87
1.5. Теориялық білім – ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы
және эмпирикалық талдауға қайта-қайта оралып отырады. Осының ішінде
ең бастысы – болжам. Егер ол зерттелетін байланыстарды, олардың ішкі
бай ланыстарын қамтыса, онда болжам теориялық сипатқа ие болады. Ай-
талық, дидактикада және педагогикалық психологияда соңғы жылдары
ұс танымдық деңгейде оқытудағы теориялық талдап қорытудың жетекші
рөлі (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов), мектепте адами мәдениеттің барлық
элементтерін меңгеру қажеттігі (И.Я. Лернер) туралы болжамдар жасалды.
Ал тәрбие теориясы мен әдістемесінде жаңа болжамдар жасау күр де-
лірек. Бұл жерде бұрынғы болжамдардың жаңа негізде қайта жасалуы ту-
расында айтуға болады. Мысалы, тәрбие жүйесі ретіндегі ұжым (Л.И. Но-
викова, В.А. Караковский және т.б.), жеке тұлға тәрбиесінің құралы ұжым-
дық шығармашылық әрекет (И.П. Иванов және т.б.), мектеп пен ортаның
бірлігін талап ететін кең көлемді әлеуметтік тәрбие (Л.И. Новикова,
В.Г. Бочарова және т.б.).
Сонымен, зерттеудің теориялық платформасының құрамына ұғымдық-
терминологиялық жүйе, теориялар (зерттелетін мәселенің теориясы), тұ-
жы рымдамалар, ұстанымдар, тұғырлар және т.б. енеді.
Достарыңызбен бөлісу: