Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет112/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
272
ғылым екендігін негіздеді. Ол 2000 жылдардан бастап Төмен облысы үшін 
мақсатты бағдарлы білім беру бағдарламаларын дайындауға және іске 
асыруға, балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің тәжірибелік орталықтарын 
құруға көңіл бөлуде. Педагогика әдіснамасы мәселелерін талқылауға үнемі 
қатысып, өз пайымдауларын ортаға салып, дидактикалық және әлеуметтік-
педагогикалық зерттеулер әдіснамасын жасады.
В.И. Загвязинский педагогика әдіснамасын педагогикалық таным, 
оны табу үдерісі, түсіндіру тәсілдері (тұжырымдама түзу) және оқыту мен 
тәрбиелеу жүйесін түрлендіру мен жетілдіру үшін практикада қолдану 
туралы, педагогикалық білімнің қызметтері мен құрылымы туралы, пе да-
гогикалық зерттеудің логикасы мен әдістері туралы, алған білімді практи-
када қолдану мен жетілдіру әдістері туралы ілім деп есептейді.
Әдіснамалық білімнің құрылымы ретінде В.И. Загвязинский әрекет 
кезінде нақты іске асатын заңдар мен заңдылықтар, зерттеу амалдары-
нан тұратын ұстанымдар мен талаптарды қарастырады. Оның ойын-
ша, ұстанымның терең ғылыми негізі және зерттеудің барлық жағ дай-
лары мен нұсқаларында қолданылатындай жалпы сипаты болу керек.
В.И. Заг вязинскийдің пайымдауынша, педагогикалық әдіснама – пе даго-
ги ка лық білімдер және оны іздеп табу үдерісі жайлы ілім. Оның құра-
мы на 1) педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі, оның ішіндегі 
педа гогикалық мәселе турасындағы ілім; 2) әдіснамалық мәні бар бас тап-
қы, іргелі, философиялық ілімдер, тұжырымдамалар, болжамдар; 3) пе да-
гогикалық таным әдістері туралы ілімдер жатқызылады. 
Ол педагогикалық зерттеудің негізгі ұстанымдары ретінде ғылымилық, 
логикалық және тарихи бірлік, тұжырымдамалық бірлік, нақтылық пен 
болуға тиістінің арақатынасы, оқу-тәрбие жұмысының зерттеушілік және 
практикалық бірлігін атайды. Автор зерттеудің тұжырымдамалық бірлігі 
ұстанымының құрылымында педагогикалық үдерісті зерттеуге жүйелілік 
және тұтастық тұрғысынан келудің мәнін ашады.
Дидактикалық зерттеудің әдістері мәселесі В.И. Загвязинскийдің мо-
нографиясында қарастырылған. Ол дидактикалық зерттеулерде логикалық 
ойлаудың индукция мен дедукция, анализ бен синтез, модельдеу, салыс- 
тыру, жіктеу және жалпылау, абстракциялау және нақтылау, нақтыдан 
абстрактіге, абстрактіден нақтыға сияқты формаларын қарастырады.
В.И. Загвязинский әдістерді жіктеуде оларды эмпирикалық және теориялық 
зерттеулер әдістері деп бөлуге мүмкін болатынын айтады. Эмпирикалық 
зерттеу әдістеріне ол әдебиеттерді, құжаттарды және әрекет нәтижелерін 
зерделеуді, байқау, сұрақ-жауап, бағалау, педагогикалық тәжірибені зерт-
теу және жинақтау, тәжірибелік педагогикалық жұмыстар, дидактикалық 
экспериментті жатқызса, теориялық зерттеулер әдістеріне теориялық 
анализ бен синтез, абстракциялау – нақтылау, идеализация, модельдеу, 


273
4.3. Заманауи әдіснамашы ғалымдар
теориялық білімді нақтылауды жатқызады. Зерттеу әдістерін іріктеудің 
өлшемдерінің негізіне мынадай қағидалар ұсынылады: әдістердің нысанға, 
пәнге, зерттеудің жалпы міндеттеріне, жинақталған материалдарға бара-
бар болуы; ғылыми зерттеудің қазіргі ұстанымдарына сәйкестігі; ғылыми 
болашағы, яғни таңдалған әдістің жаңа, сенімді нәтиже беретінінің 
негізделуі; зерттеудің логикалық құрылымына сәйкестігі және т.б.
Еңбектері: Противоречия процесса обучения. – Свердловск, 1970; Учи-
тель как исследователь. – М., 1980; Методология и методы дидактического 
исследования. – М., 1982; Пед. предвидение. – М., 1987; Лекции по дидак-
тике высшей школы. – Челябинск, 1989.
Тәрбие саласын зерттеу әдіснамасын зерттеуші 
көрнекті ғалым Борытко Николай Михайлович – 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Вол гоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық 
уни верситетінің құрметті профессоры. Ғалым пе да-
гогикалық зерттеу әдіснамасы, кәсіптік білім, тәр-
биенің теориясы мен әдістемесі, білім берудегі инно-
вациялық үдерістер мәселелерімен айналысады, 50-
ге жуық оқу-әдістемелік құралдар дайындады. Білім 
берудегі гуманитарлық зерттеулердің әдінамасы 
мен әдістемесі, «Білім беру жүйелерінің инновациялық даму саласындағы 
модерация менконсалтинг», «Педагогтің технологиялық шеберлігі» атты 
еңбегі ғылыми көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. 
Ғалымның «Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен 
әдістері» атты оқу құралы әлеуметтік педагогика мен тәрбие мәселелерін 
зерттеушілерге арналған. Бұл оқу құралында гуманитарлық кеңістіктегі 
оқушылардың субъектілігінің қалыптасуына, студенттердің кәсіби тәр бие-
сіне, тәрбиеші-педагог даярлауға көңіл бөлінген.
Негізгі еңбектері: «Методология и методы психолого-педагогиче-
ских исследований: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: 
Издательский центр «Академия», 2008. – 320с.; Становление субъектной 
позиции учащегося в гуманитарном пространстве урока: монография /
Н.М. Борытко, О.А. Мацкайлова; науч. ред. Н.К. Сергеев. – Волгоград: 
Изд-во ВГИПК РО, 2002. – 131 с.; Диагностическая деятельность педагога. 
– М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с. и др.
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін профессорлар
И.А. Липский мен Л.В. Мардахаев тұжырымдады.
Липский Игорь Адамович – әлеуметтік педагогика ғылымы мен 
тәжірибесінің көшбасшысы. Ол өзінің идеяларын, зерттеулерінің нәти же-
лерін Әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың Халықаралық 
ассоциациясының бағдарын ұстана отырып әлемдік деңгейде талқылауға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет