Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет43/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
94
тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама-
қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға шақырады. Бұл объективті 
заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әртүрлі формаларының 
өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын 
дамытатын ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге 
көмектеседі.
Ғылымның қазіргі әдіснамасы, соның ішінде педагогикалық әдіснама 
да, теорияның негізін құрайтын бірнеше құрамдардан тұрады:
– фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол тео-
риялық түсіндірмені талап етеді;
– бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу нысанын суреттейтін алғашқы 
болжамдардан және теориялық тұжырымдардан тұрады;
– теорияның логикасы мен құрылымы;
– эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы;
– педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол 
зерттелетін нысан мен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. 
Бұл ретте зерттелетін объектіні қарастыруды кез келген педагогикалық 
теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, болжамдарын, анық 
білімдерге жету ұстанымдары мен тетіктерін қарастырудың қажетті шарты 
ретінде алынады.
Негізгі ұғымдар: ғылыми зерттеу әдістері, ғылыми дәлел, заңдылық
ғылыми ақпараттың анықтығы, жүйе, модель.
Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-
бірімен тығыз байланысты. Әдіснама грек тілінен аударғанда «әдіс туралы 
ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі ту-
ралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория педагогикалық құбылыстардың, 
кез келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен 
табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным үдерісінің нә-
ти жесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып 
та былады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әре- 
к етті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным 
теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және оның мазмұндық не-
гізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге 
же тудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың 
тәсілдерін іздестіреді.
Педагогикалық теориялар: 
1. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы.
2. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы.
3. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы. 
Негізгі ұғымдар: тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, басқару, тұтас пе да-
гогикалық үдеріс теориялары.


95
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
Ғылыми теория – білімдердің жүйесі әрі айналадағы объективті шын-
дықты танудың негізгі құралы. Ғылыми теория мұғалімнің іс-әрекетін та-
нымдық деңгейде талдап, педагогикалық құбылыстардың өзара байла ныс-
тылығын сипаттайды. Осының негізінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің 
теориялық негізі туралы ұғымды, теория мен практиканың өзара әрекеті 
негізінде оны одан әрі дамыту мүмкіншілігін айқындап тереңдетеді.
Педагогикалық теория дегеніміз – педагогикалық сан алуан құбы лыс-
тарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі. Пе да-
гогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана 
қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын ала 
болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық теория мұғалімнің 
педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.
Педагогикада тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, құндылықтар, мек-
теп ті басқару, тұтас педагогикалық үдеріс, т.б. теориялар білім беру ұйым-
дарында кеңінен қолданыс тауып отыр. Тұлғалық-бағдарлық теория адам-
ның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні ту-
ралы мәселені қарастырады. Ол тұлғаны тарихи-қоғамдық даму нәтижесі 
және мәдениетті тасымалдаушы ретінде таниды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет