Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет113/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
274
шығарып отырды. И.А. Липский мен Л.В. Мардахаев әлеуметтік педагоги-
ка әдіснамасының құрылымы мен мазмұнын жасап шығарды.
Зерттеушілр әуелі әлеуметтік педагогика әдіснамасын нақтылауда. 
И.А. Липский мен В.И. Загвязинскийдің пайымдауынша, әлеуметтік педа-
гогика әдіснамасының ішкі құрылымыоның мазмұнын көрсетеді және мы-
наларды қамтиды: 
– ғылыми-зерттеу әрекеті теориясы. Әлеуметтік-педагогикалық прак-
тиканың таным туралы білімі (әлеуметтік педагогика әдіснамасы) әлеу-
меттік педагогтің ғылыми-зерттеу қызметін және ғылыми танымдық үде-
рістің қағидалары мен мазмұнын, ұйымдастырылуын, логикалық құ ры лы-
мын және үдерістерін зерттеу мен қалыптастыруды көздейді. Ол ғы лыми 
зерттеуге сипаттама: мәселе, тақырып, өзектілік, зерттеу нысаны, мақсаты, 
міндеті, болжам, яғни ғылым және практика үшін маңызды әдіс на малық 
тізбе түрінде баяндалуы мүмкін;
– пәндік ғылымтану теориясы. «Әлеуметтік-педагогикалық ғылым-
тану» деп аталатын әлеуметтік педагогика әдіснамасының зерттеумен ай-
налысатын бөлігі – әлеуметтік-педагогикалық ғылым туралы білім. Әлеу-
меттік-педагогикалық ғылымтану ғылыми қызмет үдерістерінің тиімділігін 
көтеру мақсатындағы тұтас жүйе ретінде ғылымның қолданылу тәжірибесін 
кешенді түрде зерттеу және теориялық қорыту болып табылады. Ол ғылыми 
пән ретінде әлеуметтік педагогиканың логикалық құрылымына, оның да-
муы мен негізгі қызметтерін дамытуға және іске асыруға тереңдетілген тал-
дау жасау үшін қажет;
– әлеуметтік-педагогикалық қызметті ғылыми қайта құру теориясы 
[136; 145].
Әлеуметтік-педагогикалық практиканы қайта құру туралы білім, оған 
ғылыми білімдерді ендіру– практикалық қызметтегі инноватиканы, озық 
тәжірибені пайдалану жолымен өзінше ұйғарылған теория.
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін мынадай құрау ыш- 
тар құрайды:
– әлеуметтік педагогиканың өзінің әдіснамасы – ғылымтану ұстанымы 
тұрғысында әлеуметтік педагогиканың мәнін тану деңгейі: гносеологиялық 
(әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды тану); логикалық-гносео ло гия-
лық (таным логикасын танып білу және технологиялық әлеуметтік-педа-
гогикалық шындықты қалай танып білу);
– әлеуметтік педагогиканы танып білу және қайта құру әдіснамасы – 
субъекті (әлеуметтік-педагогикалық тапсырысты анықтаушы мемлекеттің 
және әлеуметтік-педагогикалық қызметті және оны бағалауды атқаратын 
маманның) ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық болмыстың 
сапасын танып білу және бағалау деңгейлері: аксиологиялық (әлеуметтік-
педагогикалық құбылыстарды бағалау), дүниетанымдық (әлеуметтік-


275
4.3. Заманауи әдіснамашы ғалымдар
педагогикалық болмысты танып білуге, қайта құруға және бағалауға қа-
жетті) және әдістемелік (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып білу, 
қайта құру және бағалау технологияларын іске асыру тәсілдері). 
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімдер құрамындағы әдіс-
на малық ұстанымдар И.А. Липскийдің ғылыми еңбектерінде кеңінен тал-
данған.
Әлеуметтік педагогикада ұстанымдар әлеуметтік оқыту және тәрбиенің 
негізгі заңдылықтарын көрсетеді, солардан туындайды, сондықтан өзінің 
өмір сүруі мен әрекеттерінің объективтік табиғатын құрайды. Олардың 
әрқайсысы әлеуметтік педагогтің теориялық негіздемелері мен практикалық 
қызметінің міндетті ережелері мен талаптарын ұсынады. Ұстаным нор ма-
тивтік-реттеуші қызметті атқарады, белгілі бір заңдылықтың, оның ат қа-
рылу шарттарын немесе практикалық қызметті күнделікті бақылаудың нә-
тижесін және одан туындайтын, белгілі бір ережелер, талаптар, ұсынымдар 
түрінде рәсімделген қорытындылар болып табылады. Сондай-ақ
И.А. Липский әлеуметтік педагогиканың ғылыми-мәселелік алаңының да-
муына болжау жасап, осы саладағы зерттеулердің деңгейлерінің иерархия-
сын құрастырып, ізденіс бағыттарының матрицасын ұсынған.
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамасын зерттеушілер қатарында Мар-
дахаев Лев Владимирович ерекше құрметке ие.
Мардахаев Лев Владимирович 1944 жыл Баку қаласында дүниеге 
келген. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ғылыми қауым-
дастыққа Л.В.Мардахаевтың еңбектері «Әлеуметтік педагогика тарихы мен 
теориясы» деген отандық ғылыми мектеп ретінде танымал. 1994 жылдан 
бері Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінде профессор, кафедра 
меңгерушісі қызметін атқаруда.
Профессор Л.В. Мардахаев А.В. Барабанщиков 
пен И.А. Липскийдің идеялары негізінде әлеуметтік 
педагогиканың әдіснамасын құрылымдады. Олардың 
еңбектерінде әлеуметтік педагогиканың әдіснамасы 
гносеологиялық, логикалық-гносеологиялық, дү-
ние танымдық, технологиялық және әдістемелік дең-
гейлер де қарастырылған.
Әлеуметтік педагогика әдіснамасының тұжы-
рым дамасы алғаш рет әлеуметтік педагогика оқу-
лығында көрініс тапқан (Л.В. Мардахаев және
И.А. Липский). Профессор Л.В. Мардахаев әлеу-
мет тік педагогиканың әдіснамасын жасағанда В.В. Краевскийдің ғы лым-
танулық тұғырын басшылыққа алған. «Әлеуметтік педагогиканың әдіс-
намасы» кілтті ұғымы әлеуметтік-педагогикалық болмысты тану, қайта 
жаңарту туралы әдіснамалық білімді ескере отырып құрастырылған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет