалкова мен В. Оконь, А.В. Коржуев және
В.А. Попков зор үлес қосты.
Педагогика әдіснамасының даму тарихын С. Колташ және Н.И. Гре-
бенюк ғылым философиясы және тарихымен тығыз байланыста зерттеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |