Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым


Дидактикалық зерттеулердің типтері мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет47/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Дидактикалық зерттеулердің типтері мен мазмұны

Зерттеудің 
атауы
Мақсаты
Мазмұны
1 Әдіснамалық 
зерттеулер
– педагогика ғылымының және 
оның салаларының дамуының 
заңдылықтары мен даму 
үдерістерін, педагогикалық 
ғылым мен практиканың 
байланыс тәсілдерін, 
педагогикалық зерттеулердің 
тиімділігі мен сапасын көтерудің 
ұстанымдарын айқындау және 
олардың практикаға ықпалын 
күшейту 
– дидактиканың пәні;
– практикаға бағдарланған 
дидактикалық теорияны жасаудың 
тәсілдері;
– дидактиканың басқа 
ғылымдармен арақатынасы;
– оқытуды ғылыми негіздеудің 
құрамы мен деңгейлерінің 
мәселелері;
– оқытудың дидактикалық 
категория ретіндегі тиімділігі 
2 Іргелі 
зерттеулер
– педагогикалық 
құбылыстардың мәнін ашу;
– педагогикалық ақиқаттың 
түпкі негізін табу;
– бұл негіздердің ғылыми 
түсіндірмелері
– оқыту мен тәрбие теориясы;
– білім беру мазмұнының 
теориясы;
– оқыту әдістерінің теориясы;
– оқытуды ұйымдастыру 
формаларының теориясы;
– оқыту нәтижесін жоспарлау 
теориясы
3 Қолданбалы 
зерттеулер
– практиканың нақты 
кемшіліктерін түзетуге 
бағытталған
– анықталған кемшіліктерді жою 
әдістері;
– әрекет жобасы;
– практика үшін тұжырымдар
Жүйелілік тұғыр мен тұтастық тұғыры да дидактикалық зерттеу тірегі. 
Оқыту үдерісін педагогикалық зерделеу көпқырлы болуы керек, бірақ ол 
біртұтас болуы шарт. Осылайша, талдаудың мазмұндық қыры оқу пәндері 
материалын, негізгі ұғымдарын, идеяларын, теорияларын іріктеу және 
құрастыру тәсілдерін, жаңашыл логикалық құрылымдарды жасауды және 
үдерістік-қимылдық қыры әрекет тәсілдерін, оларды қалыптастыруды тал-
дауды қамтиды; тұлғалық-түрткілік қыры білім алуға түрткілерді, оқуға 


103
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
қызығушылықтардың, қажеттіліктердің қалыптасу үдерісін, оқушының 
типтік және сипаттамалық белгілерін негізге алады.
Зерттеудің логикалық құрылымы өзінің нысандық саласын таңдап 
алудан басталады. Мұндай бөлігі не тәжірибелік іс-әрекетте (айталық, 
бел гілі бір пәнді бастауыш, орта және жоғарғы сыныптарда оқыту), не 
оның ғылыми мәселелерде көрініс береді (дамыта оқыту теориясы, же-
ке лік тұғыры ұстанымы және т.с.с.). Нысан бөлігін таңдау: оның өзек ті-
лігі, жаңашылдығы және нәтижелілігі сияқты объективті шарттарына; бі-
лімділік, өмірлік тәжірибе, бейімділігі, қызығушылығы, қабілеті, ой ерек-
шелігі, оның ғылыми ұжым мен оның жетекшісі, кәсіптік іс-әрекетімен 
бай ланыстылығы сияқты субъективті шарттарға сүйенеді. Мәселенің даму 
үдерісі зерттеу нысаны мен пәнін анықтаумен тығыз байланысты [103].
Дидактикалық зерттеудің әдістері мәселесі де В.И. Загвязинскийдің мо-
нографиясында қарастырылған. Ол дидактикалық зерттеулерде ло ги калық 
ойлаудың индукция және дедукция, талдау бен жинақтау, мо дель деу, са-
лыстыру, жіктеу және жалпылау, абстракциялау және нақтылау, нақтыдан 
абстрактіге, абстрактіден жалпыға көшу сияқты формаларын қарастырды. 
В.И. Загвязинкий әдістерді жіктеуде оларды эмпирикалық және теориялық 
деп екі топқа бөлуге мүмкін болатынын айтты. Эмпирикалық зерттеу 
әдіс теріне ол әдебиеттерді, құжаттарды және әрекет нәтижелерін зерт-
теу ді, байқау, сұрақ-жауап, бағалау, педагогикалық тәжірибені зерттеу 
және жинақтау, тәжірибелік педагогикалық жұмыстар, дидактикалық экс-
пе риментті жатқызса, теориялық зерттеу әдістеріне – теориялық талдау 
мен синтез, абстракциялау – нақтылау және идеалдандыру, модельдеу, 
тео риялық білімді нақтылауды жатқызады. Зерттеу әдістерін іріктеудің 
өлшемдерінің мәніне мынадай қағидалар ұсынады: әдістердің объектіге, 
пәнге, зерттеудің жалпы міндеттеріне, жинақталған материалға барабар 
болуы; ғылыми зерттеудің қазіргі ұстанымдарына сәйкестігі; ғылыми бо-
лашағы, яғни таңдалған әдістің жаңа, сенімді нәтиже беретінінің негізделуі; 
зерттеудің логикалық құрылымына сәйкестігі және т.б. [83; 85].
Дидактика мен әдістеме бірін-бірі қайталайды деген пікір жиі кездеседі. 
В.В. Краевский: «Әдістеме – бұл жеке пән дидактикасы, яғни жалпы ди-
дак тикаға «қосымша». Екінші жағынан, әдістеме өзінің белгілі бір пәнді 
оқыту мен оның құралдары арқылы тәрбиелеу сияқты зерттеу пәні бар, 
өз алдына бөлек пән болып табылады. Сондықтан әдістеме дидактикамен 
объектісінің (оқыту қызметі) бір болуымен байланысты. Бұл объект бойын-
ша әдістеме бір ғана пәнді қарастырса, дидактика барлық пәнге тән жалпы 
байланысты қарастырады», – дейді. Зерттеулерде бастауышта оқылатын 
әр пәннің әдістемесін – пән әдістемесін – барлық пәнді оқытудың ортақ 
әдістемесін – ол оқыту дидактикасы деңгейлері бойынша қарастырылады. 
Дидактика барлық пән бойынша және оқу әрекетінің барлық деңгейіндегі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет