Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет46/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
100
дамыта оқыту, гуманистік психология, когнитивтік психология, психоди-
дактика, педагогикалық технология және педагогикалық ынтымақтастық, 
т.б. сияқты әртүрлі бағыттарда жұмыс істейді.
Педагогиканың даму барысында дидактика барынша үлкен дәрежеде өз 
алдына зерттеу пәні бар жеке педагогикалық ғылыми пән мәртебесін ием-
денген пән болып табылады. Дидактиканың пәнін анықтауда теория мен 
практиканың бірлігі туралы таным теориясының іргелі мәні бар. Дидакти-
ка практикаға, практикалық педагогикалық әрекетке айналған, сондықтан 
дидактиканың басты қызметі оқыту практикасының ғылыми тұрғыдан 
негізделуінде. Дидактиканың пәнін анықтауда басшылыққа алынатын 
екінші жалпы әдіснамалық қағида – адам танымының белсенділігі тура-
лы тезис. Сөйтіп, ғылыми дидактиканың әдіснамалық негізі мәнді өзгерту 
мен танудың теориясы мен әдісі түріндегі материалистік диалектика бо-
лып табылады. Дидактика әдіснамасы мәселесіне көптеген педагогтардың 
еңбектері арналды. Бұл еңбектерде оқыту теориясының әдіснамалық негізі 
таным теориясы екендігін бірдей түсіну орын алған. Дидактика практика-
мен тығыз байланыста дами отырып, ірі жетістіктерге жетті.
Оқыту теориясының өзіндік заңдары мен заңдылықтарын, ұста ным-
дарын, қағидалары мен тұжырымдамаларын анықтауға және оларды әдіс-
намалық тұрғыдан зерттеуге С.И. Архангельский және т.б. өз еңбектерін 
арнады. Жалпы білім беретін мектепте оқыту теориясы құрылымдық, 
қолдану және одан әрі дамуы жағынан оқытудың дидактикалық әдісінен 
шығады және осы әдісті теория мен оқыту үдерісі тұжырымдамасының 
барлық байланыстары мен қатынастарында пайдаланады. Мектептегі 
оқыту теориясының әдіснамалық бастауы таным үдерісін қозғалыста, 
қайшылықтар дамуында қарастыратын таным теориясы болып табылады. 
Дидактика танымды күрделі қайшылықты білмеуден білуге, толық емес 
білуден неғұрлым толық та терең білуге, объективті өмірдегі заттар мен 
құбылыстарды танудан олардың мәнін, заңдылықтарын, байланыстары мен 
қарым-қатынастарын тануға қарай жүретін үдеріс ретінде қарастырады.
Оқыту теориясының ұстанымдары, заңдары, ережелері мен тұжы рым-
да малары жоғары мектепте оқыту үдерісі жүйесі құрауыштарының түсінік 
алаңын құрастыру, оны басқару, реттеу және бақылау үшін қарастырылады. 
Зерттеушілер дидактика заңдылықтарын неғұрлым ғылыми мәнділік тұр-
ғыда дамытады, оқыту теориясы үшін жалпығылыми ұстанымдар мен 
әдіс терді тарту мүмкіндіктерін іздейді. Бұл жерде С.И. Архангельскийдің 
жо ғары мектепте оқыту теориясын жасаған ғылыми мектебінің маңызын 
атап өтуге болады. Ғылыми мектеп өте нақты, әдіснамалық тұрғыдан не-
гізделген жоғарғы мектептің өзіндік оқыту теориясының заңдарында 
тұ жы рымдамаларын ашып анықтады. Осы сияқты В.И. Загвязинский,
Л.И. Гриценко оқыту мен тәрбиелеудің, педагогикалық мақсаттылықтың 


101
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
теориялық және практикалық мәселелерінің, мақсатқа жетуге ықпал ететін 
объективтік және субъективтік факторлардың есебі мен қолданылуының 
әдіснамалық мәселелерін зерттеп келеді. Олар оқыту мен тәрбиелеудің 
қозғаушы күшінің әдіснамалық тұжырымдамасын дамытып, қарама-қарсы 
жақтың табысқа жету шамасының бірлігін, үйлесімділігін, тәсілдерінің 
ұстанымдарын нұсқау ретінде ұсынады.
Болгар ғалымы И. Марев «Дидактиканың әдіснамалық негіздері» мо-
нографиясында жалпы әдіснамалық мәселелермен (жалпы дидактиканың 
мәселелері, пәні, құрылымы, басқа ғылымдармен байланысы және т.б.) 
қатар теориялық мәселелерді де (оқу бағдарламаларын құрастыру, ин тел-
лек тіні дамыту, оқулықтың функциялары мен оны құрастыру, оқытуда 
компьютерлендіру және т.б.) қарастырады.
Дидактикалық зерттеудің типтері және олардың мақсаты мен мазмұнын 
4-кестеден көруге болады. Дидактикалық зерттеудің пәні оқу үдерісінде, оның 
барысында, әдісінде, құралдары мен ұйымдастырылуында қойылған мақсатқа 
сай көрінетін барлық саналы дидактикалық қызмет болып табылады.
Барлық ғылыми зерттеулер оның әдіснамалық негізделуінен бастала-
ды. Ю.К. Бабанскийдің пікірі бойынша, әдіснамалық негіздеу зерттеулер 
тұжырымдамасының (мәселенің тарихи-логикалық талдауы, зерттеу пәнін 
диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның сипаттамасына біртұтас 
тұғыр тұрғысынан келу, педагогикалық құбылыстың даму үлгісі болып 
табылатын қарама-қайшылықтарды айқындау, қарастырылып отырған пе-
дагогикалық құбылыстың, үдерістің және басқалардың дамуының заң ды-
лықтарын анықтау сипаттамалары және т.б.) негізі болып табылатын туыс- 
тас ғылымдар көздеріне талдаудан тұруы керек. Ғалымның дидактикалық 
зерттеулердің әдіснамалық негізділігін талдауынан оның материалистік 
диалектиканың заңдары мен категорияларын дидактика мәселесін зерттеуді 
ғылыми қамтамасыз етуге пайдаланғанын байқаймыз.
Оқыту үдерісінің әдіснамалық негіздерін қарастырған кезде оның әдіс-
терін анықтау өте маңызды. Педагогикалық әдебиеттерде мұндай әдістерді 
көптеп кездестіруге болады. Мысалы, Л.В. Занков дидактикалық зерттеу-
де байқау, талдау және тәжірибені жалпылау, дидактикалық эксперимент 
әдістерін қолданған. Ол зерттеудің әдіснамалық аспектісіне көңіл аудару-
ды ескерту және экспериментті педагогикалық зерттеудің жетекші әдісі ре-
тінде қолданады.
Педагогикалық әдебиеттерде дидактикадағы лабораториялық экспе ри-
менттің мүмкіндіктері туралы арнайы қарастырылған. Дидактикалық зерт-
теулердегі лабораториялық эксперимент сенімді мәлімет алуды қамтамасыз 
етеді. Дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін белгілі ресейлік 
ғалым В.И. Загвязинский тұжырымдады, ол дидактикалық зерттеудің жал-
пы ғылымилық және объективтілік ұстанымдарын зерделеді.


1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
102
Педагогикалық зерттеу үшін аса маңыздысы – әрбір зерттеуде нысанның 
тарихы (генетикалық қыры), сонымен қатар оның теориясын (құрылымы), 
қызметтерін, қазіргі жағдайдағы нысанның байланыстарын үйлестіру. 
Тарихи талдау тек белгілі бір педагогикалық тұжырымдама тұрғысынан 
ғана мүмкін болады, ал теориялық талдау нысанның генезисін (шығуы, 
пайда болуы) зерделемейінше мүмкін емес. Қарастырылған ұстанымнан 
сабақтастық, жинақталған тәжірибені және практиканың дәстүрлерін, 
педагогиканың бұрынғы жетістіктерін есепке алу талабы туындайды.
4-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет