Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет41/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
90
ізденушілер бірінші кезекте педагогикалық оқиғалар, үдерістер туралы 
сенімді деректерді анықтау үшін түрлі дереккөздерге иек артады.
Ғалымдардың пайымдауынша, идеяның құралы ретінде оны іске асы-
рудың тетігі болып табылатын жабдықтар түсіндіріледі, ол педаго ги калық 
шындық нысанының мазмұны, құрылымы, қызметі, сол мақсатқа жетудің 
жолдары мен тәсілдері туралы болжамға алып келеді. Жаңа білім, жаңа 
теория болжам түрінде туып, дамиды. Сол болжам арқылы тұғырнамалық 
негіз, оны іске асыру идеясы мен ойы көрінеді. Әдіснамашылардың зерт теу-
лері көрсеткендей, ғылыми болжам философтар мен логиктер белгілеген 
бірқатар талаптарға жауап беру керек: деректерге сәйкестік, тексеру мүм-
кіндігі, құбылыстарға қолдануға болатындығы, қарапайымдылық, т.б. 
аталғандарда көрінетіндей, болжамға қойылатын талаптардың ішінде оның 
дерекке сәйкестігі бірінші кезекте тұрады.
Сонымен, деректерді жинау, жалпылау, жүйелеу мен жіктеу зерттеу 
қорытындысында алынған нәтижелердің сенімділігіне, дәлдігіне қол жет-
кізуде маңызды орын алады.
Дерек категориясының ғылыми білімді ұйымдастыру формасы ретіндегі 
анықтамасымен келісуге болады: дерек (синонимі: оқиға, нәтиже). Ғылыми 
дерекке тіркелген, дәйектелген құбылыстар, оқиғалар, олардың қасиеттері, 
байланыстары мен қатынастары жатқызылады. Дерек ғылымның іргетасын 
құрайды. Деректердің жиынтығынсыз тиімді ғылыми теория құру мүмкін 
емес.
Ғылыми әдіснамадағы дерек – шындық болмыстағы оқиғалар мен 
құбылыстар туралы эмпирикалық білімдерді тіркеуші сөйлемдер. Ғылым 
танушылардың пайымдауынша, ғылымдағы деректерді бөліп алу, іріктеу 
мен тексеру міндетті түрде эмпирикалық танымдық әрекеттермен, яғни 
бақылау, өлшеу мен сынақтан өткізу әдістерімен, сондай-ақ ғылыми бі лім-
дердің қандай да бір жүйесімен байланысты. Зерттеушілер ғылымда деректі 
бөліп алуға, қолдануға тексеруге негіз болатын бірқатар өлшемдерді атап 
көрсетеді:
– белгілі бір жағдайда деректі пайымдауға болады;
– әртүрлі тәсілдермен деректі тексеруге болады;
– деректі одан әрі зерттеу, танымның жаңа құралдарын еңбек құ рал-
дарын жасау үшін іс жүзінде қолдану мүмкіндігі;
– ғылымда дерек идеалдандырудың ерекше түрі болып табылады.
Ол алғашқыда эмпирикалық зерттеуге лайық тар салада белгілі болады. 
Содан соң соған ұқсас барлық қасиеттер, сипаттамалар мен құбылыстарды 
белгілі жағдайда дерек ретінде қарау ұсынылады. Ғалымдар деректер мен 
болжамдарды байланыста қарастырады. Олардың пікірінше, ғылымда бол-
жам жасау ғылымға белгілі заңдар мен теориялардың көмегімен түсіндіруге 
келмейтін жаңа деректер пайда болғанда іске асырылады. Ғылымда жаңа 


91
1.5. Теориялық білім – ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы
деректер пайда болса, ғалымдар ең алдымен белгілі ғылыми білімдермен 
сәйкестендіруге тырысады. Сөйтіп, жаңа деректер ғана емес, соған қа тыс-
ты білімдер жүйесі де тексеріліп нақтыланады. Ғалымдар көбінесе бас қа 
жағдайдың орын алатынын жоққа шығармайды: жан-жақты зерттеуден 
кейін жаңа деректердің басқа салаға қатыстылығы мен басқа табиғи қыр-
лары ашылады. Оны түсіндірудің басқа әдістерін іздеуге тура келеді. Осын-
дай ізденістің басты құралы болжам болып табылады.
Дерек педагогикалық теорияның да өзегі болып табылатыны жалпыға 
белгілі. Соңғы уақытта ғалымдар құрылымында педагогикалық дерекнама 
ілімі (фактология) маңызды орын алатын педагогикалық жүйетану ілімінің 
мазмұнын айқындап, белгілеуде. Олардың анықтауынша, педагогикалық 
де рекнама ілімі – эмпирикалық деректерді сипаттау мен талдау туралы, 
нақты педагогикалық әрекеттің адамға, оның мінез-құлқына, қарым-қа ты-
насына, құндылық бағдарларына ықпалы туралы білім жүйесі.
Кез келген ғылыми зерттеу деректі жинау, жүйелеу мен талдап қо-
ры тудан басталады. Ғылыми деректі ғалымдар эмпирикалық және тео-
риялық танымның өзара қатынасы аясында қарастырады. Ғылым әдіс на-
ма сында ғылыми таным дегеніміз – үдеріс, яғни екі негізгі деңгейден – 
эмпирикалық және танымдық деңгейден тұратын дамушы білімдер жүйесі. 
Эмпирикалыққа тән басты белгілер: деректер жинау, оларды алғашқы 
жүйелеу, бақыланған және сынақтан өткен мәліметтерді сипаттау, олар-
ды жіктеу және басқа да деректерді тіркеу әрекеті. Эмпирикалық зерттеу 
тікелей нысанға бағытталады, деректерді салыстыру, өлшеу, сынақтан өт-
кізу, талдау, байқау әдістері мен құралдарының көмегімен меңгереді, ал 
олар дың ең маңызды элементі дерек болып табылады.
Теориялық білім – белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, 
қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, 
идеялар жиынтығы. Тар мағынасында алғанда, теория педагогикалық іс-
әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары 
туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы.
Ғылым дамуының ұзақ тарихында оның құрал-сайманы байытылды, ал 
ғылыми әдіс ғылыми теориядан, оны қолданудан бөлек қарастырылмайтын 
болды. Ғылыми теория ғылыми әдістің міндетті құрамдас бөлігіне айналды. 
Ғылыми теориясыз ешбір ғалым қазіргі уақытта ғылыми әдісті көз алды-
на елестете алмайды. Жақсы құрылымданған теория – шынайы болмысты 
танудың нағыз мәні. Сондықтан да ғылыми теория ғылыми әдістің мәнді 
бөлігі, демек, ғылыми әдіс – әрекеттенуші теория.
Ғылыми білімнің басты құрамдас бөлігі – теория. Әрине, ғылыми білім 
– шынайылықтың тәжірибелік танудың мәліметтері, зерттеу барысында 
алынған фактілер, анықталған эмпирикалық заңдылықтар. Бұның бәріне 
ғылыми білімнің құрамдас бөліктері ретінде теория тұтастық қасиетін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет